Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 25 июля 2006 года № 155 "Об утверждении Положения о специальном представителе Президента Республики Казахстан на комплексе "Байконур"

Жарлық · № 643 · қабылданған 12.09.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2006-no-155/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 25 июля 2006 года № 155 "Об утверждении Положения о специальном представителе Президента Республики Казахстан на комплексе "Байконур" Қолданыста Жарлық ·№ 643 ·12.09.2013
12.09.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.09.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 25 июля 2006 года № 155 "Об утверждении Положения о специальном представителе Президента Республики Казахстан на комплексе "Байконур"

Қолданыста Жарлық ·№ 643 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 25 июля 2006 года № 155 "Об утверждении Положения о специальном представителе Президента Республики Казахстан на комплексе "Байконур"
Атауы (қаз.)
"Байқоңыр" кешеніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің арнаулы өкілі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 шілдедегі № 155 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
643
Қабылданған күні
12.09.2013
Көрсетілген редакция
12.09.2013 AI76143_0.kaz
Соңғы өзгеріс
12.09.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U1300000643
ЭКБ идентификаторы
76143
Редакция идентификаторы
AI76143_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:18

0 "Байқоңыр" кешеніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің арнаулы өкілі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 шілдедегі № 155 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1

1. "Байқоңыр" кешеніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің арнаулы өкілі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 шілдедегі № 155 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 277-құжат; 2008 ж., № 16, 145-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі туралы ережеде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Арнаулы өкіл өз қызметін жүзеге асыру кезінде "Байқоңыр" кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясымен, "Байқоңыр" кешенінің үйлестіру кеңесімен, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының мемлекеттік органдарымен, мемлекеттік мекемелерімен, ұйымдарымен және лауазымды адамдарымен, сондай-ақ Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысымен, өз қызметін "Байқоңыр" кешенінде жүзеге асыратын басқа да мемлекеттердің органдарымен және ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды.";
9-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) "Байқоңыр" кешеніндегі қазақстандық мемлекеттік органдардың, мекемелердің және мемлекеттік қатысу үлесі бар ұйымдардың "Байқоңыр" кешенінде Қазақстан Республикасы заңдық құзыретінің және Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі қызметінің тиімділігіне талдау жасайды, Қазақстан Республикасының Президентіне және Президент Әкімшілігіне тиісті ұсыныстар енгізеді;";
5), 8), 9) тармақшалар алып тасталсын;
11), 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"11) мемлекеттік бағдарламалар мен Байқоңыр қаласын, Төретам және Ақай кенттерін әлеуметтік-экономикалық дамыту жобаларының іске асырылуын жалпы үйлестіру мен бақылауды жүзеге асырады;
12) орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың "Байқоңыр" кешенінде Қазақстан Республикасы заңдық құзыретінің және Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтарының сақталу мәселелерін қозғайтын шешімдерінің жобаларын келіседі.";
10-тармақта:
11), 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"11) "Байқоңыр" кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының қарауына ұсыныстар енгізуге;
12) "Байқоңыр" кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының және "Байқоңыр" кешенінің үйлестіру кеңесі отырыстарының құжаттарын, сондай-ақ Байқоңыр қаласының әкімшілігі басшысының қажетті нормативтік құқықтық актілерін және Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешеніне қатысты басқа да нормативтік құқықтық актілерін алуға;";
14) тармақшадағы "беруге құқығы бар." деген сөздер "беруге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 16), 17) және 18) тармақшалармен толықтырылсын:
"16) Қазақстан Республикасының заңдық құзыретін қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдамағаны үшін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарын жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізуге;
17) Қазақстан Республикасының Президентіне жекелеген адамдарды мемлекеттік наградалармен марапаттау, тиісті адамдарға құрметті және өзге де атақтар беру жөнінде ұсыныс енгізуге;
18) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын тапсыруға құқығы бар.".

2 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) өзінің бұрын шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін;

2 2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3 3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4 4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы