Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан от 24 июня 2025 года № 147-НҚ «Об утверждении Правил субсидирования стоимости услуг по подаче воды сельскохозяйственным товаропроизводителям»

Бұйрық · № 256-НҚ · қабылданған 19.08.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 26.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2025-no-147-ekb-229153/on/2026-08-26/
Басып шығарылды 2026-08-26 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан от 24 июня 2025 года № 147-НҚ «Об утверждении Правил субсидирования стоимости услуг по подаче воды сельскохозяйственным товаропроизводителям» Қолданыста Бұйрық ·№ 256-НҚ ·19.08.2026
19.08.2026 редакциясы
26.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан от 24 июня 2025 года № 147-НҚ «Об утверждении Правил субсидирования стоимости услуг по подаче воды сельскохозяйственным товаропроизводителям»

Қолданыста Бұйрық ·№ 256-НҚ · 26.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан от 24 июня 2025 года № 147-НҚ «Об утверждении Правил субсидирования стоимости услуг по подаче воды сельскохозяйственным товаропроизводителям»
Атауы (қаз.)
«Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 24 маусымдағы № 147-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
256-НҚ
Қабылданған күні
19.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
25.08.2026
Көрсетілген редакция
19.08.2026 I229153_0.kaz
Соңғы өзгеріс
19.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039650
ЭКБ идентификаторы
229153
Редакция идентификаторы
I229153_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
25.08.2026 03:30

