О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 сентября 2002 года N 1051
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 сентября 2002 года N 1051
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі N 1051 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 161
- Қабылданған күні
- 19.02.2008
- Көрсетілген редакция
- 29.04.2009 AI37690_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.04.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P080000161_
- ЭКБ идентификаторы
- 37690
- Редакция идентификаторы
- AI37690_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:58
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі N 1051 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1
1. "Кейбір акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерінің құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі N 1051 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 32, 341-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
5-тармақта:
"Оразбаев Бірлік Есіркепұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі, төраға;
Шыналиев Ғазиз Қоршабекұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Өндірістік сала және инфрақұрылым бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
Елемесов Асқар Раушанұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Ақшолақов Болат Оралұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі, төраға;
Шыналиев Ғазиз Қоршабекұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Индустриялық-инновациялық даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
Ерғожин Дәулет Еділұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;";
мына:
"Құсайынов Марат Әпсеметұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі." деген жол алынып тасталсын.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі