О внесении изменения и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 25 июля 2003 года N 570 "Об утверждении санитарных правил и норм "Санитарно-эпидемиологические требования к устройству, содержанию и условиям обучения в общеобразовательных и интернатных организациях"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 25 июля 2003 года N 570 "Об утверждении санитарных правил и норм "Санитарно-эпидемиологические требования к устройству, содержанию и условиям обучения в общеобразовательных и интернатных организациях"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 25 шілдедегі "Оқушыларға жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың құрылымына, ұсталуына және оқыту жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар"»туралы санитарлық ережелері мен нормаларын бекіту туралы"»N 570 бұйрығына өзгеріспен және толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 7
- Қабылданған күні
- 15.01.2008
- Көрсетілген редакция
- 25.10.2010 AI37874_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.10.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V080005144_
- ЭКБ идентификаторы
- 37874
- Редакция идентификаторы
- AI37874_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:14
0
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 25 шілдедегі "Оқушыларға жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың құрылымына, ұсталуына және оқыту жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар"»туралы санитарлық ережелері мен нормаларын бекіту туралы"» № 570 бұйрығына өзгеріспен және толықтырулар енгізу туралы
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 25 шілдедегі "Оқушыларға жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың құрылымына, ұсталуына және оқыту жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы" санитарлық ережелері мен нормаларын бекіту туралы" N 570 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2478 тіркелген, "Ресми газетте" 2003 жылы 1 қарашада N 44 (149) жарияланған, мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Оқушыларға жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың құрылымына, ұсталуына және оқыту жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы санитарлық ережелері мен нормаларда:
24-тармақта "2" деген сан "2,5" деген санмен ауыстырылсын;
38-тармақта:
2) тармақша "шала піскен жұмыртқа, қуырылған жұмыртқа, майонез қосылған салат, газдалған және алкогольсіз энергетикалық сусындар, (минералды және ауыз судан басқасы), чипсілер, кептірілген нан, гамбургерлер, хот-догтар" деген сөздермен толықтырылсын;
Мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырсын:
"9) оқушылардың тамақтануы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органымен келісілген, екі апталық ас мәзірі және буфет өнімдерінің ассортименттік тізбесі негізінде жүргізілуі тиіс. Тағамдарды 2 күн қатарынан қайталауға болмайды.
Сағыз сатуға болмайды.";
39-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Тоңазытқыш жабдықтар заңнамада белгіленген тәртіппен, күніне 1 рет температурасы арнайы журналда тіркелетін, тексерілген бақылау термометрлерімен жабдықталуы керек.";
42-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) ас блогының жұмыскерлері үш арнайы киім жиынтығымен қамтамасыз етілуі тиіс. Шикі өнімдерді өңдеу және ыдыс-аяқты жуу кезінде клеенкадан жасалған алжапқыштарды пайдалану қажет.";
106-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Егу кабинеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 20 қазандағы "Профилактикалық егулерді ұйымдастыру және жүргізу туралы" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3208 тіркелген N 744 бұйрығына сәйкес жарақтандыруға тиіс".
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Белоног А.А.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Мұхамеджанов Ж.М.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауға жіберсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы - Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А. Белоногқа жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
2008 жылғы 18 қаңтар