Құжат мәтініне өту

О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Кыргызской Республики о международном автомобильном сообщении от 25 декабря 2003 года

Заң · № 358-V · қабылданған 12.10.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2003-ekb-94360/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Кыргызской Республики о международном автомобильном сообщении от 25 декабря 2003 года Қолданыста Заң ·№ 358-V ·12.10.2015
12.10.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.10.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Кыргызской Республики о международном автомобильном сообщении от 25 декабря 2003 года

Қолданыста Заң ·№ 358-V · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Кыргызской Республики о международном автомобильном сообщении от 25 декабря 2003 года
Атауы (қаз.)
2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
358-V
Қабылданған күні
12.10.2015
Көрсетілген редакция
12.10.2015 AI94360_0.kaz
Соңғы өзгеріс
12.10.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z1500000358
ЭКБ идентификаторы
94360
Редакция идентификаторы
AI94360_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:04

0 2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2014 жылғы 7 қарашада Астанада жасалған хаттама ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі,
2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімнің (бұдан әрі — Келісім) 19-бабын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:

1 1-бап

Келісімнің 5-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап
«1. Автокөлік құралдарымен жүктерді тасымалдау рұқсат болмаса да:
1) екі Тарап мемлекеттерінің арасында;
2) екі Тарап мемлекеттерінің аумақтары бойынша транзит арқылы жүзеге асырылады.
2. Уақытша (транзиттік) тіркеу нөмірлері бар, айырым белгілерінсіз бос автокөлік құралдарын межелі жерге айдап бару кезінде де рұқсат талап етілмейді.».
3. Екінші Тарап мемлекетінің аумағынан үшінші мемлекеттің аумағына және үшінші мемлекеттің аумағынан екінші Тарап мемлекетінің аумағына жүктерді тасымалдау екінші Тарап мемлекетінің құзыретті органынан алынған рұқсат негізінде орындалады.
Егер екі Тараптың мемлекеттері де қатысушысы болып табылатын өзге халықаралық шарттарда жүктерді үшінші мемлекет аумағына/аумағынан екінші Тарап аумағына тасымалдауды жүзеге асырудың өзге тәртібі белгіленсе, онда мұндай тасымалдаулар осы халықаралық шарттар негізінде жүзеге асырылады.».

2 2-бап

Келісімнің 10-бабының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жүргізушілерде өздері басқаратын автокөлік құралдарының санатына сәйкес келетін ұлттық немесе халықаралық жүргізуші куәліктері және автокөлік құралына ұлттық тіркеу құжаттары болуға тиіс.
Уақытша (транзиттік) тіркеу нөмірлері бар, айырым белгілерінсіз бос автокөлік құралдарын межелі жерге айдап бару жағдайында жүргізушілерде осы автокөлік құралдарына арналған уақытша тіркеу құжаттары болуға тиіс.».

3 3-бап

Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күнінен бастап күшіне енеді.
2014 жылғы 7 қараша Астана қаласында әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.

Қолданыстағы