Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 июля 2006 года № 65 "Об утверждении Правил осуществления инвестиционных операций Национального фонда Республики Казахстан"

Қаулы · № 221 · қабылданған 27.08.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2006-no-65-ekb-75233/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 июля 2006 года № 65 "Об утверждении Правил осуществления инвестиционных операций Национального фонда Республики Казахстан" Қолданыста Қаулы ·№ 221 ·27.08.2013
27.08.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.08.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 июля 2006 года № 65 "Об утверждении Правил осуществления инвестиционных операций Национального фонда Республики Казахстан"

Қолданыста Қаулы ·№ 221 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 июля 2006 года № 65 "Об утверждении Правил осуществления инвестиционных операций Национального фонда Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
221
Қабылданған күні
27.08.2013
Көрсетілген редакция
27.08.2013 AI75233_0.kaz
Соңғы өзгеріс
27.08.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008863
ЭКБ идентификаторы
75233
Редакция идентификаторы
AI75233_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:23

0 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы
30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шарт туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы № 655 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы 2001 жылғы 14 маусымдағы № 299 шартқа сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4361 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесінде:
30, 31 және 32-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Қордың активтерін портфельдер арасында аудару, олардың түрі мен көлемі Өкілетті өкілдің тапсырмасымен ғана осы Ереженің шеңберінде жүзеге асырылады.
31. Қордың активтерін басқарудың кірістілігін бағалау мақсаттары үшін оның негізгі валютасы АҚШ доллары болып саналады.
32. Қордың активтері инвестицияланатын қаржы құралдары Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі Ұлттық Банкпен бірлесіп айқындайтын Материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат берілген қаржы құралдарының тізбесімен бекітіледі.
Осы Ережеде көзделген шектеулер Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің шешімдеріне сәйкес сатып алынған, кірістілік пен тәуекелдер көрсеткіштерін есептегенде ескерілмейтін қазақстандық қаржы құралдарына қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 32-1-тармақпен толықтырылсын:
«32-1. Сенімгерлік басқару кезінде активтік және сол сияқты пассивтік басқару қолданылады.»;
58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«58. Ауқымды кастодианның ең төменгі кредиттік рейтингісі A (Standard&Poor’s)/А2 (Moody’s).».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Министр Б. Жәмішев
2013 жылғы ________

Қолданыстағы