О внесении изменения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 февраля 2006 года № 55 "Об установлении минимального рейтинга для юридических лиц, необходимость наличия которого требуется в соответствии с законодательством Республики Казахстан, регулирующим деятельность финансовых организаций, перечня рейтинговых агентств, присваивающих данный рейтинг, а также о внесении изменения в постановление Правления
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 февраля 2006 года № 55 "Об установлении минимального рейтинга для юридических лиц, необходимость наличия которого требуется в соответствии с законодательством Республики Казахстан, регулирующим деятельность финансовых организаций, перечня рейтинговых агентств, присваивающих данный рейтинг, а также о внесении изменения в постановление Правления
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 129
- Қабылданған күні
- 03.09.2010
- Көрсетілген редакция
- 24.12.2012 AI55006_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.12.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1000006544
- ЭКБ идентификаторы
- 55006
- Редакция идентификаторы
- AI55006_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:26
0
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы № 55 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Агенттік Басқармасының «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 55 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4139 тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 30-бабының 13-тармағының мақсаттары үшін бас банктің не банктің холдингтік компаниясының шетел валютасындағы ұзақ мерзімді рейтингі Қазақстан Республикасына берілген шетел валютасындағы тәуелсіз рейтингтен немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтинг агенттіктерінің бірі берген, осы қаулының қосымшасында көрсетілген, оған сай келетін рейтингтен төмен емес болуы тиіс екендігі белгіленсін.
Агенттіктің және Standart & Poors рейтинг агенттігінің "ВВ-"-тен немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтинг агенттіктерінің бірі берген, осы қаулының қосымшасында көрсетілген, оған сай келетін рейтингтен төмен емес шетел валютасындағы тәуелсіз рейтингі бар басқа мемлекеттің банктердің қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органдарының арасында ақпаратпен алмасуды көздейтін келісім болған жағдайда, бас банктің шетел валютасындағы ұзақ мерзімді рейтингі Standart & Poors рейтинг агенттігінің "ВВ-"-тен немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтинг агенттіктерінің бірі берген, осы қаулының қосымшасында көрсетілген, оған сай келетін рейтингтен төмен емес болуы тиіс екендігі белгіленсін.».