Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан от 25 сентября 2003 года № 177 "Об утверждении Правил промышленной безопасности при закачке углеводородных газов в продуктивные пласты месторождений углеводородов Республики Казахстан"

Бұйрық · № 252 · қабылданған 21.07.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2003-no-177/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан от 25 сентября 2003 года № 177 "Об утверждении Правил промышленной безопасности при закачке углеводородных газов в продуктивные пласты месторождений углеводородов Республики Казахстан" Күшін жойған Бұйрық ·№ 252 ·21.07.2010
25.12.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан от 25 сентября 2003 года № 177 "Об утверждении Правил промышленной безопасности при закачке углеводородных газов в продуктивные пласты месторождений углеводородов Республики Казахстан"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 252 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан от 25 сентября 2003 года № 177 "Об утверждении Правил промышленной безопасности при закачке углеводородных газов в продуктивные пласты месторождений углеводородов Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасының көмiрсутегi кенорындарының өнiмдi қабаттарына көмiрсутегi газдарын айдау кезiндегi өнеркәсiп қауiпсiздiгi ережесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 177 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
252
Қабылданған күні
21.07.2010
Көрсетілген редакция
25.12.2012 AI54419_2.kaz
Соңғы өзгеріс
25.12.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V100006441_
ЭКБ идентификаторы
54419
Редакция идентификаторы
AI54419_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:44

0 "Қазақстан Республикасының көмiрсутегi кенорындарының өнiмдi қабаттарына көмiрсутегi газдарын айдау кезiндегi өнеркәсiп қауiпсiздiгi ережесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 177 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасының көмiрсутегi кен орындарының өнiмдi қабаттарына көмiрсутегi газдарын айдау кезiндегi өнеркәсiп қауiпсiздiгi ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 177 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2555 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2003 жылғы 27 қарашадағы №№ 340-341, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл., № 43-48, 900-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасының көмiрсутегi кенорындарының өнiмдi қабаттарына көмiрсутегi газдарын айдау кезiндегi өнеркәсiп қауiпсiздiгi ережесінде:
1-тармақта:
«Заңының» деген сөзді «заңдардың» деген сөзге ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлықтарының» деген сөздер алынып тасталсын;
2-тармақта:
3) тармақшада «іске қосу» деген сөзден кейін «объектiнi» деген сөз алынып тасталсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Оператор - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыреттi органның жазбаша хабарламасы бойынша жер қойнауын пайдаланушылар құратын немесе белгiлейтiн, келiсiм-шартты орындауға байланысты қызметтi жедел басқаруды және есепке алу-есеп беру операцияларын жүзеге асыратын заңды тұлға, оның iс-әрекетi үшiн жер қойнауын пайдаланушы мемлекет алдында мүлiктiк жауапкершiлiкте болады;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;»;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) құзыреттi орган – Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен бекітілмеген жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және өңдеуге келісімшарттарды қоспағанда, бірлескен барлау мен өңдеуге, барлауға, өңдеуге келісімшарттарды жасасуға және орындауға байланысты құқықтарды жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының атынан іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.»;
4-тармақта «Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен (бұдан әрi – уәкiлеттi орган)» деген сөздер «уәкiлеттi органмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта «өртжарылыс пайдалану және» деген сөздер «жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалануды» деген сөздермен ауыстырылсын;
52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«52. «Kөмiрсутегi газдарын өнiмдi қабаттарға айдау кезiнде оператор жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жерасты геодинамикалық үлгілеуді және мониторингті жүзеге асырады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай өнеркәсібінің департаменті (А.К. Сүйесінов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
________________ В. Божко
2010 жылғы 30 шілде

Қолданыстағы