О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 февраля 2006 года № 61 "Об утверждении Правил регистрации профессиональными участниками рынка ценных бумаг, оказывающими услуги номинального держания, сделок с ценными бумагами, оформления и выдачи ими выписки с лицевого счета держателя ценных бумаг и раскрытия информации номинальным держателем"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 февраля 2006 года № 61 "Об утверждении Правил регистрации профессиональными участниками рынка ценных бумаг, оказывающими услуги номинального держания, сделок с ценными бумагами, оформления и выдачи ими выписки с лицевого счета держателя ценных бумаг и раскрытия информации номинальным держателем"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 61 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 62
- Қабылданған күні
- 27.03.2009
- Көрсетілген редакция
- 22.10.2014 AI45445_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.10.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V090005652_
- ЭКБ идентификаторы
- 45445
- Редакция идентификаторы
- AI45445_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:31
0
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 61 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Агенттік Басқармасының "Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 61 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4138 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 61 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 12 тамыздағы N 147 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4364 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 61 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы N 74 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4653 тіркелген), "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы N 155 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4803 тіркелген, 2007 жылғы шілде-тамызда Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 61 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы N 171 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4843 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 61 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 236 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5530 тіркелген) қаулыларымен енгізілген толықтырулармен және өзгерістермен бірге мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
1) бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шоты - клиент үшін және оның бағалы қағаздарын есепке алуға арналған жеке шот;
2) ислам бағалы қағаздары – ислам жалдау сертификаттары мен ислам қатысу сертификаттары;
3) мәлімденген бағалы қағаздардың есебін алуға арналған эмитенттің жеке шоты - орналастырылмаған бағалы қағаздардың есебі жүзеге асырылатын номиналды ұстаушының есебі жүйесінде эмитент үшін ашылған пайларды қоспағандағы жеке шот;
4) номиналды ұстаушының жеке шоты - номиналды ұстаушы үшін ашылған және оның клиенттерінің бағалы қағаздарын есепке алуға арналған жеке шот;
5) номиналды ұстаушының есебі жүйесіндегі операция - номиналды ұстаушының есебі жүйесіне деректерді енгізу (өзгерту) және (немесе) номиналды ұстаушының есебі жүйесін құрайтын ақпаратты дайындау және ұсыну нәтижесі болып табылатын номиналды ұстаушы іс-әрекетінің жиынтығы;
6) операциялық күн - осы кезең ішінде номиналды ұстаушы қабылдау өткізеді, бұйрықтарды өңдейді, жеке шот және ақпараттық операция бойынша операцияларды тіркейтін уақыт кезеңі;
7) "репо" операциясы - тараптары екі бірдей тұлғалар болып табылатын ("репо" операциясына қатысушылар), "репо" операциясының мәні бір шығарылымның бағалы қағаздарымен жасалған орындалу мерзімі бойынша ерекшеленетін және бағыттары бойынша бір-біріне қарама-қарсы, бір уақытта жасаған екі мәміленің жиынтығы;
8) уәкілетті орган - бағалы қағаздар нарығын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
9) эмитенттің сатып алынған бағалы қағаздардың есебін алуға арналған жеке шоты - қайталама бағалы қағаздар рыногында эмитент сатып алған бағалы қағаздардың есебі жүзеге асырылатын номиналды ұстаушының есебі жүйесінде эмитентке ашылған, пайларды қоспағандағы жеке шоты.";
34-тармақтың 6) тармақшасы "облигацияларды" деген сөзден кейін "(ислам бағалы қағаздарды)" деген сөздермен толықтырылсын;
1-қосымшаның екінші кестесінің бесінші бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"
Облигацияларды (ислам бағалы қағаздарды) өтеу күні
".