Құжат мәтініне өту

О внесении дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 апреля 2000 года N 179 "Об утверждении Правил использования платежных документов и осуществления безналичных платежей и переводов денег на территории Республики Казахстан"

Қаулы · № 150 · қабылданған 13.11.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2000-n-179/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
О внесении дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 апреля 2000 года N 179 "Об утверждении Правил использования платежных документов и осуществления безналичных платежей и переводов денег на территории Республики Казахстан" Күшін жойған Қаулы ·№ 150 ·13.11.2004
28.01.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 апреля 2000 года N 179 "Об утверждении Правил использования платежных документов и осуществления безналичных платежей и переводов денег на территории Республики Казахстан"

Күшін жойған Қаулы ·№ 150 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 апреля 2000 года N 179 "Об утверждении Правил использования платежных документов и осуществления безналичных платежей и переводов денег на территории Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 179 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
150
Қабылданған күні
13.11.2004
Көрсетілген редакция
28.01.2016 AI22296_2.kaz
Соңғы өзгеріс
28.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V040003283_
ЭКБ идентификаторы
22296
Редакция идентификаторы
AI22296_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:32

0 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 179 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асырған кезде төлем құжаттарының орындалу тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 179 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1155 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспасөз басылымдарында 2000 жылғы 5-18 маусымда жарияланған; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 488 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1379 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспасөз басылымдарында 2001 жылғы 28 қаңтар - 11 ақпанда жарияланған), 2002 жылғы 18 қаңтардағы N 20 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1779 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспасөз басылымдарында 2002 жылғы 25 ақпан - 10 наурызда жарияланған), 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 20 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2193 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспасөз басылымдарында 2003 жылғы 10-23 наурызда жарияланған), 2003 жылғы 27 қазандағы N 372 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2593 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспасөз басылымдарында 2003 жылғы 1-14 желтоқсанда жарияланған) және 2004 жылғы 24 қаңтардағы N 13 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2704 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2004 жылғы 2-15 ақпанда жарияланған) қаулыларымен бекітілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесінде:
мынадай мазмұндағы 87-1 тармақпен толықтырылсын:
"87-1. Резидент еместерден, шет мемлекеттерден, мемлекеттік органдардан, мемлекеттік ұйымдардан, діни бірлестіктерден және қайырымдылық ұйымдарынан саяси партиялар мен кәсіподақтардың пайдасына тауарлар жеткізу (жұмыс, қызмет көрсету) жөніндегі шарттарды (келісім-шарттарды) орындауға байланысты емес операциялар бойынша ақша, оның ішінде шетел валютасы түскен жағдайда, бенефициардың банкі төлем тапсырмасын акцептеуден бас тартады.".

2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

3 3. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):

1 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.Р.Елемесовке жүктелсін.

Қолданыстағы