Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата района Тереңкөл Павлодарской области от 24 мая 2024 года № 5/18 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в районе Тереңкөл»

Өзге акт · № 2/51 · қабылданған 31.08.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2024-no-518/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата района Тереңкөл Павлодарской области от 24 мая 2024 года № 5/18 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в районе Тереңкөл» Күшіне енбеген 31.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в решение маслихата района Тереңкөл Павлодарской области от 24 мая 2024 года № 5/18 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в районе Тереңкөл»

Күшіне енбеген Өзге акт № 2/51 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата района Тереңкөл Павлодарской области от 24 мая 2024 года № 5/18 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в районе Тереңкөл»
Атауы (қаз.)
«Тереңкөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 мамырдағы № 5/18 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
2/51
Қабылданған күні
31.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
14.09.2026
Көрсетілген редакция
31.08.2026 229486_838428.kaz
Соңғы өзгеріс
31.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V26PH039764
ЭКБ идентификаторы
229486
Редакция идентификаторы
229486_838428
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.09.2026 03:30
Акт күшіне енбеген. Қабылданған, бірақ әлі қолданысқа енгізілмеген. Қолданысқа енгізілу күні — 14.09.2026.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Тереңкөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 мамырдағы № 5/18 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 мамырдағы № 5/18 «Тереңкөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7548-14 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабының 5-тармағына сәйкес Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
аталған шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Тереңкөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы»;
көрсетілген шешімнің 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Павлодар облысы Тереңкөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары айқындалсын.»;
Көрсетілген шешімнің қосымшасында айқындалған Тереңкөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Павлодар облысы «Тереңкөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Павлодар облысы Тереңкөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары

Шешіміне қосымша
Павлодар облысы
Тереңкөл аудандық
мәслихатының 2024 жылғы
24 мамырдағы № 5/18
шешіміне қосымша
Павлодар облысы Тереңкөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің
мөлшері мен қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Павлодар облысы Тереңкөл ауданында тұратын жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, көрсетілетін қызметті алушыларға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
ағымдағы және жинақтау жарналарын;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау «Тереңкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – қызмет беруші) жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі –көрсетілетін қызмет алушы) тегін негізде көрсетіледі.

2-тарау. Павлодар облысы Тереңкөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есептейді.

4. Тұрғын үй көмегі ағымдағы және жинақтау жарналарын, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде 5 (бес) пайыз мөлшерінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қағидалардың 4-1 тармағына сәйкес нормалар шегінде есептейді.

5. Телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің өсуін өтеу «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе «цифрлық үкімет» веб-порталына қағидаларға сәйкес тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не «цифрлық үкімет» веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.

7. Тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушыларға бюджет қаражаты есебінен жеткізушілер ұсынған ағымдағы және жинақтау жарналары бойынша ай сайынғы шығыстар туралы шоттар және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге арналған шоттар негізінде көрсетіледі.

8. Тұрғын үй көмегін тағайындау көрсетілетін қызметті алушыларға тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

9. Көрсетілетін қызметті алушыларға тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.