Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 июля 2006 года № 65 «Об утверждении Правил осуществления инвестиционных операций Национального фонда Республики Казахстан»

Қаулы · № 7 · қабылданған 22.02.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2006-no-65-ekb-153231/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 июля 2006 года № 65 «Об утверждении Правил осуществления инвестиционных операций Национального фонда Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 7 ·22.02.2021
22.02.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.02.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 июля 2006 года № 65 «Об утверждении Правил осуществления инвестиционных операций Национального фонда Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 7 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 июля 2006 года № 65 «Об утверждении Правил осуществления инвестиционных операций Национального фонда Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
7
Қабылданған күні
22.02.2021
Көрсетілген редакция
22.02.2021 153231_516012.kaz
Соңғы өзгеріс
22.02.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022296
ЭКБ идентификаторы
153231
Редакция идентификаторы
153231_516012
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:28

0 «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Занына және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шарт туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы № 655 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4361 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларында:
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Тұрақтандыру портфелінің ең жоғарғы мөлшері 10 (он) миллиард АҚШ долларын құрайды. Егер жылдың қорытындысы бойынша тұрақтандыру портфелінің мөлшері 10 (он) миллиард АҚШ долларынан асып кеткен жағдайда, аударым жасау күніне асып кеткен сомадан кем емес мөлшердегі қаражат тиісті жылдан кейінгі 1 (бір) тоқсан ішінде тұрақтандыру портфелінен жинақ портфеліне аударылады.»;
28-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28-1. Тұрақтандыру портфелінің ең төменгі мөлшері 5 (бес) миллиард АҚШ долларын құрайды. Егер әрбір тоқсанның қорытындыcы бойынша тұрақтандыру портфелінің мөлшері 5 (бес) миллиард АҚШ долларынан кем болған жағдайда, аударым жасау күніне толықтыру үшін қажетті сомадан кем емес мөлшердегі қаражат тиісті тоқсаннан кейінгі 1 (бір) ай ішінде жинақ портфелінен тұрақтандыру портфеліне аударылады.»;
51-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Эталондық портфельге кірмейтін дамыған елдердің мемлекеттік облигациялары, агенттік борыштық міндеттемелер, эталондық портфельге кіретін елдердің муниципалдық борыштық міндеттемелері, АА- (Standard&Poor's)/Aa3 (Moody's) және одан төмен ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарының борыштық міндеттемелері портфеліндегі ең жоғары ауытқулар осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес айқындалады.»;
7-тарау алып тасталсын;
72-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 72-1-тармақпен толықтырылсын:
«72-1. Контрәріптестермен операциялар контрәріптестердің кредитке қабілеттілігін ескере отырып, кредиттік лимиттері шеңберінде жүргізіледі.»;
73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«73. Бағалы қағаздардың ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі осы Қағидаларда белгіленген деңгейден төмен түсірілген жағдайда, рейтинг төмендетілген күннен бастап 6 (алты) ай ішінде осы позициялар мен мәмілелерді осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келтіру бойынша шаралар қабылданады.»;
3-1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
6-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Монетарлық операциялар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Ақпарат және коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

1 Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Басқармасының
2021 жылғы 22 ақпандағы № 7
Қаулыға 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының
инвестициялық операцияларын
жүзеге асыру қағидаларына
3-1-қосымша
Порт­фель­дер­дің әр жыл­дың со­ңын­да­ғы жи­нақ порт­фе­лі­нің құ­ра­мын­да­ғы ны­са­на­лы үле­сте­рі (пай­ы­з­бен)
Жыл
Об­ли­га­ци­я­лар
Да­мы­ған ел­дер­дің ак­ци­я­ла­ры
Ба­ла­ма құ­рал­дар
Ал­тын
Мем­ле­кет­тік
Кор­по­ра­тив­тік
да­мы­ған ел­дер­дің
да­му­шы ел­дер­дің
2019
63
5
3
22 және жо­ға­ры
5-ке дей­ін
3-ке дей­ін
2020
63
5
3
22 және жо­ға­ры
4-5-ке дей­ін
2021
47
12
6
26 және жо­ға­ры
5-ке дей­ін
2022
29
21
10
30 және жо­ға­ры

2 Қаулыға 2-қосымша

Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының
инвестициялық операцияларын
жүзеге асыру қағидаларына
6-қосымша
Ак­тив­тер­дің тү­рі
На­рық құ­ны
(пай­ы­з­бен)
ең тө­мен­гі
ең жо­ға­ры
BBB/Ва­а2 ба­стап ВВВ+/Ва­а1 дей­ін қо­са ал­ған­да ұзақ мер­зім­ді кре­дит­тік рей­тин­гі­мен (BBB/Ва­а2 ұзақ мер­зім­ді кре­дит­тік рей­тин­гі­мен үлес 3 (үш) пай­ы­здан ас­пай­ды)
0
6
A-/А3 ба­стап A/А2 дей­ін қо­са ал­ған­да ұзақ мер­зім­ді кре­дит­тік рей­тин­гі­мен
0
9
А+/А1 ба­стап AA-/Аа3 дей­ін қо­са ал­ған­да ұзақ мер­зім­ді кре­дит­тік рей­тин­гі­мен
0
18

Қолданыстағы