О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 25 августа 1999 года N 61-ОД "Об утверждении Правил регулирования цен на услуги монопольно осуществляемые государственными предприятиями"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 25 августа 1999 года N 61-ОД "Об утверждении Правил регулирования цен на услуги монопольно осуществляемые государственными предприятиями"
- Атауы (қаз.)
- "Мемлекеттік кәсіпорындардың монопольды жүзеге асыратын қызметтеріне бағаларды реттеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі Төрағасының 1999 жылғы 25 тамыздағы N 61-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 8-ОД
- Қабылданған күні
- 08.01.2007
- Көрсетілген редакция
- 12.11.2008 AI31435_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.11.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V070004515_
- ЭКБ идентификаторы
- 31435
- Редакция идентификаторы
- AI31435_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 16:16
0 "Мемлекеттік кәсіпорындардың монопольды жүзеге асыратын қызметтеріне бағаларды реттеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі Төрағасының 1999 жылғы 25 тамыздағы N 61-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
____________________Бұйрықтан үзінді____________________
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың:
1) ...;
2) "Мемлекеттік кәсіпорындардың монопольды жүзеге асыратын қызметтеріне бағаларды реттеу ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 19 қаңтарда N 4515 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2007 жылғы 2 ақпанда N 17 (1220) жарияланған "Мемлекеттік кәсіпорындардың монопольды жүзеге асыратын қызметтеріне бағаларды реттеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі Төрағасының 1999 жылғы 25 тамыздағы N 61-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті Төрағасының 2007 жылғы 8 қаңтардағы N 8-НҚ бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
" Мемлекеттік кәсіпорын туралы ", " Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы " Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Мемлекеттік кәсіпорындардың монопольды жүзеге асыратын қызметтеріне бағаларды реттеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі Төрағасының 1999 жылғы 25 тамыздағы N 61-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 930 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2001 ж., N 32, 494-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындардың монопольды жүзеге асыратын қызметтеріне бағаларды реттеу ережесінде:
барлық мәтін бойынша "уәкілетті" деген сөз "монополияға қарсы" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті туралы ережеге сәйкес мемлекеттiк кәсіпорындардың монопольды жүзеге асыратын қызметтерi мен жұмыстарына (бұдан әрi - қызметтер) бiрыңғай есептеу әдiснамасы мен бағаны ұсынуды, қарауды және бекiтудi белгiлеу мақсатында әзірленді".
2-тармақта:
бірінші абзац "(мемлекеттік монополия субъектілерін қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"монополияға қарсы орган - бәсекені қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік орган;";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Бағаларды қалыптастыру реттелетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түрлері бойынша және өзге қызмет бойынша тұтастай кірістердің, шығыстардың бөлінісі есебінің негізінде жүзеге асырылады.";
21-баптың екінші абзацы ", сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі қысқарған жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын.