О внесении дополнений и изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 июля 2006 года N 66 "Об утверждении Правил выбора внешних управляющих активами Национального фонда Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений и изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 июля 2006 года N 66 "Об утверждении Правил выбора внешних управляющих активами Национального фонда Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 шілдедегі N 66 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 48
- Қабылданған күні
- 30.04.2007
- Көрсетілген редакция
- 30.05.2016 AI33592_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V070004701_
- ЭКБ идентификаторы
- 33592
- Редакция идентификаторы
- AI33592_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:41
0 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 шілдедегі N 66 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдаудың және мониторинг жүргізудің тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 шілдедегі N 66 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4360 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесінде:
1-қосымша мынадай мазмұндағы 19-тармақпен толықтырылсын:
19
"19. Компанияның қаржы құралдарын сатып алу-сату операциялары бойынша комиссиялық шығыстарының мөлшері туралы есеп (Transaction Cost Analysis Report), ішкі бақылау жүйесі туралы есеп (FRAG 21 немесе осыған ұқсас есеп), компания туралы толық ақпараты бар есептілік нысаны (Form ADV немесе осыған ұқсас нысан).";
2-қосымшада:
кестенің реттік нөмірі 4-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
4. Кредиттік мәртебесі
10%
Бас ұйым үшін
Еншілес ұйым үшін
бас ұйымның кредиттік рейтингі
(S&P немесе Moody's)
80%
55%
бас ұйымның кепілдігі
25%
агенттердің іс-әрекеттеріне
кепілдік
20%
";
3-қосымшаның 6-тармағы алынып тасталсын;
4-қосымшада:
он үшінші және он төртінші абзацтар алынып тасталсын;
4-қосымша мынадай мазмұндағы абзацпен және кестемен толықтырылсын:
"Осы Ереженің 3-қосымшасының 4 және 7-тармақтарында келтірілген баллдар жүйесіне сәйкес есептелген бағалар негізінде төменде келтіріліп отырған сыртқы басқарушылар рангілерінің кестесі жасалады:
Орны
Сыртқы басқарушы
Мандат түрі
Өткен кезеңдердегі орны
1-кезең
2-кезең
3-кезең
";