Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 февраля 2006 года № 58 "Об утверждении Правил выдачи, отзыва согласия на приобретение статуса крупного участника открытого накопительного пенсионного фонда "

Қаулы · № 114 · қабылданған 30.04.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2006-no-58/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 февраля 2006 года № 58 "Об утверждении Правил выдачи, отзыва согласия на приобретение статуса крупного участника открытого накопительного пенсионного фонда " Күшін жойған Қаулы ·№ 114 ·30.04.2007
25.01.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 февраля 2006 года № 58 "Об утверждении Правил выдачи, отзыва согласия на приобретение статуса крупного участника открытого накопительного пенсионного фонда "

Күшін жойған Қаулы ·№ 114 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 февраля 2006 года № 58 "Об утверждении Правил выдачи, отзыва согласия на приобретение статуса крупного участника открытого накопительного пенсионного фонда "
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, қайтарып алу Ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы № 58 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
114
Қабылданған күні
30.04.2007
Көрсетілген редакция
25.01.2008 AI33717_2.kaz
Соңғы өзгеріс
25.01.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V070004744_
ЭКБ идентификаторы
33717
Редакция идентификаторы
AI33717_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:42

0

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, қайтарып алу Ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 58 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне миноритарлық инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 19 ақпандағы Заңына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Агенттік Басқармасының "Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, қайтарып алу Ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 58 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4141 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2006 жылғы 21 сәуірде N 71-72 (878) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
атауында, 1-тармақта "беру," деген сөз "беру, беруден бас тарту және" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, қайтарып алу ережесінде:
атауында және кіріспеде "беру," деген сөз "беру, беруден бас тарту және" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қордың ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін алғысы келетін тұлға бір мезгілде өтінішімен бірге уәкілетті органға Заңның 36-1-бабының 4-7-тармақтарында көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсынады.
Өтініш беруші Қазақстан Республикасының резиденті - жеке тұлға, сондай-ақ өтініш беруші - заңды тұлғаның атқарушы органының бірінші басшысы болып табылатын басшы қызметкері өтініш иесі - жеке тұлға туралы қысқаша деректер осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысанда ұсынылады.
Заңның 36-1-бабының 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ұсынылатын Қордың акцияларын сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерде растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса беріп, жеке тұлға - өтініш иесіне меншік құқығында тиесілі мүлік құнынан аспайтын мөлшерде Қордың акцияларын сатып алуға пайдаланылатын ақша көздері мен қаражаттардың сипаттамасын көрсетеді.
Мінсіз іскерлік бедел жөніндегі мәліметтер осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес мыналарды қоса беріп, ұсынылады:
құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепті жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган анықтама түрінде берген экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін немесе ауырлығы орташа қылмыстар, ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығы екендігін растайтын құжатты (көрсетілген құжатты берген күн өтініш берген күннің алдындағы үш айдан аспауы тиіс);
осы Ереженің 2-қосымшасында көрсетілген мәліметтерді растайтын басқа құжаттардың көшірмелерін.
Өтініш беруші ұсынатын Қордың қаржылық жағдайы нашарлау мүмкіндігі жағдайында, Қорды кері капиталдандыру жоспарында мынадай ақпарат болуы тиіс:
Қордың ағымдағы жағдайына баға беру;
Қорды қаржылық жағынан сауықтыру жөніндегі шараларды толығынан сипаттау (шығыстарды төмендету бойынша шаралар, пруденциалдық нормативтер мен басқа шаралар орындалатын мөлшерге дейін меншікті капиталды қалпына келтіруге бағытталған қосымша қаржы салымдар және өзге де іс-шаралар);
Қорды қаржылық жағынан сауықтыру жөніндегі шараларды орындаудың күнтізбелік мерзімдері;
сауықтыру шаралардың болжамдау экономикалық әсері (пруденциалдық нормативтердің өзгеру динамикасы; Қордың меншікті қаражаты (капиталы) мөлшерінің өзгеруі, Қордың қаржылық және басқа көрсеткіштерінің өзгеруі).
Уәкілетті орган ұсынылған құжаттардың шынайылығын тексеру қажет болған жағдайда, тиісті органдар мен ұйымдардан қосымша мәліметтер сұратады.";
мынадай мазмұндағы 8-1 және 8-2-тармақтармен толықтырылсын:
"8-1. Уәкілетті орган Заңның 36-2-бабында көзделген негіздер бойынша Қордың ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беруден бас тартады. Уәкілетті органның Қордың ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімін беруге белгіленген мерзімде өтініш берушіге дәлелденген жауап жазбаша түрде беріледі.
8-2. Қордың ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, беруден бас тарту туралы шешімді уәкілетті органның Басқармасы қабылдайды.";
10-тармақта;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Құрылып отырған Қордың ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін алған тұлға Қордың акцияларын мемлекеттік тіркеу күнінен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде Қордың акцияларын сатып алғандығын куәландыратын бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімінен не эмиссиялық бағалы қағаздарды номиналды ұстау жүйесінен көшірме ұсынады.";
үшінші абзацта "мерзімі отыз күнтізбелік күн өткеннен кейін" деген сөздер алынып тасталсын;
1 және 2-қосымшалар осы қаулының қосымшасына сәйкес жазылсын.