0 «Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 24 маусымдағы № 147-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі 2025 жылғы 24 маусымдағы № 147-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36333 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау қағидаларында:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) суаратын су беру бойынша көрсетілетін қызметтер – су көзінен (өзен, суландыру жүйесі, сутаратқыш, субөлгіш, жерлерді суаруға арналған жерасты сулары (бұдан әрі – жерасты сулары)) су алу, сутартқыштар (каналдар, құбыр жолдар) арқылы тасымалдау мен бөлу жолымен су беру және су бөлу нүктелеріне және АШТӨ-лердің жайылма танаптарына су беру, ылғалдандыру суаруын жүргізуге, сондай-ақ сортаңданған топырақты шаюға;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. «Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін облыстардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
«Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшада жазылған.
Субсидиялар осы Қағидаларда белгіленген тәртіпке сәйкес жыл сайын мынадай бағыттар бойынша беріледі:
1) АШТӨ су беру бойынша;
2) жерасты суларын пайдалану кезінде АШТӨ үшін электр энергиясының құнын арзандату.
Бұл ретте су үнемдеу технологияларын қолдана отырып жерасты суларын пайдалану кезінде су көтеру және суаратын суды беру үшін нақты пайдаланылған электр энергиясына АШТӨ-лердің шығындары субсидиялауға жатады.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Субсидиялау мыналарды қамтитын мемлекеттік қолдаудың екі деңгейлі жүйесі шеңберінде жүзеге асырылады:
1) бірінші деңгей – жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылар өтінімдерінің эталондық электрондық тізілімін қамтитын, екінші деңгейдегі жүйелермен интеграцияланған тіркеу жүйесі, онда түпкілікті форматтан кейінгі логикалық бақылау арқылы жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушының жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының пайдаланылуы мен оларды алушыларға мониторинг жүргізу қағидалары шеңберінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын базалық талаптарға сәйкестігі айқындалады;
2) екінші деңгей – жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылардан өтінімдерді қабылдау, оларды форматтық-логикалық бақылауды қолдана отырып өңдеу және өңделген өтінімдерді бірінші деңгейге беру олар арқылы жүзеге асырылатын салалық мемлекеттік немесе мемлекеттік емес цифрлық жүйелер.
Екінші деңгейдегі цифрлық жүйелер жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылардан заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ тіркеушінің дербес деректерді жинауына, өңдеуіне, сақтауына, түсіруіне және пайдалануына келісімін алуды қамтамасыз етеді.»;
11-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) су шаруашылығы құрылысжайының (ұңғыма, құдық) паспорты мен пайдалану қағидаларының болуы, сондай-ақ су үнемдеу технологияларын қолдана отырып жерасты суларын пайдалану кезінде электр энергиясының құнын өтеу барысында, су жинау құрылысжайының өзінде (ұңғымада, құдықта) орнатылған электр энергиясын есепке алу аспаптарының болуы;»;
12, 13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Өтінімдерді қабылдау жер учаскесінің орналасқан жері бойынша тиісті жылдың 1 мамырынан 15 желтоқсанына дейін (қоса алғанда) осы вегетациялық кезең ішінде нақты пайдаланылған су көлемі үшін жүзеге асырылады.
13. Жерүстімен суару кезінде сатып алынған суармалы судың 1 (бір) м3 үшін субсидия мөлшері күріш дақылдары бойынша:
1) 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін:
- алқаптарды тегістеу жабдықтарын (лазерлік/ спутниктік тегістегіш, скрепер тегістегіш) (бұдан әрі - алқаптарды тегістеу жабдықтары) қолданған жағдайда қосылған кұн салығынсыз (бұдан әрі - ҚҚС) тарифтің 50 (елу) пайызын (бұдан әрі - %);
- алқаптарды тегістеу жабдықтарын қолданбаған жағдайда ҚҚС-сыз тарифтің 30 (отыз) %;
2) 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап: алқаптарды тегістеу жабдықтарын қолданған жағдайда тарифтің ҚҚС-сыз 30 (отыз) %;
3) Атырау, Ақтөбе, және Батыс Қазақстан облыстарында механикаландырылған су көтеру арқылы жайылма суару жүйелерін қолдана отырып өсірілетін көпжылдық шөптер үшін ҚҚС-сыз тарифтің 85 (сексен бес) %-ын құрайды.
14. Су үнемдеу технологияларын (тамшылатып, жаңбырлатып (алдыңғы, айналмалы, барабанды), спринклерлі) пайдаланбай суару кезінде сатып алынатын суару суының 1 (бір) м3 үшін субсидия мөлшері 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін су беру тәсілдеріне қарамастан тарифтерге (ҚҚС-сыз) % қатынаста сараланып белгіленеді және мыналарды құрайды:
Атауы
2026 жыл
2027 жыл
2028 жыл
м3-ге 2,0 (екі) теңгеге дейін
30%
20%
10 %
м3-ге 2,01 (екі бүтін жүзден бір) теңгеден 4,0 (төрт) теңгеге дейін
35%
25%
15 %
м3-ге 4,01 (төрт бүтін жүзден бір) теңгеден 9,0 (тоғыз) теңгеге дейін
40%
30%
20%
м3-ге 9,01 (тоғыз бүтін жүзден бір) теңгеден 15,0 (он бес) теңгеге дейін
45%
35%
25 %
м3-ге 15,01 (он бес бүтін жүзден бір) теңгеден 20,0 (жиырма) теңгеге дейін
50%
40%
30 %
м3-ге 20 (жиырма) теңгеден жоғары
55%
45%
35 %
»;
мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
«15-1. Су үнемдеу технологияларын (тамшылатып, жаңбырлатып (алдыңғы, айналмалы, барабанды), спринклерлік) қолдана отырып суару кезінде сатып алынған электр энергиясының 1 (бір) кВт үшін субсидия мөлшері су беру тәсіліне қарамастан тарифтерге (ҚҚС-сыз) % қатынаста сараланып белгіленеді және мыналарды құрайды:
кВт-на 25 (жиырма бес) теңгеге дейін
60 %
кВт-на 25,01 (жиырма бес бүтін жүзден бір) теңгеден 35 (отыз бес) теңгеге дейін
65 %
кВт-на 35,01 (отыз бес бүтін жүзден бір) теңгеден 40,0 (қырық) теңгеге дейін
70 %
кВт-на 40,01 (қырық бүтін жүзден бір) теңгеден 45,0 (қырық бес) теңгеге дейін
75 %
кВт-на 45,01 (қырық бес бүтін жүзден бір) теңгеден 50 (елу) теңгеге дейін
80 %
кВт-на 50 (елу) теңгеден жоғарғы
85 %
»;
16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Субсидия мөлшері:
1) сатып алынған суаратын судың 1 (бір) м3 арналған субсидия мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:
S = T * %, тарифтердің бекітілген мөлшеріне сәйкес,
мұнда:
S – сатып алынған суаратын судың м3 арналған субсидия мөлшері, теңгемен;
T – м3-ге бекітілген тариф (ҚҚС-сыз), теңгемен.
2) сатып алынған жерасты суларын пайдаланған кезде электр энергиясының 1 (бір) кВт арналған субсидия мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:
S = T * % тарифтердің бекітілген мөлшеріне сәйкес,
мұнда:
S – сатып алынған электроэнергияның кВт-на арналған субсидия мөлшері, теңгемен;
T – кВт-на теңгемен бекітілген тариф (ҚҚС-сыз).»;
17. Субсидияланатын суаратын судың көлемі Қазақстан Республикасы Су кодексінің талаптарына сәйкес бассейндер мен облыстар бөлінісінде арнайы су пайдалануға берілген рұқсат көлемінен және су пайдалану лимитінен аспауы тиіс.»;
23-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:
«Өтінім резервке (күту парағына) түскен кезде АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушы) толық көлемде төлем жүргізеді.
Бюджет қаражатының түсуіне қарай, су беруші субсидияны қайта есептеуді жүзеге асырады.»;
2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су үнемдеу технологияларын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі

