Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 25 июля 2003 года № 570 "Об утверждении санитарных правил и норм "Санитарно-эпидемиологические требования к устройству, содержанию и условиям обучения в общеобразовательных и интернатных организациях"

Бұйрық · № 463 · қабылданған 22.06.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2003-no-570/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 25 июля 2003 года № 570 "Об утверждении санитарных правил и норм "Санитарно-эпидемиологические требования к устройству, содержанию и условиям обучения в общеобразовательных и интернатных организациях" Күшін жойған Бұйрық ·№ 463 ·22.06.2010
25.10.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.10.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 25 июля 2003 года № 570 "Об утверждении санитарных правил и норм "Санитарно-эпидемиологические требования к устройству, содержанию и условиям обучения в общеобразовательных и интернатных организациях"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 463 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 25 июля 2003 года № 570 "Об утверждении санитарных правил и норм "Санитарно-эпидемиологические требования к устройству, содержанию и условиям обучения в общеобразовательных и интернатных организациях"
Атауы (қаз.)
"Оқушыларға жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың құрылымына, ұсталуына және оқыту жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық ережелері мен нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 25 шілдедегі № 570 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
463
Қабылданған күні
22.06.2010
Көрсетілген редакция
25.10.2010 AI53453_2.kaz
Соңғы өзгеріс
25.10.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V100006311_
ЭКБ идентификаторы
53453
Редакция идентификаторы
AI53453_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:56

0

"Оқушыларға жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың құрылымына, ұсталуына және оқыту жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық ережелері мен нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 25 шілдедегі № 570 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына және 145-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Оқушыларға жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың құрылымына, ұсталуына және оқыту жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелері мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 25 шілдедегі № 570 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 9 қыркүйекте № 2478 болып тіркелген, «Ресми газетте» 2003 жылғы 1 қарашада № 44 (148) жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Оқушыларға жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың құрылымына, ұсталуына және оқыту жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелері мен нормаларына:
4-тармақтың 6) тармақшасындағы «шағын мектептер» деген сөздерден кейін «(ауылдық мектеп)» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Бейімделген ғимараттарға ауылдық мектептерді орналастыру кезінде үй-жайлар жиыны, олардың аудандары жалпы білім беретін ұйымның түріне, оқушылардың санына және жасына, сынып санына қарай тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның келісімі бойынша осы санитарлық ережелерінің талаптарына сәйкес айқындалады.»;
30-тармақта бірінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«Медициналық пунктінің толық үй-жайлар жиыны болмаған жағдайда ауданы кемінде 12 м2 болатын бөлмемен жабдықталады, жарақтандыру және жабдық, медициналық кабинеттердің медициналық құжаттамасының тізбесін жүргізу осы санитарлық ережелерге сәйкес тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келіседі.
Бейімделген ауылдық мектептердің медициналық кабинетінде орталықтанған сумен қамтамасыз ету жүйесі болмаған жағдайда су құйып қолданатын қол жуғыштар (сорғымен су жинайтын бак) орнатылады.»;
37-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Ауылдық мектепте асхана болмаған жағдайда шикізат дайындауға, тамақ әзірлеуге және дайын өнімді таратуға арналған аймақ бөле отырып, қысқартылған үй-жай жиыны пайдаланылады. Ас үй ауданы кемінде 9,0 м2 болатын үй-жайда жабдықталады.
Технологиялық, тоңазытқыш және жуу жабдықтарын орналастыру тамақ әзірлеу ағындылығы есепке алына отырып жүзеге асырылады.»;
41-тармақта «Шағын комплектілі мектептерде» деген сөздерден кейін «(ауылдық мектептерде)» деген сөздермен толықтырылсын;
74-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Ауылдық мектептерде орталықтанған (орталықтанбаған) сумен қамтамасыз ету болмаған жағдайда арнайы автокөлікпен тасымалданатын ауыз суды тасымалдау ұйымдастырылады.»;
82-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Екі немесе одан да көп ауысымда жұмыс істейтін ауылдық мектептерде бесінші және соңғы сынып оқушыларын, сондай-ақ терең білім беретін сыныптардағы оқушыларды екінші ауысымда оқыту ұйымдастырылады.»;
93-тармақ мынадай мазмұндағы абзацымен толықтырылсын:
«Ауылдық мектептерде меншікті спорт залы болмаған жағдайда дене шынықтыру бойынша сабақтар ойын бөлмесінде, гимнастика залында, рекреацияларда немесе мектептің дәлізінде ұйымдастырылады, мектепке жақын орналасқан спорт құрылыстары пайдаланылады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысы Б.Н. Садықовқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«Келісілген»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
_________ Ж.Қ. Түймебаев
2010 жылғы 22 маусым
«Келісілген»
Қазақстан Республикасының
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері агенттігінің
төрағасы ______________ С.К. Нокин
2010 жылғы 29 маусым

Қолданыстағы