О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 февраля 2006 года № 43 "Об утверждении Правил предоставления отчетности ипотечными организациями"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 февраля 2006 года № 43 "Об утверждении Правил предоставления отчетности ипотечными организациями"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Ипотекалық ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 43 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 205
- Қабылданған күні
- 28.11.2008
- Көрсетілген редакция
- 01.07.2015 AI43206_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V080005465_
- ЭКБ идентификаторы
- 43206
- Редакция идентификаторы
- AI43206_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:31
0 Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Ипотекалық ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 43 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ипотекалық ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Агенттік Басқармасының "Ипотекалық ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 43 қаулысына
( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4157 тіркелген ) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Ипотекалық ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 43 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 231 ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4465 тіркелген ), "Қазақстан Республикасының кейбір норамативтік құқықтық актілеріне ипотекалық ұйымдардың қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы N 189
( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4872 тіркелген ), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Ипотекалық ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2006 жылы 25 ақпандағы N 43 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2007 жылғы 24 қыркүйектегі N 239 ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4982 тіркелген ), "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 274
( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5126 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2008 жылғы 22 ақпанда N 28 (1428 ) санында жарияланған) қаулыларымен енгізілген толықтыруларымен және өзгерістерімен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-қосымшада:
"1. Активтердің, міндеттемелердің және меншікті капиталдың баланстық шоттарындағы қалдықтар туралы есеп" кестесінде:
1472-шотының атауында " Бағынышты" деген сөз "Қауымдасқан" деген сөзбен ауыстырылсын;
1752-шотынан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
"
1753
Туынды қаржы құралдарымен жасалған операциялар бойынша есептелген кірістер
";
1879-шотынан кейін мынадай мазмұндағы шоттар тобымен және шотпен толықтырылсын:
"
1880
Секьюритилендірілетін активтер
1880
Секьюритилендірілетін активтер
";
1899-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"
1899
Басқа туынды қаржы құралдарымен жасалған операциялар бойынша талаптар
";
2725-шотынан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
"
2727
Туынды қаржы құралдарымен жасалған операциялар бойынша есептелген шығыстар
";
2875-шоттан кейін мынадай мазмұндағы шоттар тобымен және шотпен толықтырылсын:
"
2880
Секьюритилендірілетін активтер бойынша міндеттемелер
2880
Секьюритилендірілетін активтер бойынша міндеттемелер
";
2899-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"
2899
Басқа туынды қаржы құралдарымен жасалған операциялар бойынша міндеттемелер
";
3561-шоттың атауында "бағалы қағаздар" деген сөздер "қаржылық активтер" деген сөздермен ауыстырылын;
3580-шоттың атауында "бөлінбеген таза кірісі" деген сөздер "бөлінбеген таза пайдасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"2. Баланс шоттарындағы кірістер мен шығыстардың қалдықтары туралы есеп" кестесінде:
5594-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"
5594
Басқа туынды қаржы құралдарымен жасалған операцияларды қайта бағалаудан болған жұмсалмаған шығыс
";
5851, 4851-шоттардың атауларында "бағынышты" деген сөз "қауымдасқан" деген сөзбен ауыстырылсын;
5872, 4472 және 4872-шоттардың атауларында "Бағынышты" деген сөз "Қауымдасқан" деген сөзбен ауыстырылсын;
5896-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"
5896
Басқа туынды қаржы құралдарымен жасалған операциялар бойынша шығыстар
";
4594-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"
4594
Басқа туынды қаржы құралдарымен жасалған операцияларды қайта бағалаудан болған жұмсалмаған шығыс
";
4896-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"
4896
Басқа туынды қаржы құралдарымен болған операциялар бойынша кірістер
";
"3. Баланстан тыс шоттардағы шартты және мүмкін талаптар
мен міндеттемелердің қалдықтары туралы есеп" кестесінде:
6200-шоттың атауында "қаржы фьючерстерін, сондай-ақ" деген сөздер алынып тасталсын;
6210 және 6225-шоттардың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"
6210
Фьючерс операциялары бойынша шартты талаптар
6225
Сатып алынған "колл/пут" опцион операциялары бойынша шартты талаптар
";
"
6226
Сатып алынған "Пут" опционды келісім-шарттары
"
деген шоттың нөмірі мен атауы алынып тасталсын;
6240-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"
6240
Проценттік своп
";
"
6250
Өзгермелі проценттік своп
"
деген шоттың нөмірі мен атауы алынып тасталсын;
6300-шоттың атауында "қаржы фьючерстерін, сондай-ақ" деген сөздер алынып тасталсын;
"
6310
Қаржы фьючерстерін сату бойынша шартты талап етулер
"
деген шоттың нөмірі мен атауы алынып тасталсын;
6325-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"
6325
Сатылған қарсы шот - "колл(пут)" опцион операциялары бойынша шартты талаптар
";
"
6326
Қарсы әріптес - "колл" - сатылған опционды келісім-шарттар
"
деген шоттың нөмірі мен атауы алынып тасталсын;
6350-шоттың атауы "туынды" деген сөзден кейін "қаржы" деген сөзбен толықтырылсын;
6700-шоттың атауында "қаржы фьючерстерін, сондай-ақ" деген сөздер алынып тасталсын;
6710 және 6725-шоттардың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"
6710
Фьючерс операциялары бойынша шартты міндеттемелер
6725
Сатып алынған қарсы шот - "колл/пут" - опцион операциялары бойынша шартты міндеттемелер
";
"
6726
Сатып алынған қарсы шот - "пут" - опционды келісім-шарттар
"
деген шоттың нөмірі мен атауы алынып тасталсын;
6740-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"
6740
Проценттік своп
";
"
6750
Белгіленген проценттік своп
"
деген шоттың нөмірі мен атауы алынып тасталсын;
6800-шоттың атауында "қаржы фьючерстерін, сондай-ақ" деген сөздер алынып тасталсын;
"
6810
Қаржы фьючерстерін сату бойынша шартты міндеттемелер
"
деген шоттың нөмірі және атауы алынып тасталсын;
6825-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"
6825
Сатылған "колл(пут)" - опциондық операциялар бойынша шартты міндеттемелер
";
"
6826
Сатылған "колл" - опциондық келісім-шарттар
"
деген шоттың нөмірі мен атауы алынып тасталсын;
6850-шоттың атауы "туынды" деген сөзден кейін "қаржы" деген сөзбен толықтырылсын;
" 4. Меморандумның баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есеп " кестесінде:
7303-шоттан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
"
7320
Секьюритилендірілетін активтер
";
7363-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"
7363
Клиенттердің кастодиандық қызмет көрсетіліп отырған активтері
";
"
7603
Бағалы қағаздар
"
деген шоттың нөмірі және атауы алынып тасталсын;
"
7605
Капиталға инвестициялар
7606
Материалдық емес активтер
7607
Негізгі құрал-жабдықтар
7608
Басқа да активтер
7609
Дивидендтер
"
шоттардың нөмірлері мен атаулары алынып тасталсын.
2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
3 3. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
1 1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің мүдделі бөлімшелеріне, ипотекалық ұйымдарға және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.