Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение Шетского районного маслихата от 24 ноября 2023 года № 6/63 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Ереже · № 22/200 · қабылданған 02.04.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2023-no-663-ekb-208930/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение Шетского районного маслихата от 24 ноября 2023 года № 6/63 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Қолданыста Ереже ·№ 22/200 ·02.04.2025
02.04.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение Шетского районного маслихата от 24 ноября 2023 года № 6/63 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Қолданыста Ереже ·№ 22/200 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение Шетского районного маслихата от 24 ноября 2023 года № 6/63 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Атауы (қаз.)
Шет аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 6/63 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
22/200
Қабылданған күні
02.04.2025
Көрсетілген редакция
02.04.2025 208930_750983.kaz
Соңғы өзгеріс
02.04.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V25KQ674709
ЭКБ идентификаторы
208930
Редакция идентификаторы
208930_750983
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:16

0 Шет аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы №6/63 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Шет аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Шет аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы №6/63 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6529-09 болып тіркелген) шешіміне, келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Жылына 1 рет әлеуметтік көмек көрсету үшін мереке күндерінің және атаулы күндерінің тізбесі:
1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;
2) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;
3) 26 сәуір – Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жою күні;
4) 7 мамыр – Отан қорғаушы күні;
5) 9 мамыр – Жеңіс күні;
6) 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;
7) 6 шілде – Астана күні;
8) 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;
9) 25 қазан – Республика күні;
10) 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.»;
7-тармақтың 4) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына;»;
7-тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«7) 6 шілде – Астана күніне орай:
Қарағанды облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 маусымдағы №41/01 «Қарағанды облысының мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбиеленушілердің тамақтануы үшін шығыстарды өтеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6435-09 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қаулы) сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар көп балалы отбасыларды қоспағанда, Шет ауданының мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында оқитын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасылары - мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында уәкілетті орган бекіткен ата-аналық төлем құнының 50%;»;
7-тармақтың 10) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«10) 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай:
Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысып, Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғалар ішінен саяси қуғын-сүргін құрбандарына;
Қаулыға сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар көп балалы отбасыларды қоспағанда, Шет ауданының мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында оқитын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасылары - мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында уәкілетті орган бекіткен ата-аналық төлем құнының 50%.»;
10-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқан адамдарға;
1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылардың, қоныс аудару күнінде құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймағынан қоныс аударылғандардың (өз еркімен кеткендердің) және Қазақстан Республикасына қоныстанғандардың қатарындағы адамдарға;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге және отын сатып алуға;
Әлеуметтік көмектің мөлшері 12 (он екі) айлық есептік көрсеткіш Мемлекеттік корпорациясы филиалы жылына бір рет қараша айында жылыту маусымында ұсынған тізімдер бойынша азаматтардан өтініштер талап етілмей, кірістер есепке алынбай көрсетіледі.».

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы