О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 25 сентября 2001 года N 1235 и от 27 февраля 2002 года № 254
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 25 сентября 2001 года N 1235 и от 27 февраля 2002 года № 254
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 25 қыркүйектегi N 1235 және 2002 жылғы 27 ақпандағы N 254 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 518
- Қабылданған күні
- 06.05.2004
- Көрсетілген редакция
- 22.05.2012 AI19628_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.05.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P040000518_
- ЭКБ идентификаторы
- 19628
- Редакция идентификаторы
- AI19628_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:08
0 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 25 қыркүйектегi N 1235 және 2002 жылғы 27 ақпандағы N 254 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1 1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:
1 1) "Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамдардың аттестациядан өту ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 25 қыркүйектегi N 1235 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 33, 433-құжат):
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамдардың аттестациядан өту ережесiнде:
2-тармақта:
екiншi абзац "судьялар болып жұмыс iстеген адамдар" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ мемлекеттiк нотариалдық кеңселерде жұмыс iстейтiн нотариустар (мемлекеттiк нотариустар)" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
"Сондай-ақ терiс себептер бойынша жұмыстан шығарылғандарды қоспағанда, прокуратура, тергеу және анықтау органдарында кемiнде он жыл жұмыс iстеген, адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алуға ниет білдiрген прокурорлар, тергеушiлер және анықтаушылар аттестациялауға жатпайды.";
4-тармақта:
екiншi абзацта:
2) және 4) тармақшалар алынып тасталсын;
8) тармақшада "адвокаттық қызметпен айналысу құқығына" деген сөздер алынып тасталсын;
үшiншi абзацта "2), 4)" деген сандар алынып тасталсын;
10-тармақта "ай сайын" деген сөздер "қажеттілiгiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiне бiр рет" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулыға 1, 2-қосымшаларда:
"Заңгерлiк мамандығы бойынша жұмыс өтiлi _______" деген жол алынып тасталсын;