О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 сентября 2001 года N 1235
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 сентября 2001 года N 1235
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қыркүйектегі N 1235 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 347
- Қабылданған күні
- 21.03.2002
- Көрсетілген редакция
- 22.05.2012 AI11628_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.05.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P020000347_
- ЭКБ идентификаторы
- 11628
- Редакция идентификаторы
- AI11628_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 23:13
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қыркүйектегі N 1235 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.05.22 № 653 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1 1. "Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өтеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қыркүйектегі N 1235 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 33, 433-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту ережесінде:
2-тармақтың бірінші абзацында ", Қазақстан Республикасы Парламенті екі палатасының депутаттарынан" деген сөздер алынып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Аттестация тестілеу өткізу жолымен үміткерлердің қолданыстағы заңнаманы білуін тексеруден тұрады.";
4-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) бүкіл республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, адвокаттық қызметпен айналысу құқығына үміткердің тұрғылықты жері бойынша берілген соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама.";
16-тармақтың үшінші абзацында және 18-тармақта "және әңгімелесуге жіберілмейді", "және әңгімелесуге жіберіледі" деген сөздер алынып тасталсын;
19-тармақ алынып тасталсын;
20-тармақта "және (немесе) әңгімелесу" деген сөздер алынып тасталсын;
22-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын.