Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 сентября 2001 года N 1235

Қаулы · № 64 · қабылданған 19.01.2002
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2001-n-1235-ekb-10999/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 сентября 2001 года N 1235 Күшін жойған Қаулы ·№ 64 ·19.01.2002
22.05.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.05.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 сентября 2001 года N 1235

Күшін жойған Қаулы ·№ 64 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 сентября 2001 года N 1235
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 25 қыркүйектегі N 1235 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
64
Қабылданған күні
19.01.2002
Көрсетілген редакция
22.05.2012 AI10999_2.kaz
Соңғы өзгеріс
22.05.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P020000064_
ЭКБ идентификаторы
10999
Редакция идентификаторы
AI10999_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 23:20

0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 25 қыркүйектегі N 1235 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.05.22 № 653 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

1

1. "Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамдардың аттестациядан өту ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 25 қыркүйектегi N 1235 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 33, 433-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамдардың аттестациядан өту ережесiнде:
4-тармақтың екiншi және үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Өтiнiшке мына құжаттар қоса берiлуi тиiс:
1) фотосуретi бар жеке iс парағы;
2) соңғы жұмыс орнынан үмiткердiң кәсiби бiлiмiн, оның iскерлiк және адамгершiлiк қасиеттерiн бағалауды қамтыған мiнездеме;
3) жоғары заң бiлiмi туралы дипломның нотариальды куәландырылған көшiрмесi;
4) еңбек кiтапшасының немесе заңгерлiк мамандығы бойынша жұмыс өтiлiн растайтын өзге де құжаттың нотариальды куәландырылған көшiрмесi;
5) үмiткердiң өз қолымен жазған өмiрбаяны:
6) Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлiгiнiң немесе төлқұжатының көшiрмесi;
7) үмiткердiң тұрғылықты жерi бойынша берiлген наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден медициналық анықтамалар;
8) республика бойынша мәлiметтердi көрсете отырып, үмiткердiң тұрғылықты жерi бойынша соттылығы және қозғалған қылмыстық iсiнiң жоқ екендiгi туралы берiлген анықтама.
"1), 2), 4), 5) тармақшаларда көрсетiлген адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамдардың ұсынған құжаттары Комиссия бекiткен құжаттарды тиiсiнше ресiмдеу туралы талаптарға сәйкес болуы тиiс.";
8-тармақтың екiншi абзацындағы "5" деген сан "15" деген санмен ауыстырылсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Аттестациялауға жiберiлген үмiткер аттестациялау өтетiн орын, күнi және уақыты туралы, оны өткiзгенге дейiн 10 күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмей, аумақтық әдiлет органдары арқылы хабардар етiледi.";
13-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"Бұл ретте үмiткер өз қалауын жазбаша растауы тиiс.";
18-тармақта:
бiрiншi және екiншi абзацтардағы "70" деген сан "65" деген санмен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Егер дұрыс жауаптардың саны 60-тан 65-ке дейiнгi пайызды құраса, Комиссия үмiткердiң қалауы бойынша 65-ке дейiн жетпеген сан бойынша қосымша сұрақтар және қосымша екi сұрақ қоюға құқылы.
65 пайызға дейiнгі жетпеген сан бойынша қойылған сұрақтарға дұрыс жауап берген кезде үмiткер тестiлеуден өттi деп саналады.";
19-тармақтың екiншi абзацындағы "Үмiткерге дұрыс жауап беруi тиiс" деген сөздер "үмiткер олардың iшiнен екi сұраққа дұрыс жауап беруi тиiс" деген сөздермен ауыстырылсын;
21-тармақтың бiрiншi абзацындағы "үмiткерге" деген сөз "үміткердің талабы бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Тестiлеуден өтпеген адам үш айдан ерте емес аттестацияға жiберу
туралы өтiнiшпен Комиссияға қайта жүгінуге құқылы.
Тестiлеуден өткен, бiрақ әңгiмелесуден өтпеген адам бiр айдан ерте
емес, бiрақ алғашқы әңгiмелесу өткен күннен бастап алты айдан кешiктiрмей
әңгiмелесуге қайта жiберу туралы өтiнiшпен Комиссияға жүгiнуге құқылы. Бұл
ретте тестiлеуден қайта өту талап етiлмейдi.";
23-тармақтың екiншi абзацындағы "Дәлелсiз себептермен" деген сөздер
алынып тасталсын.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қолданыстағы