О внесении изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 марта 2006 года N 83 "Об утверждении Правил расчета коэффициента убыточности страховой (перестраховочной) организации"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 марта 2006 года N 83 "Об утверждении Правил расчета коэффициента убыточности страховой (перестраховочной) организации"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылық есептеу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы N 83 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 181
- Қабылданған күні
- 25.06.2007
- Көрсетілген редакция
- 19.12.2015 AI34681_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V070004862_
- ЭКБ идентификаторы
- 34681
- Редакция идентификаторы
- AI34681_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:29
0 Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылық есептеу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы N 83 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті сақтандыру түрлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 7 мамырдағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Агенттік Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылық коэффициентін есептеу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы N 83 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4218 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
атауында және 1-тармақта, сонымен қоса Агенттік Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 83 қаулымен бекітілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылық коэффициентін есептеу ережесі Қосымшасының атауында "шығындылық коэффициентін" деген сөздер "шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылық коэффициентін есептеу ережесінде:
атауында "шығындылық коэффициентін" деген сөздер "шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
кіріспеде "шығындылық коэффициентін" деген сөздер "шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерін (шығындылық коэффициенті, жұмсалған қаражат коэффициенті, қиыстырылған коэффициенті)" деген сөздермен ауыстырылсын;
2, 4-тармақтардағы, 2-тараудың атауындағы "шығындылық коэффициентін" деген сөздер "шығындылықты сипаттайтын коэффициентерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мына редакцияда жазылсын:
"5. Қиыстырылған коэффициент шығындылық коэффициенті мен шығындар коэффициентінің сомасы ретінде есептеледі";
6-тармақтағы және мәтін бойынша бұдан әрі "Шығындар көрсеткішінің", "Шығындардың көрсеткіші", "шығындар көрсеткіші" деген сөздерге сәйкес "Шығындылық коэффициентінің", "Шығындылықтың коэффициенті", "шығындылық коэффициенті" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтағы және мәтін бойынша бұдан әрі "Жұмсалған қаражат көрсеткіші", "жұмсалған қаражат көрсеткіші" деген сөздерге сәйкес "Жұмсалған қаражат коэффициенті", "жұмсалған қаражат коэффициенті" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақтағы және мәтін бойынша бұдан әрі "Шығындылық коэффициенті", "Шығындылық коэффициентін", "шығындылық коэффициентіне", деген сөздерге сәйкес "Қиыстырылған коэффициент", "Қиыстырылған коэффициентті", "қиыстырылған коэффициентке", деген сөздермен ауыстырылсын;