Об утверждении изменения в Правила проведения операций с документарными аккредитивами банками Республики Казахстан, утвержденные постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 апреля 2000 года N 178
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении изменения в Правила проведения операций с документарными аккредитивами банками Республики Казахстан, утвержденные постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 апреля 2000 года N 178
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 178 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу ережесіне өзгерісті бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 316
- Қабылданған күні
- 02.09.2001
- Көрсетілген редакция
- 22.10.2014 AI10239_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.10.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V010001655_
- ЭКБ идентификаторы
- 10239
- Редакция идентификаторы
- AI10239_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 23:35
0 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 178 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу ережесіне өзгерісті бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 199 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдеріне сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі N№178 V001150_ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу ережесіне өзгеріс бекітілсін және Ережеге өзгеріс пен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енгізілсін
2 2. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 178 V001150_ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу ережесіне өзгерісті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны және Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу ережесіне өзгерісті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және филиалдарына жіберсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсін.
7 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 178 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу ережесіне өзгеріс
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 жылғы 3 қыркүйектегі
N 316 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
2000 жылғы 25 сәуірдегі N 178 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық
аккредитивтерімен операциялар жүргізу ережесіне өзгеріс
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25
сәуірдегі N 178
V001150_
қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы
банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу ережесіне
мынадай өзгеріс енгізілсін:
1 1. 4-тармақтағы "кепілдік операцияларын жүргізуге" деген сөздер
"аккредитивті ашуға (ұсынуға) және растауға және олар бойынша
міндеттемелерді орындауға" деген сөздермен ауыстырылсын.