Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Жамбылского района от 24 июня 2025 года № 263 «Об утверждении Правил организации и проведения мероприятий по текущему или капитальному ремонту фасадов, кровли многоквартирных жилых домов, направленных на придание единого архитектурного облика Жамбылскому району»

Қаулы · № 316 · қабылданған 27.08.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2025-no-263/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Жамбылского района от 24 июня 2025 года № 263 «Об утверждении Правил организации и проведения мероприятий по текущему или капитальному ремонту фасадов, кровли многоквартирных жилых домов, направленных на придание единого архитектурного облика Жамбылскому району» Күшіне енбеген 27.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в постановление акимата Жамбылского района от 24 июня 2025 года № 263 «Об утверждении Правил организации и проведения мероприятий по текущему или капитальному ремонту фасадов, кровли многоквартирных жилых домов, направленных на придание единого архитектурного облика Жамбылскому району»

Күшіне енбеген Қаулы № 316 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Жамбылского района от 24 июня 2025 года № 263 «Об утверждении Правил организации и проведения мероприятий по текущему или капитальному ремонту фасадов, кровли многоквартирных жилых домов, направленных на придание единого архитектурного облика Жамбылскому району»
Атауы (қаз.)
«Жамбыл ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Жамбыл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 24 маусымдағы № 263 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
316
Қабылданған күні
27.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
13.09.2026
Көрсетілген редакция
27.08.2026 229496_837852.kaz
Соңғы өзгеріс
27.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26DG00316A
ЭКБ идентификаторы
229496
Редакция идентификаторы
229496_837852
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.09.2026 03:32
Акт күшіне енбеген. Қабылданған, бірақ әлі қолданысқа енгізілмеген. Қолданысқа енгізілу күні — 13.09.2026.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0

«Жамбыл ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Жамбыл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 24 маусымдағы № 263 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жамбыл ауданының бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Жамбыл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 24 маусымдағы № 263 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
«Жамбыл ауданының елді мекендеріне біріңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу, жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
көрсетілген қаулының 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

1. «Жамбыл ауданының елді мекендеріне біріңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу, жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы.»;

Жамбыл ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

1. Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен «Жамбыл ауданының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде ресми жариялауға жіберуді;

2) осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнен кейін Жамбыл ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Жамбыл ауданы әкімдігінің

2026 жылғы № 316 қаулысына қосымша
Жамбыл ауданына бірыңғай сәулеттік келбетті беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Жамбыл ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі ісшараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-3 бабының 2-тармағы 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және Жамбыл ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, лифтілер, шатырлар, кіреберіс жерлердегі қорғауыштар (қалқалар), шатырастылар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үй тұрған жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлік);
2) көппәтерлі тұрғын үй – ортақ үлестік меншік болып табылатын кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінен және көппәтерлі тұрғын үйге іргелес жатқан жер учаскесіне не кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің өзге де бөліктеріне дербес шығатын жерлері бар екі және одан көп пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан тұратын, біртұтас бөлінбейтін жер учаскесінде біртұтас іргетасы бар жеке тұрған ғимарат;
3) көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) - кондоминиум объектісін басқаруға байланысты шешімдерді ұжымдық талқылауын және (немесе) қабылдауын қамтамасыз ететін кондоминиум объектісін басқарудың жоғары органы.

2-тарау. Елді мекендерде бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі

3. "Жамбыл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Жамбыл ауданның елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік келбет беру үшін сыртқы қабырғаларға, шатырларын реконструкциялауға, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жүргізуді талап ететін көп пәтерлі тұрғын үйлердің тізбесін айқындайды.
4. "Жамбыл ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлім" мемлекеттік мекемесі Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген көп пәтерлі тұрғын үйлердің тізбесін айқындағаннан кейін Жамбыл ауданның елді мекендеріне бірыңғай сәулет келбетін әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етеді.
5. Жамбыл ауданының әкімдігі мынадай жұмыстарды ұйымдастырады:
1)көп пәтерлі тұрғын үйдің пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының (олар болған кезде) меншік иелерін әкімдіктің ресми интернет-ресурсында Жамбыл ауданының елді мекендерінің бірыңғай сәулеттік келбетінің жобасымен таныстыру;
2) көп пәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері мен тұрғын емес үй-жайларының (олар болған кезде) меншік иелерін жоспарланатын жұмыстар және оларды өткізудің болжамды мерзімдері туралы ақпараттандыру;
3) көп пәтерлі тұрғын үйдің сыртқы қабырғасына, шатырын реконструкциялауына, жөндеу жұмыстарын жүргізуге келісу немесе келіспеу туралы шешім қабылдау үшін пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың (бар болса) меншік иелерінің жиналысын ұйымдастыру және өткізу.
6. Пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының жартысынан астамы жиналысқа қатысқанда жиналыс шешім қабылдайды.
7. Жиналыс теріс шешім қабылдаған жағдайда көппәтерлі тұрғын үйдің сыртқы қабырғасын, шатырын реконструкциялау, жөндеу бойынша бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған жұмыстар жүргізілмейді.
8. Жиналыс оң шешім қабылдаған кезде Бөлім құрылыс нормаларының талаптарына сәйкес жұмыс көлемін, жөндеу типін (ағымдағы немесе күрделі) анықтау және олардың физикалық тозу дәрежесін белгілеу үшін әрбір көппәтерлі тұрғын үйдің сыртқы қабырғасының, шатырының техникалық жай-күйін тексеруді ұйымдастырады.
9. Жұмыс көлемін, жөндеу типін (ағымдағы немесе күрделі) айқындау үшін әрбір көп пәтерлі тұрғын үйдің сыртқы қабырғасының, шатырының техникалық жай-күйін тексеру жөніндегі ұйымды таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
10. Көп пәтерлі тұрғын үй сыртқы қабырғасының, шатырының техникалық жай-күйін тексеру қорытындысы бойынша Бөлім бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған сыртқы қабырғаларды, шатырды күрделі жөндеуге ағымдағы жөндеудің сметалық есебін әзірлеу немесе жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау бойынша жұмысты ұйымдастырады, кейіннен жергілікті бюджет қаражаты есебінен сараптама қорытындысын алады.
11. Бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көп пәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды сатып алуды Бөлім Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырады.
12. Бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көп пәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау,ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды қабылдауды техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғаларды тарта отырып Бөлім жүзеге асырады.
13. Жамбыл ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көп пәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру жергілікті бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.