О внесении изменения и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 июля 2003 года N 236 "О размере лимита платежей по корреспондентским счетам банков второго уровня Республики Казахстан и организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 2461
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 июля 2003 года N 236 "О размере лимита платежей по корреспондентским счетам банков второго уровня Республики Казахстан и организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 2461
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2461 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары бойынша төлем лимитінің мөлшері туралы" 2003 жылғы 25 шілдедегі N 236 қаулысына өзгеріс пен толықтыруларды енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 98
- Қабылданған күні
- 21.07.2004
- Көрсетілген редакция
- 31.08.2016 AI21053_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.08.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V040003033_
- ЭКБ идентификаторы
- 21053
- Редакция идентификаторы
- AI21053_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 19:51
0
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2461 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары бойынша төлем лимитінің мөлшері туралы" 2003 жылғы 25 шілдедегі N 236 қаулысына өзгеріс пен толықтыруларды енгізу туралы
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің арасындағы, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері мен "Қазақстан Даму банкі" акционерлік қоғамы арасындағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері немесе "Қазақстан Даму банкі" акционерлік қоғамы мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары бойынша төлем лимитінің мөлшері туралы" 2003 жылғы 25 шілдедегі N 236 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2461 тіркелген, 2003 жылғы 25 тамыз - 7 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспасөз басылымдарында жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
қаулының атауы мемлекеттік тілдегі мәтінде мынадай редакцияда жазылсын:
"Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары бойынша төлем лимитінің және ақша аударымдарының мөлшері туралы";
кіріспеде:
"төлемдерді" деген сөз "және ақша аударымдарын" деген сөздермен толықтырылсын;
"Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері арасындағы" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері мен "Қазақстан Даму банкі" акционерлік қоғамы арасындағы" деген сөздермен толықтырылсын.
1-тармақта:
"төлемінің" деген сөзден кейін "және ақша аударымдарының" деген сөздермен толықтырылсын.
2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
3 3. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
1 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге, "Қазақстан Даму банкі" акционерлік қоғамына және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігіне жіберсін.