Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 февраля 2006 года № 61 "Об утверждении Правил регистрации профессиональными участниками рынка ценных бумаг, оказывающими услуги номинального держания, сделок с ценными бумагами, оформления и выдачи ими выписки с лицевого счета держателя ценных бумаг и раскрытия информации номинальным держателем"

Қаулы · № 147 · қабылданған 12.08.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2006-no-61-ekb-29559/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 февраля 2006 года № 61 "Об утверждении Правил регистрации профессиональными участниками рынка ценных бумаг, оказывающими услуги номинального держания, сделок с ценными бумагами, оформления и выдачи ими выписки с лицевого счета держателя ценных бумаг и раскрытия информации номинальным держателем" Күшін жойған Қаулы ·№ 147 ·12.08.2006
22.10.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.10.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 февраля 2006 года № 61 "Об утверждении Правил регистрации профессиональными участниками рынка ценных бумаг, оказывающими услуги номинального держания, сделок с ценными бумагами, оформления и выдачи ими выписки с лицевого счета держателя ценных бумаг и раскрытия информации номинальным держателем"

Күшін жойған Қаулы ·№ 147 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 февраля 2006 года № 61 "Об утверждении Правил регистрации профессиональными участниками рынка ценных бумаг, оказывающими услуги номинального держания, сделок с ценными бумагами, оформления и выдачи ими выписки с лицевого счета держателя ценных бумаг и раскрытия информации номинальным держателем"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы № 61 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
147
Қабылданған күні
12.08.2006
Көрсетілген редакция
22.10.2014 AI29559_2.kaz
Соңғы өзгеріс
22.10.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V060004364_
ЭКБ идентификаторы
29559
Редакция идентификаторы
AI29559_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:00

0

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 61 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Нормативтік құқықтық кесімдерді "Қазақстан Республикасындағы банктер мен банк қызметі туралы", " Сақтандыру қызметі туралы ", "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы", " Бағалы қағаздар рыногы туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Агенттік Басқармасының "Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 61 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4138 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесінде:
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«"8-1. Номиналды ұстаушыны есепке алу жүйесінде пайлық инвестициялық қорда жеке шотты ашу номиналды ұстаушы мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырады:
1) инвестициялық портфелді басқарушыға жеке шотты ашуға шығарылған бұйрық;
2) жеке шоттар бойынша және ақпараттық операциялар құжаттарын тіркеуге қол қою құқына ие инвестициялық портфелді басқарушы өкілдерінің ноториалды куәландырылған үлгілерден тұратын құжаттар мен оның:
номиналды ұстаушының атауы;
пайлық инвестициялық қордың атауы;
инвестициялық портфелді басқарушының атауы сияқты деректері бар мөрдің көшірмесі;
лауазымы, тегі, аты-жөні, бар болса - инвестициялық портфелді басқарушы өкілдің әкесінің аты, оның кім екенін куәландыратын құжатының деректері;
номиналды ұстаушының есепке алу жүйесінде ашылған пайлық инвестициялық қордың есепшоты бойынша барлық операцияларды жүзеге асыру кезінде осы құжаттағы қолдардың үлгілерінің болуы міндетті саналуының атап көрсетілуі;
3) номиналды ұстаушының ішкі құжаттарында қарастырылған басқа да құжаттар.";
15-тармақтың бірінші абзацы ", номиналды ұстаушының аффилиирленбеген" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
«"15-1. Сейфтік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдармен жасалатын шартта уәкілетті органға сақтаулы тұрған резервтік көшірмелердің нақты қолда бары мен сақталу жайын тексеруге мүмкіндік беретін шарттарды қарастыру қажет.";
мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:
«"19-1. Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде деректері жоқ болса, онда номиналды ұстаушы клиенттің өтінімі негізінде оған ондай өтінімді алған келесі жұмыс күнінен кешіктірмей аталған клиентке мүмкіндігі басым сатып алу құқын жүзеге асыратын өтінім беру туралы тапсырманы жібереді.";
23-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«"Егер клиент екінші деңгейдегі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру), ашық жинақтаушы зейнетақы қорының - акционерлік қоғамның ірі қатысушысы болса, онда ол мәмілені тіркеудің алдында номиналды ұстаушыға уәкілетті органның ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісімін ұсынады.";
36-тармақта:
"екі" деген сөз "бес"деген сөзбен ауыстырылсын;
", осы Ереженің 38-тармағының екінші абзацында белгіленген жағдайларды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
37-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«"37. Орталық депозитарий Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылмайтын номиналды ұстаушыларға бағалы қағаздарды есепке алу үшін бағалы қағаз иелеріне және/немесе уәкілетті органнан, тіркеушіден немесе эмитенттен сұрау салу алғаннан кейінгі күннен кешіктірмей депоненттерге сұрау жолдайды.";
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"38. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, жеке шотында бағалы қағаздар есепте тұратын, меншік иелігіне жататын, уәкілетТі органнан, орталық депозитарийден, тіркеуші немесе эмитенттен сұрау салу алғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде сұрау салған адамға тиісті мәліметтерді береді.
Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылмайтын номиналды ұстаушы оларға бағалы қағаздарды есепке алу үшін жеке шоттарын ашып берген депоненттер акционерлердің жалпы жиналысыН өткізуге қатысушы акционерлердің тізімін жасауға қажетті ақпараттарды орталық депозитарийден сұрау түскен сәттен бастап жиырма үш күнтізбелік күн ішінде береді.
Орталық депозитарий Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын оларға бағалы қағаздарды есепке алу үшін номиналды ұстаушы жеке шоттарын ашып берген өз депоненттерінен акционерлердің жалпы жиналысын өткізуге қатысатын акционерлердің тізімін жасауға қажетті ақпаратты алған сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде оны тіркеушіге жібереді.".

2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):

1 1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2

2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, орталық депозитарийге, брокерлік және/немесе дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті, бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, "Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

4 4. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

Қолданыстағы