Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 25 февраля 1992 года № 152

Қаулы · № 1209 · қабылданған 30.11.1998
Заңдық күші: Күшін жойған · 03.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-1992-no-152/on/2026-09-03/
Басып шығарылды 2026-09-03 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 25 февраля 1992 года № 152 Күшін жойған Қаулы ·№ 1209 ·30.11.1998
25.07.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
03.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 25 февраля 1992 года № 152

Күшін жойған Қаулы ·№ 1209 · 03.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 25 февраля 1992 года № 152
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 25 ақпандағы № 152 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1209
Қабылданған күні
30.11.1998
Көрсетілген редакция
25.07.2024 1635_713041.kaz
Соңғы өзгеріс
25.07.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P980001209_
ЭКБ идентификаторы
1635
Редакция идентификаторы
1635_713041
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:27

0 Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 25 ақпандағы № 152 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.07.2024 № 601 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Азаматтарды анықтау, алдын-ала тергеу, прокуратура органдарына немесе сотқа шақыруға байланысты олардың шығындарын өтеу мен оларға сыйақы төлеудің тәртібі мен мөлшері туралы нұсқауды бекіту туралы" 1992 жылғы 25 ақпандағы N 152 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 6, 107-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтарды анықтау, алдын-ала тергеу, прокуратура органдарына немесе сотқа шақыруға байланысты олардың шығындарын өтеу мен оларға сыйақы төлеудің тәртібі мен мөлшері туралы нұсқауда:
6-тармақтағы "Алматы қаласына тәулігіне 25 сом және 20 сом" деген сөздер "айлық есепті көрсеткіштің екіден бірі" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтағы "6 сомнан 7 сом 50 тиынға" деген сөздер "айлық есепті көрсеткіштің тоғыздан біріне" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақта:
төртінші абзацта:
"181 сом 30 тиын" деген сөздер "5 айлық есепті көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын;
"7 сом 55 тиын" және "4 сом 53 тиын" деген сөздер "айлық есепті көрсеткіштің оннан бірі" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші абзацта:
"123 сом 40 тиын" деген сөздер "айлық есепті көрсеткіштің екіден бірі" деген сөздермен ауыстырылсын;
"5 сом 15 тиын" және 3 сом 09 тиын" деген сөздер "айлық есепті көрсеткіштің оннан бірі" деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші абзацта:
"5 сом 80 тиыннан 6 сом 60 тиынға дейін" деген сөздер "айлық есепті көрсеткіштің тоғыздан біріне" деген сөздермен ауыстырылсын.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қолданыстағы