1 Су беру бойынша көрсетілетін қызметтерге субсидиялар алуға арналған өтінім 20 __ жылғы ____________ айы үшін

Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрі
2026 жылғы 19 тамыздағы
№ 256-НҚ Бұйрығына
1 қосымша
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтерд құнын субсидиялау қағидаларына
2-қосымша
Нысан
(Кімге) ____________________
(облыстың жергілікті атқарушы
органы) (кімнен)
___________________________
(заңды тұлғаның атауы немесе
жеке тұлғаның (дара кәсіпкердің)
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Су беру бойынша көрсетілетін қызметтерге субсидиялар алуға арналған өтінім
20 __ жылғы ____________ айы үшін
1. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (ауыл шаруашылығы кооперативі)
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________;
(атауы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, байланыс телефоны)
2. Өтінім беруші туралы мәліметтер:
1) өтінім берушінің мекенжайы ____________________________________
(индекс, әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішінің коды, қала, аудан, облыс, көше, үй, телефон)
2) өтінім берушінің деректемелері __________________________________
_______________________________________________________________;
(жеке тұлғалар (дара кәсіпкер) үшін –жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғалар үшін – бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), бірінші басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және жеке сәйкестендіру нөмірі)
3) дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама –жеке тұлға үшін __________________________________________________;
4) кәсіпкерлік субъектісінің санаты ________________________________;
5) экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша коды (ЭҚТЖ) ____________________________________.
3. Ауыл шаруашылығы кооперативінің мүшелері туралы мәліметтер:

