Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан "Об утверждении Правил проведения операций с документарными аккредитивами банками Республики Казахстан" от 25 апреля 2000 года N 178

Қаулы · № 138 · қабылданған 17.04.2002
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2000-n-178/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан "Об утверждении Правил проведения операций с документарными аккредитивами банками Республики Казахстан" от 25 апреля 2000 года N 178 Күшін жойған Қаулы ·№ 138 ·17.04.2002
22.10.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.10.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан "Об утверждении Правил проведения операций с документарными аккредитивами банками Республики Казахстан" от 25 апреля 2000 года N 178

Күшін жойған Қаулы ·№ 138 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан "Об утверждении Правил проведения операций с документарными аккредитивами банками Республики Казахстан" от 25 апреля 2000 года N 178
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 178 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
138
Қабылданған күні
17.04.2002
Көрсетілген редакция
22.10.2014 AI12143_2.kaz
Соңғы өзгеріс
22.10.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V020001860_
ЭКБ идентификаторы
12143
Редакция идентификаторы
AI12143_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 23:08

0 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 178 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 199 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол жасалмайтын ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыруды реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 178 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу ережесіне:
кіріспедегі "Қазақстан Республикасындағы банктер банк қызметі туралы" Заң күші бар Жарлығына, "Ақша төлемі мен аударымы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына," деген сөздер "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Ақша төлемі мен аударымы туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына және" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың он үшінші азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
"Өтем жасалған аккредитив - аккредитив ашылған кезде бұйрық беруші эмитент банктің басқаруына аккредитив сомасына тең ақша сомасын (өтемді) осы ақшаны аккредитив бойынша төлеу үшін пайдалануға болатын шарттармен аккредитивтің қолданылу мерзіміне береді.";

1 1-тарау мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

3-1 "3-1. Банк Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларда ұсынушыға аккредитив ашады.";

5 5-тармақ мынадай редакциядағы азатжолмен толықтырылсын:

"Ұсынушыға аккредитив ашқан кезде бұйрық беруші аккредитив ашу өтінішінде бенефициардың атауын және мекен-жайын, сондай-ақ оның банктік деректемелерін көрсетпеуге құқылы.";

8 8-тармақ мынадай редакциядағы азатжолмен толықтырылсын:

"Егер ұсынушыға аккредитив ашқан кезде бенефициардың деректемелері белгісіз болса, эмитент банк аккредитивте және Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген шарттар орындалғанға дейін мұндай аккредитивті өзінде қалдырады.";

7 7-тарау мынадай редакциядағы 77-1-тармақпен толықтырылсын:

77-1 "77-1. Ұсынушыға арналған аккредитивтің орындалуы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.".

2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

3 3. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):

1 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан

Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу
шараларын қабылдасын;

2 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік

тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі
бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге
жіберсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық

Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т. Жангелдинге жүктелсін.

Қолданыстағы