О внесении изменений в совместный приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 24 октября 2023 года № 544 и Министра просвещения Республики Казахстан от 24 октября 2023 года № 322 «Об утверждении Правил признания результатов обучения, полученных через неформальное образование, а также результатов признания профессиональной квалификации»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в совместный приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 24 октября 2023 года № 544 и Министра просвещения Республики Казахстан от 24 октября 2023 года № 322 «Об утверждении Правил признания результатов обучения, полученных через неформальное образование, а также результатов признания профессиональной квалификации»
- Атауы (қаз.)
- «Формальды емес білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін, сондай-ақ кәсіптік біліктілікті тану нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 24 қазандағы № 544 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 24 қазандағы № 322 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 119
- Қабылданған күні
- 18.03.2025
- Көрсетілген редакция
- 18.03.2025 208289_752135.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.03.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500035842
- ЭКБ идентификаторы
- 208289
- Редакция идентификаторы
- 208289_752135
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:33
0
«Формальды емес білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін, сондай-ақ кәсіптік біліктілікті тану нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 24 қазандағы № 544 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 24 қазандағы № 322 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1
1. «Формальды емес білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін, сондай-ақ кәсіптік біліктілікті тану нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 24 қазандағы № 544 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 24 қазандағы № 322 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33580 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Формальды емес білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін, сондай-ақ кәсіптік біліктілікті тану нәтижелерін тану қағидаларында:
9, 10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Формальды емес білім берудің оқу нәтижелері мен құзыреттерін салыстыру бағдарламалардың мазмұнын, олардың мақсаттарын және оқу пәнінің силлабусын немесе білім беру бағдарламасының модулін қамту толықтығын зерделеу арқылы жүзеге асырылады
10. Формальды емес білім беруді оқыту нәтижелерін растайтын құжат:
1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары;
2) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес қосымша білім беру ұйымдары, кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары (орталықтары), білім беру қызметіне құқығы бар жұмыс берушілер жанындағы оқу орталықтары немесе жұмыс берушінің өтінімі бойынша жұмыс берушінің жұмыс орны;
3) сұранысқа ие кәсіптер тізбесі бойынша электрондық еңбек биржасы;
4) халықаралық білім беру платформаларындағы (Coursera (курсор), EdX (Эдикс), FutureLearn (Фьючелен), Udacity (Юдасити) жаппай ашық онлайн курстары беретін оқуды аяқтау туралы сертификат немесе куәлік болып табылады:
Куәліктер мен сертификаттардың көлемі (академиялық кредиттерде және (немесе) сағаттарда) және бағалары көрсетіле отырып, бағдарламаның зерделенген курстарының, оқу пәндерінің (модульдерінің) атаулары көрсетілетін еркін нысаны мен қосымшасы болады.
11. Формальды емес білім беруді оқыту нәтижелерін тану үшін білім беру ұйымының бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның бұйрығымен Формальды емес білім беруді оқыту нәтижелерін тану жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.
Комиссияның қызметі туралы ережені, оның құрамын білім беру ұйымы дербес айқындайды.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Білім алушы (тыңдаушы) формальды емес білім берудің оқыту нәтижесін (нәтижелерін) тану үшін академиялық кезеңнің басталуына дейін Комиссияның қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Комиссия төрағасының атына еркін нысанда формальды емес білім берудің оқыту нәтижелерін тану туралы өтініш;
2) формальды емес білім берудің оқыту нәтижелерін растайтын құжат (куәлік және сертификат).»;
21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Формальды емес білім беруді оқыту нәтижелерін тану үшін білім беру ұйымының бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның бұйрығымен Формальды емес білім беруді оқыту нәтижелерін тану жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.
22. Комиссияның қызметі туралы ережені, оның құрамын білім беру ұйымы дербес айқындайды.».
2
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін және ол ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау
министрлігі