Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 ноября 2000 года № 428 "Об утверждении Правил установления корреспондентских отношений между банками, а также между банками и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций

Қаулы · № 15 · қабылданған 29.03.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2000-no-428/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 ноября 2000 года № 428 "Об утверждении Правил установления корреспондентских отношений между банками, а также между банками и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций Күшін жойған Қаулы ·№ 15 ·29.03.2010
31.08.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.08.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 ноября 2000 года № 428 "Об утверждении Правил установления корреспондентских отношений между банками, а также между банками и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций

Күшін жойған Қаулы ·№ 15 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 ноября 2000 года № 428 "Об утверждении Правил установления корреспондентских отношений между банками, а также между банками и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктердің арасында, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 қарашадағы № 428 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
15
Қабылданған күні
29.03.2010
Көрсетілген редакция
31.08.2016 AI52287_2.kaz
Соңғы өзгеріс
31.08.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V100006197_
ЭКБ идентификаторы
52287
Редакция идентификаторы
AI52287_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:42

0

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктердің арасында, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 қарашадағы № 428 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктердің арасындағы, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарының арасындағы корреспонденттік қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктердің арасында, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 25 қарашадағы № 428 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1351 тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банктердің арасында, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережесінде:
22-тармақта:
үшінші абзацта «.» тыныс белгісі «;» тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«банктер және банктік емес ұйымдар «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» акционерлік қоғамында (бұдан әрі – Орталық депозитарий) ашылған корреспонденттік шоттар арқылы жүзеге асыратын биржалық мәмілелер бойынша операциялар.»;
23-1-тармақ «осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес» деген сөздерден кейін «, Орталық депозитарийде ашылғандарды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын.

2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

3 3. Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.):

1 1) Заң департаментімен (Өртембаев А.Қ.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге, «Қазақстанның Даму банкі» акционерлік қоғамына, «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» акционерлік қоғамына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне жіберсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.А. Әлжановқа жүктелсін.

Қолданыстағы