Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 июля 2006 года № 65 «Об утверждении Правил осуществления инвестиционных операций Национального фонда Республики Казахстан»

Қаулы · № 11 · қабылданған 28.01.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2006-no-65-ekb-87536/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 июля 2006 года № 65 «Об утверждении Правил осуществления инвестиционных операций Национального фонда Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 11 ·28.01.2015
28.01.2015 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.01.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 июля 2006 года № 65 «Об утверждении Правил осуществления инвестиционных операций Национального фонда Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 11 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 июля 2006 года № 65 «Об утверждении Правил осуществления инвестиционных операций Национального фонда Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
11
Қабылданған күні
28.01.2015
Көрсетілген редакция
28.01.2015 87536_32599.kaz
Соңғы өзгеріс
28.01.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15Y0010435
ЭКБ идентификаторы
87536
Редакция идентификаторы
87536_32599
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:53

0 Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының
«Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының инвестициялық
операцияларын жүзеге асыру
ережесін бекіту туралы»
2006 жылғы 25 шілдедегі
№ 65 қаулысына өзгеріс
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы
30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шарт туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы № 655 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы 2001 жылғы 14 маусымдағы № 299 шартқа сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4361 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесінде:
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«48. Әлемнің дамыған елдерінің мына:
Merrill Lynch U.S. Treasuries, 1-5 Yrs (GVQ0) – 45 (қырық бес) пайыз;
Merrill Lynch 1-5 Year All Euro Government Index, DE, FR, NL, AT, LU, FI (EVDF) – 20 (жиырма) пайыз;
Merrill Lynch U.K. Gilts, 1-5 Yrs (GVL0) – 10 (он) пайыз;
Merrill Lynch Japanese Governments, 1-5 Yrs (GVY0) – 10 (он) пайыз;
Merrill Lynch Australian Government, 1-5 Yrs (GVT0) – 5 (бес) пайыз;
Merrill Lynch Canadian Governments, 1-5 Yrs (GVC0) – 5 (бес) пайыз;
Merrill Lynch South Korean Government Index, 1-5 Yrs (GSKV) – 5 (бес) пайыз
өтімділігі жоғары бағалы қағаздардан тұратын облигацияларының Композиттік Индексі жинақ портфелінің кірісі белгіленген бағалы қағаздар портфелі үшін эталондық портфель болып саналады.
Осы индекстегі эталондық бөлуге қайта оралу күнтізбелік тоқсанның соңғы жұмыс күні жүргізіледі. Бағалы қағаздардың индекстегі құрамы ай сайын өзгереді. Кірістілік және тәуекел көрсеткіштері күн сайын есептеледі.».

2 2. Монетарлық операциялар және активтерді басқару департаменті (Ескендіров А.М.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Ж. Құсайыновқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Министр Сұлтанов Б.Т.
____________ (__________)
2015 жылғы 26 ақпан

Қолданыстағы