О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 25 августа 2003 года № 635 "Об утверждении нормативных правовых актов, регламентирующих государственную регистрацию, перерегистрацию, внесение изменений в регистрационное досье и экспертизу лекарственных средств, в том числе медицинской техники и изделий медицинского назначения в Республике Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 25 августа 2003 года № 635 "Об утверждении нормативных правовых актов, регламентирующих государственную регистрацию, перерегистрацию, внесение изменений в регистрационное досье и экспертизу лекарственных средств, в том числе медицинской техники и изделий медицинского назначения в Республике Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2003 жылғы 25 тамыздағы "Қазақстан Республикасы дәрілік заттарды, оның ішінде медицина техникасын және медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді, олардың құжаттар жинағына өзгерістер енгізу мен сараптамасын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" № 635 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 304
- Қабылданған күні
- 12.07.2006
- Көрсетілген редакция
- 18.11.2009 AI29072_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.11.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V060004315_
- ЭКБ идентификаторы
- 29072
- Редакция идентификаторы
- AI29072_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 17:08
0
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2003 жылғы 25 тамыздағы "Қазақстан Республикасы дәрілік заттарды, оның ішінде медицина техникасын және медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді, олардың құжаттар жинағына өзгерістер енгізу мен сараптамасын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" N 635 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Дәрілік заттар туралы" Заңының 7 бабы 7 тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды, оның ішінде медицина техникасын және медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді оңтайландыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2003 жылғы 25 тамыздағы "Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды, оның ішінде медицина техникасын және медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді, олардың құжаттар жинағына өзгерістер енгізу мен сараптамасын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" N 635 бұйрығына (N 3937 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Құжаттар жинағында тіркелген, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 1 қарашадағы N 551 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтырулары бар нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Құжаттар жинағына тіркелген N 2496) мынандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Осы бұйрықпен бекітілген дәрілік заттарды, оның ішінде медицина техникасын және медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік тіркеу Ережелерінде және Қазақстан Республикасында дәрілік заттардың, оның ішінде медицина техникасының және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тіркеу құжаттарына өзгерістер енгізуде:
16 тармақта:
", сондай-ақ оның республикалық бюджеттік бағдарламаларға керек-жарақтары" сөздері алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы азат жолмен толықтырылсын:
"Лауазымдық орнына, қызмет жағдайына немесе міндеттерін орындауына байланысты дәрілік заттарды мемлекеттік тіркеу іс-шараларына қатысты құпия ақпараттарға қол жеткізе алатын тұлғалар, оларды сақтауға және қорғау шараларын қабылдауға міндетті.
Құпия ақпараттарға өндіріспен, технологиялық ақпараттармен, басқарумен және басқа қызметпен байланысқан құжаттар жинағы құрамындағы жекелеген деректерді сипаттайтын мәліметтер жатады, оларды жария ету өндіруші-кәсіпорынның мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін".";
18 тармақта "осы Ереженің 28 тармағында көрсетілген жағдайларда, сондай-ақ" сөздері алынып тасталсын;
28 тармақ алынып тасталсын;
Осы бұйрықпен бекітілген мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу барысында дәрілік заттарға, оның ішінде медицина техникасына және медициналық мақсаттағы бұйымдарға сараптау жүргізу Ережелерінде және Қазақстан Республикасында дәрілік заттардың, оның ішінде медицина техникасының және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тіркеу құжаттарына өзгерістер енгізуде:
3 тармақ мынандай мазмұндағы азат жолмен толықтырылсын:
"Лауазымдық орнына, қызмет жағдайына немесе міндеттерін орындауына байланысты мемлекеттік тіркеу барысында дәрілік заттарды сараптау мәселелеріне, сондай-ақ кәсіпорынның қызметтік немесе коммерциялық құпиясы болып жарияланған ақпараттарға қол жеткізе алатын тұлғалар, оларды сақтауға және қорғау шараларын қабылдауға міндетті:
1) коммерциялық құпия - кәсіпорынның пайда табуын көрсететін қаржы және басқа қызметіне байланысты мәліметтері мен құжаттары, оларды жария ету кәсіпорынның мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін;
2) қызметтік құпия - кәсіпорынның өндірісімен, технологиялық ақпараттарымен, басқарумен және басқа қызметімен байланысқан, жекелеген деректерді сипаттайтын мәліметтер, оларды жария ету кәсіпорынның мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін.".