О внесении изменений и дополнений в приказ Министерства финансов Республики Казахстан от 25 апреля 2000 года N 195
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министерства финансов Республики Казахстан от 25 апреля 2000 года N 195
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 2000 жылғы 25 сәуiрдегi N 195 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 146
- Қабылданған күні
- 19.03.2001
- Көрсетілген редакция
- 06.08.2009 AI8730_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.08.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V010001483_
- ЭКБ идентификаторы
- 8730
- Редакция идентификаторы
- AI8730_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 23:56
0 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 2000 жылғы 25 сәуiрдегi N 195 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің м.а. 2009.08.06 N 331 бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
"Мемлекеттiк мекемелерде кассалық операциялар жүргiзудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 2000 жылғы 25 сәуiрдегi бұйрығына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1 1. Осы бұйрықпен бекiтiлген мемлекеттiк мекемелерде кассалық операциялар жүргiзудiң ережесiне:
2-тармақта:
2 абзацта:
"133 "Ағымдағы шаруашылық мақсаттар үшiн заттар мен материалдар сатып алу", 147 "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк жеңiл автомобильдердi пайдалану", 151 "Жабдықтар мен құрал-саймандарды ұстау және ағымдағы жөндеу" деген сөздер алынып тасталсын;
"Тауарлар сатып алу мен қызмет көрсетулерге жұмсалатын өзге де шығыстар" ерекшелiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Өзге тауарлар мен қызмет көрсетулердi сатып алу";
"Өзге тауарлар мен қызмет көрсетулердi сатып алу" деген сөздерден кейiн "146 "Ғимараттарды, үй-жайларды, жабдықтарды және басқа негiзгi құралдарды ұстау, қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу" деген сөздермен толықтырылсын;
оныншы абзацта "Жұмсақ мүкәммал және киiм-кешектер сатып алу" деген сөздер "Мүлiктiк зат нәрселер мен басқа пiшiндiк және арнайы киiм-кешектер сатып алу, тiгу және жөндеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
он бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"146 "Ғимараттарды, үй-жайларды, жабдықтарды және басқа да негiзгi құралдарды ұстау, қызмет көрсету ағымдағы жөндеу" ерекшелiгi бойынша "Ғимараттарды, үй-жайларды, жабдықтарды және басқа негiзгі құралдарды ұстаумен, қызмет көрсетумен және жөндеумен айналысатын штаттан тыс жеке тұлғалардың еңбегiне ақы төлеуге арналған шығыстар бойынша";
149 "Өзге де қызметтер" ерекшелiгi бойынша штаттан тыс қызметкерлердiң, оның iшiнде еңбек шарттары бойынша жүргiзушiлердiң еңбегiне ақы төлеуге арналған шығыстар бойынша, сондай-ақ штаттан тыс қызметкерлер мен еңбек шарттары бойынша жүргiзушiлердiң iссапар шығыстары бойынша";
он үшiншi абзацта "(босатылған сайлау комиссиясы мүшелерiнiң еңбегiне ақы төлеуге, партиялық тiзiмдер бойынша сайлауға түсiп отырған талапкерлердi қоспағанда, Президенттiкке, Парламент депутаттығына, сондай-ақ мәслихатқа депутаттыққа талапкерлердiң жалақысын өтеуге, еңбек келiсiмдерiнiң негiзiнде штаттан тыс қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеуге iссапар шығыстарына, кеңсе және шаруашылық тауарларын, жанар-жағармай материалдарын сатып алуға) арналған" деген сөздер "(кандидаттардың сайлау алдындағы көпшiлiк iс-шараларын жүргiзуге және кандидаттардың үгiт материалдарын шығаруға, көлiк шығыстарына (көлiк жалдау, жанар-жағармай материалдары), партиялық тiзiмдер бойынша сайлауға түсiп отырған талапкерлердi қоспағанда, Президенттiкке, Парламент депутаттығына, сондай-ақ мәслихатқа депутаттыққа талапкерлердiң жалақысын өтеуге арналған)" деген сөздермен ауыстырылсын;
он төртiншi абзац алынып тасталсын;
он бесiншi абзацта:
"отбасыларының" деген сөздерден кейiн ", спортшылардың және спорттық iс-шараларға қатысушылардың тамақтануына ақы төлеуге арналған шығыстар бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
"143 "Көлiк қызметiне ақы төлеу" ерекшелiгi бойынша ұйымдастырудан тыс қоныс аударудың Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген квота шотына Қазақстан Республикасына қоныс аударған репатрианттардың (оралмандардың) отбасыларына көлiктiк шығыстарын (жүрiп өтуi және мүлiктi алып жүруi) өтеуге арналған" деген сөздер алынып тасталсын;
он сегiзiншi абзацта "органмен келiсу" деген сөздерден кейiн "және Қазынашылықтың аумақтық органына осындай шығыстардың жүзеге асырылуын растайтын тиiстi құжаттарды (өтiнiш, қажеттiлiк есептемесi және басқалар) ұсыну" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Бюджеттiк шотқа есепке алу үшiн ағымдағы қаржы жылында өткiзiлмеген мемлекеттiк мекеменiң кассасындағы қолма-қол бюджет ақшаларының қалдықтары 201232 "Республикалық бюджеттен бұрын алынған пайдаланылмаған қаражаттарды қайтару" және 201233 "Бұрын жергiлiктi бюджеттен алынған пайдаланылмаған қаражаттарды қайтару" кiрiстердiң бюджеттiк сыныптамасының кодтары бойынша тиiстi бюджетке кейiннен аударыла отырып, міндеттi тәртіппен келесi қаржы жылында қайтарылады";
9-тармақта: "операциялық бөлiмiнiң" деген сөздер алынып тасталсын;
4 абзацта "133, 147, 151" деген сандар алынып тасталсын және "146" деген санмен толықтырылсын;
12-тармақтың бiрінші абзацында "бухгалтер" деген сөз "кассир" деген сөзбен ауыстырылсын.