О работе акимов Бородулихинского и Катон-Карагайского районов по выполнению постановления Правительства Республики Казахстан от 25 февраля 1998 года №139 "О дополнительных мерах по осуществлению экономических реформ в сельском хозяйстве"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О работе акимов Бородулихинского и Катон-Карагайского районов по выполнению постановления Правительства Республики Казахстан от 25 февраля 1998 года №139 "О дополнительных мерах по осуществлению экономических реформ в сельском хозяйстве"
- Атауы (қаз.)
- Бородулиха және Катонқарағай аудандары әкімдерінің "Ауыл шаруашылығында экономикалық реформаларды жүзеге асыру жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 ақпандағы № 139 Қаулысын орындау жөніндегі жұмысы туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 561
- Қабылданған күні
- 10.08.1998
- Көрсетілген редакция
- 10.08.1998 1261_258924.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.08.1998
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V98V0000070
- ЭКБ идентификаторы
- 1261
- Редакция идентификаторы
- 1261_258924
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:35
0 Бородулиха және Катонқарағай аудандары әкімдерінің "Ауыл шаруашылығында экономикалық реформаларды жүзеге асыру жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 ақпандағы № 139 Қаулысын орындау жөніндегі жұмысы туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі № 100 шешімімен.
"Ауыл шаруашылығында экономикалық реформаларды жүзеге асыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысын басшылыққа ала отырып, Бородулиха және Катонқарағай аудандарының әкiмдерi аграрлық секторда экономикалық қатынастарды жетiлдiру және ауылшаруашылығы кәсiпорындарын қаржылық сауықтыру жөнiнде белгiлi жұмыс жүргiзуде.
Үкiмет қаулысына сәйкес аудандарда ауыл шаруашылығында реформаларды тереңдету және жарамсыз ауыл шаруашылығы ұйымдарының экономикалық дағдарыстан шығуы мәселелерi бойынша үлгiлi Ұсыныстарды нақтылы жүзеге асыру жөнiнде комиссиялар құрылып, жұмыс iстеуде. Олар барлық құрылған және жұмыс iстеушi ауылшаруашылығының шаруашылық жүргiзушiлерi субъектiлерiнiң экономикалық және қаржылық жағдайын зерттеудi аяқтады. Соның нәтижесiнде Бородулиха ауданы ауылшаруашылығы құрылымдарының 20 процентi және Катонқарағай ауданы ауыл шаруашылығы құрылымдарының 9 процентi жарамсыз санаттарына жатқызылды.
Жарамсыз шаруашылық субъектiлерге реабилитациялық процедура, санациялау және банкроттыққа жатқызу кешенiн нақтылы жүзеге асыру жөнiнде жұмыс жүйесi жетiлдiрiлуде, селода нарықтық инфрақұрылым объектiлерi қалыптастырылады.
Ауыл шаруашылығын реформалау жөнiнде атқарылған жұмыс аудандардың ауылшаруашылығы тауар өндiрушiлерiн шаруашылықты жүргiзудiң нарықтық жағдайларына бейiмдеуге, олардың өндiрiстiк және қаржылық жұмыстың жағдайына жауапкершiлiгiнiң артуына ығпал еттi.
Мұнымен қатар Бородулиха және Катонқарағай аудандарының әкiмдерiнiң ауылшаруашылығында экономикалық реформаны тереңдету жөнiндегi жұмысы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң осы мәселе жөнiндегi талаптарына толық сай келмейдi.
Жарамсыз ауыл шаруашылығы құрылымдарын нақтылы сауықтыру үшiн банкроттыққа жатқызу процедурасы жеткiлiктi толық пайдаланылмауда және ұзаққа созылуда. Реабилитациялау мен санациялауды талап ететiн шаруашылықтардың барлығына бiрдей экономикалық дағдарыстан шығу бағдарламасы жасалды деп айтуға болмайды.
Катонқарағай ауданында ауылшаруашылығына инвесторлар тарту, жарамсыз шаруашылық субъектiлерiн басқаруға беру немесе оларды сату жөнiнде жұмыс қанағаттанғысыз жүргiзiлуде. Мұнда бiрыңғай ақпараттық-маркетингтiк қызмет құруда, нарықтық инфрақұрылым объектiлерiн дамытуда айтарлықтай алға жылжу жоқ.
Бородулиха және Катонқарағай аудандары әкiмдерiнiң тарапынан жер реформасының барысына, ауыл шаруашылығында қамсыздандыру iсiн дамытуға бақылау жасау нашарлаған.
Жоғарыда баяндалғандардың негiзiнде және селода экономикалық реформаны жүргiзудi тездету мақсатында ШЕШIМ қабылдаймын:
1. Бородулиха (Сапоров Б.С.), Катонқарағай (Сейітов А.С.) аудандары әкiмдерiнiң "Ауыл шаруашылығында экономикалық реформаларды жүзеге асыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 25 ақпандағы 139 Қаулысын орындау жөнiндегi жұмысының жеткiлiксiздiгi атап көрсетiлсiн.
2. Бородулиха және Катонқарағай аудандарының әкiмдерi, облыстың басқа аудандары мен қалаларының әкiмдерi ауыл шаруашылығында реформаларды одан әрi тереңдетудi басты мiндет деп санасын және бұл жөнiндегi жұмысты жеке өздерi басқарсын, оған қажеттi динамизм және жүйелiлiк берсiн, атқарушы органдардың оны жүзеге асырудың барысына жауапкершiлiктерiн арттырсын. Жер реформасын нақты жүзеге асыру, қожайындардың өз жер үлестерiне және мүлiктiк пайларына ешбiр кедергiсiз иелiк етуi, мүлiкпен және жермен азаматтық-құқылық келiсiмдердi Заңды ресiмдеу, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi қолданылып жүрген заңдылыққа сәйкес тiркеу үшiн бақылау орнатылсын.