2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

3 3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):

1 1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.

4 4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында

жариялауды қамтамасыз етсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.

0 Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын

және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі Басқармасының
2007 жылғы 30 сәуірдегі
N 114 қаулысына қосымша
"Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының
ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге
келісімді беру, беруден бас тарту
және қайтарып алу ережесіне
1-қосымша
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін
   иеленуге келісімін алғысы келетін өтініш иесі - заңды тұлғаның,
  өтініш иесі - жеке тұлға басшы қызметкері туралы қысқаша деректер
____________________________________________________________________
           (ашық жинақтаушы зейнетақы қорының атауы)
1. Фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________________
2. Азаматтығы ______________________________________________________
3. Жеке басын куәландыратын құжат деректері ________________________
4. Жұмыс орны (орындары), лауазымы (лауазымдары) ___________________
5. Жұмыс орнының (орындарының) мекен-жайы (мекен-жайлары), байланыс
телефоны ___________________________________________________________
6. Ері (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі,
балалары) және жекжаттары (ерінің (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі,
апа-сіңлісі, балалары) туралы мәліметтер:
N
Фа­ми­ли­я­сы, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са)
Ту­ған жы­лы
Туы­сқан­дық қа­ты­на­ста­ры
Жұ­мыс ор­ны және қыз­ме­ті
1
Осы ақпарат тексерілгенін және шынайы мен толық болып
табылатынын растаймын.
Өтініш беруші - жеке тұлға
____________________________________________________________________
(фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса) баспа әріптерімен, қолы)
Өтініш беруші - заңды тұлғаның атқарушы органының бірінші
басшысы
____________________________________________________________________
(фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса) баспа әріптерімен, қолы)
Мөр орны
Күні _____________

1 Өтініш иесі - заңды тұлғаның басшы қызметкері өтініш иесі - жеке тұлғаның мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтер

Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының
ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге
келісімді беру, беруден бас тарту
және қайтарып алу ережесіне
2-қосымша
Өтініш иесі - заңды тұлғаның басшы қызметкері өтініш иесі - жеке
тұлғаның мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтер
1. Білімі
Оқу ор­ны­ның ата­уы
Ке­ліп түс­кен кү­ні - аяқ­та­ған кү­ні
Ма­манды­ғы
Бі­лі­мі ту­ра­лы ди­плом­ның де­ректе­ме­ле-
рі, бі­лік­ті­лі­гі
Оқу ор­ны­ның ор-
на­лас­қан же­рі
2. Соңғы үш жылдағы біліктілік көтеру жөніндегі семинарлар,
біліктілік көтеру курстарынан өту туралы мәліметтер
Ұй­ым­ның ата­уы
Өт­кі­зу кү­ні және ор­ны
Сер­ти­фи­кат де­ректе­ме­ле­рі
3. Еңбек қызметі туралы мәліметтер
Жұ­мыс ке­зе­ңі
Жұ­мыс
ор­ны
Ла­у­а­зы­мы
Тәр­тіп­тік ша­ра қол­да­ну­дың бо­луы
Жұ­мыстан шы­ғу, қыз­мет­тен боса­ту се­беп­те­рі
4. Бар жарияланымдар, ғылыми әзірленімдер және басқа да жетістіктер:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
5. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін немесе ауырлығы
орташа қылмыстар, ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін алынбаған
немесе өтелмеген соттылығының бар болуы жөніндегі мәліметтер
Кү­ні
Сот
ор­га­ны­ның
ата­уы
Сот­тың
тұ­ра­тын
ор­ны
Жа­за­ның
тү­рі
1997 жы­л­ғы 16 шіл­де­де­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка-
сы­ның Қыл­мыстық ко­дек­сі­нің ба­бы
Сот­тың про­цес­су­ал­ды ше­шім­ді қа­был­да­ған кү­ні
6. Өзіне қабылдаған міндеттемелерді (өтелмеген немесе мерзімі өткен
заемдар және басқалар) орындамау фактілерінің болуы туралы
мәліметтер
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
 (аталған фактілер болған жағдайда ұйымның атауын және міндеттемелер
                       сомасын көрсету қажет)
7. Өтініш иесі ірі қатысушы не басшы қызметкер болып табылған
жағдайдағы кезеңде заңды тұлғаның қаржылық жағдайының нашарлауының
немесе банкроттық фактісінің болуы:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
8. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорымен аффилиирленгендігі болуы
(болмауы):
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
           (иә/жоқ, аффилиирлік сипаттарын көрсету)
9. Осы мәселеге қатысы бар басқа ақпарат: __________________________
____________________________________________________________________
      Осы ақпарат тексерілгенін және шынайы мен толық болып
табылатынын растаймын.
      Өтініш беруші - жеке тұлға
____________________________________________________________________
 (фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса) баспа әріптерімен, қолы)
Өтініш беруші - заңды тұлғаның атқарушы органының бірінші басшысы
____________________________________________________________________
 (фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса) баспа әріптерімен, қолы)
Мөр орны
Күні ______________"

Қолданыстағы