О внесении дополнения и изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 июля 2003 года N 249 "Об утверждении Правил пенсионного обеспечения страховыми организациями Республики Казахстан за счет пенсионных накоплений на основе договоров пенсионного аннуитета"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения и изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 июля 2003 года N 249 "Об утверждении Правил пенсионного обеспечения страховыми организациями Республики Казахстан за счет пенсионных накоплений на основе договоров пенсионного аннуитета"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Зейнетақы аннуитеті шарттары негізінде жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы сақтандыру ұйымдарының зейнетақымен қамсыздандыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 25 шілдедегі N 249 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 183
- Қабылданған күні
- 25.06.2007
- Көрсетілген редакция
- 27.08.2013 AI34227_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.08.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V070004826_
- ЭКБ идентификаторы
- 34227
- Редакция идентификаторы
- AI34227_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:28
0
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Зейнетақы аннуитеті шарттары негізінде жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы сақтандыру ұйымдарының зейнетақымен қамсыздандыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 25 шілдедегі N 249 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы
Сақтандыру ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Зейнетақы аннуитеті шарттары негізінде жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы сақтандыру ұйымдарының зейнетақымен қамсыздандыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 25 шілдедегі N 249 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2462 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Зейнетақы аннуитеті шарттары негізінде жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдарынан зейнетақымен қамсыздандыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 25 шілдедегі N 249 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 29 қаңтардағы N 15 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3483 тіркелген) енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен бірге мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы аннуитеті шарттары негізінде жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы сақтандыру ұйымдарының зейнетақымен қамсыздандыру ережесінде :
7-тармақ ", егер тараптардың келісімдері бойынша шартта осындай индексация көзделген жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын;
13-тармақтағы "6-тармағына" деген сөзбен цифр "7-тармағына" деген сөзбен және цифрмен ауыстырылсын;
16-тармақ алынып тасталсын;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру төлемдерінің мөлшерін анықтаған кезде сақтандыру ұйымының істі жүргізу шығыстары әрбір сақтандыру төлемінің 3 пайызынан астам еместі қосқанда сақтандыру сыйақысының мөлшерінен 3 пайыздан астам еместі құрайды.";
1-қосымшаның 2.5-тармағы алынып тасталсын.