Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение Глубоковского районного маслихата от 24 сентября 2024 года № 15/7-VIII «Об определении размеров и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Глубоковскому району»

Өзге акт · № 22/3-VIII · қабылданған 21.04.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2024-no-157-viii/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменения в решение Глубоковского районного маслихата от 24 сентября 2024 года № 15/7-VIII «Об определении размеров и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Глубоковскому району» Қолданыста Өзге акт ·№ 22/3-VIII ·21.04.2025
21.04.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в решение Глубоковского районного маслихата от 24 сентября 2024 года № 15/7-VIII «Об определении размеров и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Глубоковскому району»

Қолданыста Өзге акт ·№ 22/3-VIII · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение Глубоковского районного маслихата от 24 сентября 2024 года № 15/7-VIII «Об определении размеров и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Глубоковскому району»
Атауы (қаз.)
Глубокое аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 қыркүйектегі № 15/7-VIII «Глубокое ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерлері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
22/3-VIII
Қабылданған күні
21.04.2025
Көрсетілген редакция
21.04.2025 209587_754997.kaz
Соңғы өзгеріс
21.04.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V25VI919116
ЭКБ идентификаторы
209587
Редакция идентификаторы
209587_754997
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:58

0 Глубокое аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 қыркүйектегі

№ 15/7-VIII «Глубокое ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерлері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау
туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Глубокое аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 қыркүйектегі № 15/7-VIII «Глубокое ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерлері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9088-16 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
2 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Глубокое ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі айқындалсын:
Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;
мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
қандастар;
экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
толық емес отбасылар;
асырауында кәмелетке толмаған балалары және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын, бірақ жиырма үш жасқа толмаған балалары бар жесір әйелдер (тұл ер адамдар) жатады.».

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы