О внесении изменения в Указ Президента Республики Казахстан от 25 мая 2006 года № 124 "Об утверждении Правил прохождения воинской службы в Вооруженных Силах, других войсках и воинских формированиях Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в Указ Президента Республики Казахстан от 25 мая 2006 года № 124 "Об утверждении Правил прохождения воинской службы в Вооруженных Силах, других войсках и воинских формированиях Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 243
- Қабылданған күні
- 30.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 30.04.2016 AI101863_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U1600000243
- ЭКБ идентификаторы
- 101863
- Редакция идентификаторы
- AI101863_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:19
0 "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1
1. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 19, 183-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелері мынадай мазмұндағы 86-1-тармақпен толықтырылсын:
«86-1. Жоғары офицерлер құрамының әскери атағы:
генерал-майор (контр-адмирал) жоғары офицерлер құрамы лауазымының алдындағы лауазымда полковник (бірінші дәрежелі капитан) атағында болғанына үш жыл өтуі бойынша және жоғары офицерлер құрамының лауазымында кемінде бір жыл қызмет еткен әскери қызметшіге берілуі мүмкін;
генерал-лейтенант (вице-адмирал) генерал-майор (контр-адмирал) әскери атағында кемінде үш жыл болған әскери қызметшіге берілуі мүмкін;
генерал-полковник (адмирал) генерал-лейтенант (вице-адмирал) әскери атағында кемінде үш жыл болған әскери қызметшіге берілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша жоғары әскери атақ мерзімінен бұрын берілуі мүмкін.».