О внесении дополнений и изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 февраля 2006 года № 43 "Об утверждении Правил предоставления отчетности ипотечными организациями"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений и изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 февраля 2006 года № 43 "Об утверждении Правил предоставления отчетности ипотечными организациями"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Ипотекалық ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы № 43 қаулысына толықтырулар мен өзгерістерді енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 74
- Қабылданған күні
- 01.06.2010
- Көрсетілген редакция
- 01.07.2015 AI53498_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V100006324_
- ЭКБ идентификаторы
- 53498
- Редакция идентификаторы
- AI53498_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:04
0 Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Ипотекалық ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы № 43 қаулысына толықтырулар мен өзгерістерді енгізу туралы
Ипотекалық ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Агенттік Басқармасының «Ипотекалық ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 43 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4157 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1-қосымшада:
«1. Активтердің, міндеттемелердің және меншікті капиталдың баланстық шоттарындағы қалдықтар туралы есеп» деген кесте:
1052-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 1053-шотпен толықтырылсын:
«
1053
Ипотекалық ұйымдардың банктердегі ағымдағы шоттары
»;
1054-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«
1054
Басқа банктердегі корреспонденттік шоттары мен ипотекалық ұйымдардың ағымдағы шоттары бойынша шығындарды жабуға арналған резервтер (провизиялар)
»;
1202-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«
1202
Пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша есептелетін бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен берешек
»;
«
1204
Бағалы қағаздар бойынша шығынды жабуға арналған резервтер (провизиялар)
»
деген шоттың нөмірі мен атауы алынып тасталсын;
«
1207
Кіріс немесе шығын арқылы әділ құн бойынша ескерілетін, бағалы қағаздар бойынша алдыңғы ұстаушылар есепке алған сыйақы
»;
деген шоттың нөмірі мен атауы алынып тасталсын;
1450-шоттар тобының атауынан кейін мынадай мазмұндағы 1451-шотпен толықтырылсын:
«
1451
Сату үшін қолда бар бағалы қағаздар бойынша шығындарды жабуға арналған резервтер (провизиялар)
»;
«
1455
Сату үшін қолда бар бағалы қағаздар бойынша осының алдындағы ұстаушылар есептеген сыйақысы
»
деген шоттың нөмірі мен атауы алынып тасталсын;
«
1458
Бағалы қағаздармен «Кері РЕПО» операциялары
1458
Бағалы қағаздармен «Кері РЕПО» операциялары
»;
деген шоттар тобының және шоттың нөмірлері мен атаулары алынып тасталсын;
1458-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 1459-шотпен, 1460-шоттар тобымен және 1461, 1462, 1463-шоттармен толықтырылсын:
«
1459
Сату үшін қолда бар бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен берешек
1460
Бағалы қағаздармен «Кері РЕПО» операциялары
1461
Бағалы қағаздармен «Кері РЕПО» операциялары
1462
Бағалы қағаздармен «Кері РЕПО» операциялары бойынша мерзімі өткен берешек
1463
Бағалы қағаздармен «Кері РЕПО» операциялары бойынша шығындарды жабуға арналған резервтер (провизиялар)
»;
1476-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 1477-шотпен толықтырылсын:
«
1477
Еншілес және қауымдасқан ұйымдарға инвестициялар бойынша шығындарды жабуға арналған резервтер (провизиялар)
»;
«
1484
Өтегенге дейін ұсталынып қалатын, бұрынғы ұстаушылар бағалы қағаздар бойынша есептеген сыйақы
»
деген шоттың нөмірі мен атауы алынып тасталсын;
1484-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 1485, 1486-шоттармен, 1490-шоттар тобымен және 1491, 1492, 1493, 1494, 1495-шоттармен толықтырылсын:
«
1485
Өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен берешек
1486
Өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздар бойынша шығындарды жабуға арналған резервтер (провизиялар)
1490
«Заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да борыштық құралдар
1491
«Заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да борыштық құралдар
1492
«Заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да борыштық құралдар бойынша дисконт
1493
«Заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да борыштық құралдар бойынша сыйлықақы
1494
«Заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да борыштық құралдар бойынша мерзімі өткен берешек
1495
«Заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да борыштық құралдар бойынша шығындарды жабуға арналған резервтер (провизиялар)
»;
1749-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 1750-шотпен толықтырылсын:
«
1750
Бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен сыйақы
»;
1756-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 1757-шотпен толықтырылсын:
«
1757
«Заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да борыштық құралдар бойынша есептелген кірістер
»;
1814-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 1815-шотпен толықтырылсын:
«
1815
Сенімгерлік операциялар бойынша көрсетілген қызмет үшін есептелген комиссиялық кірістер
»;
1890-шоттар тобының атауы «операциялар» деген сөзден кейін «мен дилингтік операциялар» деген сөздермен толықтырылсын;
2030-шоттар тобының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«
2030
Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған заемдар
»;
2036-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«
2036
Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған ұзақ мерзімді заемдар
»;
2040-шоттар тобынан кейін мынадай мазмұндағы 2041, 2042-шоттармен толықтырылсын:
«
2041
Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған заемдар бойынша дисконт
2042
Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған заемдар бойынша сыйлықақы
»;
2216-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 2231-шотпен толықтырылсын:
«
2231
Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары бойынша мерзімі өткен берешек
»;
2703-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«
2703
Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған заемдар бойынша есептелген шығыстар
»;
2706-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 2707-шотпен толықтырылсын:
«
2707
Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (қардарлық, кепілпұл) ретінде қабылданған ақша сомасына сыйақы төлеумен байланысты есептелген шығыстар
»;
2869-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«
2869
Берілген кепілдіктер
»;
2890-шоттар тобының атауы «операциялар» деген сөзден кейін «мен дилингтік операциялар» деген сөздермен толықтырылсын;
«
3590
Гиперинфляцияға түзету шоты
»
деген шоттың нөмірі мен атауы алынып тасталсын;
«2. Баланс шоттарындағы кірістер мен шығыстардың қалдықтары туралы есеп» деген кестеде:
5030-шоттар тобының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«
5030
Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған заемдар бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар
»;
5216-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 5229-шотпен толықтырылсын:
«
5229
Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (қардарлық, кепілпұл) ретінде қабылданған ақша сомасына сыйақы төлеумен байланысты шығыстар
»;
5308-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 5309-шотпен толықтырылсын:
«
5309
«Заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да борыштық құралдар бойынша сыйлықақыны амортизациялау бойынша шығыстар
»;
«
5894
Спот операциялар бойынша шығыстар
»
деген шоттың нөмірі мен атауы алынып тасталсын;
5896-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 5897-шотпен толықтырылсын:
«
5897
Туынды қаржы құралдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар
»;
«
4091
Басқа банктермен жасалған операциялар бойынша сыйақы алумен байланысты басқа кірістер
»
деген шоттың нөмірі мен атауы алынып тасталсын;
4200-шоттар тобының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«
4200
Пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша ескерілетін бағалы қағаздар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер
»;
4482-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 4490-шоттар тобымен және 4491, 4492-шоттармен толықтырылсын:
«
4490
«Заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да борыштық құралдар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер
4491
«Заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да борыштық құралдар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер
»;
4492
«Заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да борыштық құралдар бойынша дисконтты амортизациялау бойынша кірістер
«
4894
Спот операциялары бойынша кірістер
»
деген шоттың нөмірі мен атауы алынып тасталсын;
4896-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 4897-шотпен толықтырылсын:
«
4897
Туынды қаржы құралдары бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер
».