Жер учаскесі тіркелген ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің атауы
Жер учаскесі тіркелген ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің БСН-сы/ЖСН-сы
1
2
3
4. Жер пайдалану немесе жеке меншік құқығында тиесілі жер учаскесіне сәйкестендіру және (немесе) құқық белгілейтін құжат.
Р/с №
Суармалы танаптың кадастрлық нөмірі
Алаңы, гектар (бұдан әрі – га)
Нысаналы мақсаты
Жер учаскесі иесінің немесе жер пайдаланушының атауы
барлығы
оның ішінде суармалы
1
2
3
4
5
6
Жүктеу
Суармалы танаптың алаңы осы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында тиесілі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің алаңынан аспайды.
5. Суару көзі туралы мәліметтер:
1) су көзінің атауы _____________________________________________;
(өзен, суландыру жүйесі, сутаратқыш, субөлгіш, жерлерді суаруға арналған жерасты сулары)
2) су берушінің тарифі (теңгемен) ________________________________;
3) су берушімен жасалған су беру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну туралы шарттың көшірмесі ________________________________;
4) бірлік өлшемдерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген есепке алу аспабының не өлшеу құралы мен құрылғысының атауы, су үнемдейтін технологияларды енгізу актісінің нөмірі және күні _________________________________________________________.
6. Ауыл шаруашылығы дақылдарының өсірілетін түрлері бойынша суаратын суды тұтыну көлемі:
Егі­ле­тін да­қыл
Егіс ала­ңы, га
оның ішін­де су­а­ру тә­сіл­де­рі бой­ын­ша
же­рү­сті­мен су­а­ру, га
там­шы­ла­тып (то­пы­рақ асты) су­а­ру, га
ай­нал­ма­лы жаң­быр­лат­қыш ма­ши­на, га
ал­дың­ғы жа­ғы­нан жаң­быр­лат­қыш ма­ши­на, га
ба­ра­бан тип­ті жаң­быр­лат­қыш ма­ши­на, га
сприн­клер­лік су­а­ру жүй­е­сі, га
Жүк­теу
кестенің жалғасы
су тұтыну көлемі, мың текше метр (бұдан әрі – м3)
жерүстімен суару
тамшылатып (жерасты) суару
айналдыра жаңбырлатып суаратын машина
алаң, га
су тұтынудың үлестік нормасы, м3/га
су тұтыну көлемі, м3/га
алаң, га
су тұтынудың үлестік нормасы, м3/га
су тұтыну көлемі, м3/га
алаң, га
су тұтынудың үлестік нормасы, м3/га
су тұтыну көлемі, м3/га
Жүктеу
кестенің жалғасы
су тұтыну көлемі, мың текше метр м3
алдыңғы жағынан жаңбырлатып суаратын машина
барабан типті жаңбырлатқыш машина
спринклерлі суару жүйесі
аалаң, га
су тұтынудың үлестік нормасы, м3/га
су тұтыну көлемі, м3/га
аалаң, га
су тұтынудың үлестік нормасы, м3га
су тұтыну көлемі, м3/га
алаң, га
су тұтынудың үлестік нормасы, м3/га
су тұтыну көлемі, м3/га
Жүктеу
кестенің жалғасы
Атырау, Ақтөбе, және Батыс Қазақстан облыстарында механикаландырылған су көтеру арқылы жайылма суару жүйелерін қолдана отырып өсірілетін көпжылдық азықтық дақылдар үшін, м3
алаң, га
су тұтынудың үлестік нормасы, м3/га
су тұтыну көлемі, м3/га
Жүктеу
6.1. Егістік алқыптарды жоспарлауға арналған жабдықты қолдана отырып (лазерлік/ спутниктік жоспарлағыш, скрепер жоспарлағыш), күріш дақылдары үшін
Жабдықтың атауы (модель/маркасы)
Жабдықтың қуаты
1дана га
Жабдықтың техникалық паспорты
Саны, бірлік
Ауданы, га
Меншікті су тұтыну, м3/га
Судың тұтыну көлемі, м3
7. Ауыл шаруашылығы туарын өндірушілерге су беру кезінде:
Егіс алаңы, га_________________________________________;
Су тұтынудың жалпы көлемі, м3________________________________.
8. Жер асты суларын пайдалану ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге электр энергиясының құнын өтеу кезінде:
Энергия тұтыну көлемі, кВт_____________________;
Ұңғымалар саны_____________________;
Сорғы жабдығының саны мен маркалары_____________________;
Ұңғымаларды пайдалануға берген жылы_____________________;
Ұңғымалардың жалпы дебиті (м3/тәулік) _____________________;
Суармалы алаң, га _____________________;
Рұқсат етілген су көлемі (рұқсат нөмірі, берілген күні, рұқсат берген ұйымның атауы) _________________________________.
9. Су берушінің екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы шоты туралы мәліметтер:
1) банктің атауы__________________________________________;
2) субсидияларды алу үшін екінші деңгейдегі банктегі банктік шоттың деректемелері_____________________;
3) банктік сәйкестендіру коды_____________________;
4) корреспонденттік шот _____________________;
5) БСН_____________________;
6) бенефициар коды _____________________.
10. Алынған суармалы судың төлем құжаттары, шот-фактурасы туралы мәліметтер:
Электрондық шот-фактура:
1) Құжаттың нөмірі___________________________________________;
Берілген күні___________________________________________;
Кіммен берілді______________________________________________.
2) Төлем құжаты:
Төлем құжатының нөмірі_________________________;
Берілген күні_________________________.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілген қызмет бойынша деректерді бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға беруге келісім беремін.
Өтінім беруші 20___жылғы «__» сағат_____ қол қойып, жіберді.
Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер
ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты
Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:
Өтінім 20___жылғы «__» сағат____ қабылданды.
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты.

2 «Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау» бағдарламасы бойынша субсидия беру туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрі
2026 жылғы 19 тамыздағы
№ 256-НҚ Бұйрығына
2 қосымша
Ауыл шаруашылығы
тауарларын өндірушілерге су
беру бойынша көрсетілетін
қызметтердің құнын
субсидиялау қағидаларына
3-қосымша
Нысан
«Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау» бағдарламасы бойынша субсидия беру туралы хабарлама
Құрметті _______________________________________________________
(ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы)
Сіздің 20___ жылғы «__» _________ №__________ өтініміңіз бойынша су
берушінің/ су алушының №__________ есептік шотына 20___ жылғы «__»
__________ төлем тапсырмасымен ___________ теңге мөлшерінде субсидия
сомасы аударылғаны туралы хабарлаймыз.

Қолданыстағы