Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 ноября 1999 года N 1781

Қаулы · № 1517 · қабылданған 26.11.2001
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-1999-n-1781/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 ноября 1999 года N 1781 Күшін жойған Қаулы ·№ 1517 ·26.11.2001
23.01.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 ноября 1999 года N 1781

Күшін жойған Қаулы ·№ 1517 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 ноября 1999 года N 1781
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 25 қарашадағы N 1781 қаулысына өзгерiс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1517
Қабылданған күні
26.11.2001
Көрсетілген редакция
23.01.2008 AI10464_2.kaz
Соңғы өзгеріс
23.01.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P010001517_
ЭКБ идентификаторы
10464
Редакция идентификаторы
AI10464_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 23:28

0 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 25 қарашадағы N 1781 қаулысына өзгерiс енгізу туралы

Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.01.23. N 58 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне бiлiм беру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 11 маусымдағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1 1. "Мемлекеттiк бiлiм гранты туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 25 қарашадағы N 1781 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 52, 512-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк бiлiм гранты туралы ережелерде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттiк бiлiм гранттары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурстық негiзде бөлiнедi.
"Алтын белгi" белгiсiмен марапатталған оқушылар мемлекеттiк білiм грантын алуға құқылы және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау емтихандарын тапсырмай қабылданады.
Жалпы орта, кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта білiм беру ұйымдарының жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша ағымдағы жылғы республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (I, II, III дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңiмпаздары, сондай-ақ республикалық және халықаралық орындаушылар конкурстарының соңғы үш жылдағы (I, II, III дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңiмпаздары таңдаған мамандықтары бойынша олимпиаданың, ғылыми жарыстың, конкурстың олар жеңiмпаз болып табылатын пәнiне сәйкес келген жағдайда мемлекеттiк бiлiм гранттарын алуға құқылы және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау емтихандарын тапсырмай қабылданады.
Қабылдау емтихандарын тапсырмай бiлiм грантының берiлгендiгi туралы куәлiктi алудың және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнына қабылдау жөнінде өтініш берудің тәртібі Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережелерінде белгіленеді.".

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қолданыстағы