О внесении изменения и дополнения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 февраля 2006 года № 55 "Об установлении минимального рейтинга для юридических лиц - нерезидентов Республики Казахстан, необходимость наличия которого требуется в соответствии с законодательством Республики Казахстан, регулирующим деятельность финансовых организаций, перечня рейтинговых агентств, присваивающих данный рейтинг, а такж
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 февраля 2006 года № 55 "Об установлении минимального рейтинга для юридических лиц - нерезидентов Республики Казахстан, необходимость наличия которого требуется в соответствии с законодательством Республики Казахстан, регулирующим деятельность финансовых организаций, перечня рейтинговых агентств, присваивающих данный рейтинг, а такж
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін Қазақстан Республикасының резиденті емес - заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 159
- Қабылданған күні
- 12.08.2006
- Көрсетілген редакция
- 24.12.2012 AI29706_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.12.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V060004400_
- ЭКБ идентификаторы
- 29706
- Редакция идентификаторы
- AI29706_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 16:59
0
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін Қазақстан Республикасының резиденті емес - заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 55 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қаржы секторында бәсекелестікті арттыру және оны одан әрі ырықтандыру, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы N 222 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесінде айқындалған міндеттердің іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Агенттік Басқармасының "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін Қазақстан Республикасының резиденті емес - заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 55 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 4139 тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
3-тармақта:
4) тармақшадағы "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5)-7) тармақшалармен толықтырылсын:
"5) Dominion Bond Rating Service (DBRS);
6) Japan Credit Rating Agency (JCR);
7) Rating & Investment Information (R&I).".
2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
1 1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге, жинақтаушы зейнетақы қорларына, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.