Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 24 марта 2023 года № 175 «Об утверждении Методики расчета инфраструктурных сборов»

Бұйрық · № 62 · қабылданған 26.02.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2023-no-175/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 24 марта 2023 года № 175 «Об утверждении Методики расчета инфраструктурных сборов» Қолданыста Бұйрық ·№ 62 ·26.02.2025
26.02.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 24 марта 2023 года № 175 «Об утверждении Методики расчета инфраструктурных сборов»

Қолданыста Бұйрық ·№ 62 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 24 марта 2023 года № 175 «Об утверждении Методики расчета инфраструктурных сборов»
Атауы (қаз.)
«Инфрақұрылымдық алымдарды есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 наурыздағы № 175 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
62
Қабылданған күні
26.02.2025
Көрсетілген редакция
26.02.2025 207545_746135.kaz
Соңғы өзгеріс
26.02.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500035757
ЭКБ идентификаторы
207545
Редакция идентификаторы
207545_746135
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:55

0 «Инфрақұрылымдық алымдарды есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 наурыздағы

№ 175 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Инфрақұрылымдық алымдарды есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 наурыздағы № 175 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32121 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-78) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Инфрақұрылымдық алымдарды есептеу әдістемесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әдістеменің мақсаты әуежайдың инфрақұрылым объектілерін, жабдықтары мен техникалық құралдарын пайдаланғаны үшін әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы жерде қызмет көрсету қызметтерін берушілер мен өз әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, жүк пен поштаға өздігімен қызмет көрсететін авиакомпаниялардан алатын инфрақұрылымдық алымды есептеу тетігін айқындау болып табылады.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 қазандағы № 750 бұйрығымен бекітілген Әуежайларда жерде қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидаларының 6, 7-қосымшаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19433 болып тіркелген) жерде қызмет көрсету қызметтерін беруші және жерде өздігімен қызмет көрсететін авиакомпаниялар үшін қолжетімділігі ашық әуежай қызметінің құрамына кіретін жерде қызмет көрсету қызметтерінің тізбесі белгіленген.
Әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы, жерде өздігімен қызмет көрсететін авиакомпаниядан мүлікті, оның ішінде әуежай инфрақұрылымының объектілерін, жабдықты және техникалық құралдарды пайдаланғаны үшін егер авиакомпания осы мүлікті пайдаланғаны үшін инфрақұрылымдық алым төлейтін болса, басқа төлемдер алмайды.
Инфрақұрылымдық алым жерде қызмет көрсету қызметтерін берушілер немесе жерде өздігімен қызмет көрсетуді жүзеге асыратын авиакомпаниялар пайдаланатын әуежайдың мүлкін пайдаланғаны үшін алынады.
Жерде өздігімен қызмет көрсетуді жүзеге асыратын авиакомпания әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушының сұрау салуы бойынша басқа авиакомпанияларға жерде қызметтерін көрсеткен кезде, инфрақұрылымдық алым алынбайды.»;
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы әуежайдың инфрақұрылым объектілерін, жабдықтары мен техникалық құралдарын пайдаланғаны үшін алатын инфрақұрылымдық алым мынадай формула бойынша айқындалады:
IC – қызмет көрсетуге тартылған әуежай инфрақұрылым объектілерін, жабдықтары мен техникалық құралдарын пайдаланғаны үшін бөлінген экономикалық негізделген шығындар, теңге;
AI – қызмет көрсету кезінде тартылған әуежай (әуеайлақ) пайдаланушысының инфрақұрылым объектілерін салуға және реконструкциялауға инвестициялар үлесі, теңге;
Vберуші – жерде қызмет көрсету қызметтерін беруші немесе жерде өздігімен қызмет көрсетуді жүзеге асыратын авиакомпания қызметінің жоспарланатын көлемі;
Vбарлығы – қызметтің жалпы жоспарланған көлемі.
9. Әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы инфрақұрылым объектілерін салуға және реконструкциялауға инвестицияларды жеке, қарыз қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырады.
Жеке қаражат көздері инфрақұрылымдық алымда көзделген амортизациялық аударымдар және пайда болып табылады. Қарыз қаражатын қайтару инфрақұрылымдық алымда көзделген амортизациялық аударымдар және пайда есебінен жүзеге асырылады.
Инфрақұрылымдық алымға енгізілетін шекті пайда қызмет көрсетуге қатысатын әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы инфрақұрылымдық объектілерін салуға және реконструкциялауға жоспарланған инвестициаларды ескере отырып шектеледі.
Әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы, инфрақұрылымдық алымды қалыптастыру рәсімдерінің ашықтығын, жариялылықты, ақпараттандыруды, әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы мен жерде қызмет көрсету қызметтерін беруші, сондай-ақ жерде өздігімен қызмет көрсетуді жүзеге асыратын авиакомпания мүдделерінің теңгерімін сақтауды қамтамасыз ету мақсатында, жыл сайын 1 тамыздан кешіктірмей жерде қызмет көрсету қызметтерін берушілерді және жерде өздігімен қызмет көрсетуді жүзеге асыратын авиакомпанияларды бекітілген инвестициялық жоспарға сәйкес, инфрақұрылымдық объектілерін салуға және реконструкциялауға салынған инвестициялар туралы хабарлайды және жоспарланған инвестициялар туралы талқылау өткізеді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы

Қолданыстағы