Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 июля 2006 года № 66 "Об утверждении Правил выбора внешних управляющих активами Национального фонда Республики Казахстан"

Қаулы · № 202 · қабылданған 26.12.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2006-no-66-ekb-63616/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 июля 2006 года № 66 "Об утверждении Правил выбора внешних управляющих активами Национального фонда Республики Казахстан" Күшін жойған Қаулы ·№ 202 ·26.12.2011
30.05.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 июля 2006 года № 66 "Об утверждении Правил выбора внешних управляющих активами Национального фонда Республики Казахстан"

Күшін жойған Қаулы ·№ 202 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 июля 2006 года № 66 "Об утверждении Правил выбора внешних управляющих активами Национального фонда Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 шілдедегі № 66 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
202
Қабылданған күні
26.12.2011
Көрсетілген редакция
30.05.2016 AI63616_2.kaz
Соңғы өзгеріс
30.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100007428
ЭКБ идентификаторы
63616
Редакция идентификаторы
AI63616_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:35

0 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 шілдедегі № 66 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 шілдедегі № 66 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4360 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесінде:
мынадай мазмұндағы 2-1 тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аймақтық мандат – инвестициялары бір елдің (нарықтың, аймақтың) шеңберінде шоғырландырылған портфель;
2) активтерді активтік басқару – кірістілік ауытқуының өзгермелілік мәні (tracking error) 0.5 пайыздан асуы мүмкін болатын басқару түрі;
3) активтерді пассивтік басқару – кірістілік ауытқуының өзгермелілік мәні (tracking error) 0.5 пайыздан аспаған кездегі басқару түрі. Пассивтік басқару кезінде сыртқы басқарудағы портфельдің кірістілігі шамамен эталондық портфельдің кірістілігіне тең болады;
4) активтерді сыртқы транзиттік басқару – бұл бір сыртқы басқарушыдан басқасына аударуға арналған активтер берілетін активтердің ауысуымен қатар жүретін тәуекелдерді төмендету мақсатында сыртқы транзиттік басқарушыға 6 (алты) айға дейінгі мерзімге берілетін басқару түрі;
5) ақпараттық коэффициент (information ratio) – тарихи жоғары кірістіліктің тәуекелдің тарихи деңгейіне (кірістілік ауытқуының өзгермелілігіне) қатысы;
6) ауқымды мандат – инвестициялары бір елдің (нарықтың, аймақтың) шеңберінен шығатын портфель;
7) бас ұйым – еншілес ұйымдар акцияларының бақылау пакетіне ие компания;
8) жоғары кірістілік деңгейі – кірістіліктің нақты жеткен деңгейі және эталондық портфель кірістілігінің деңгейі арасындағы айырма;
9) өкілетті өкіл – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) Басқармасының шешімімен белгіленетін, өкілеттіліктеріне Ұлттық Банктің атынан Қорды сенімгерлік басқару бойынша шешімдерді жедел қабылдау кіретін арнайы лауазымды тұлға (Ұлттық Банк Төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейде);
10) мамандандырылған мандат – басқару стильдерін әртараптандыру және сыртқы басқарушылар арасында теріс байланыс орнату мақсатында берілетін мандат;
11) мандат – белгілі бір инвестициялық сипаттамалары бар портфель;
12) маржа шоты – бұл туынды қаржы құралдарымен операциялар жүргізу үшін биржалармен аффилиирленген ұйым болып табылатын, туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есеп айрысулардың шынайылығын, жеткізуді және жүргізуді қамтамасыз ететін клирингтік ұйымда ашылған шот;
13) сыртқы басқарушы – клиенттердің активтерін сенімгерлік басқаруға маманданатын және қызметін халықаралық қаржы нарықтарында жүзеге асыратын инвестициялық компания және/немесе инвестициялық банк;
14) сыртқы транзиттік басқарушы – клиенттердің активтерін транзиттік басқаруға маманданатын және өз қызметін халықаралық қаржы нарығында жүзеге асыратын инвестициялық компания және/немесе инвестициялық банк;
15) уәкілетті бөлімше – Ұлттық Банктің Монетарлық операциялар департаменті.»;
2-тарау алынып тасталсын;
19-1 және 19-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«19-1. Активтердің бір сыртқы басқарушыға берілетін бөлігінің көлемі 300 (үш жүз) миллион АҚШ доллары баламасынан асатын мандаттар үшін міндетті критерийлер:
1) Қордың активтерін инвестициялау болжанатын қаржы құралдарымен кемінде 10 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
Егер ауқымды мандат бойынша сыртқы басқарушыны таңдау бойынша тендер жарияланса, ал тендер қатысушысының басқаруында тек осыған ұқсас аймақтық мандаттар болса, онда ауқымды мандатты кемінде 75 (жетпіс бес) пайызын қамту құрайтын аймақтық мандаттар бойынша кемінде 10 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
2) басқарудағы активтердің мөлшері: сыртқы басқарушының басқаруында клиенттердің кемінде 25 (жиырма бес) миллиард АҚШ доллары баламасындағы жиынтық активтерінің болуы;
3) қарастырылып отырған мандат түрі бойынша басқарудағы активтердің мөлшері: сыртқы басқарушыда қаралып отырған мандат түрі бойынша клиенттердің жиынтық активтері 1 (бір) миллиард АҚШ доллары баламасынан кем болмауы тиіс.
Егер ауқымды мандат бойынша сыртқы басқарушыны таңдау бойынша тендер жарияланса, ал тендер қатысушысының басқаруында тек қана осыған ұқсас аймақтық мандаттар болса, онда ауқымды мандатты кемінде 75 (жетпіс бес) пайызын қамту құрайтын аймақтық мандаттар бойынша кемінде 1 (бір) миллиард АҚШ доллары баламасынан кем болмауы тиіс.
19-2. Активтердің бір сыртқы басқарушыға берілетін бөлігінің көлемі 300 (үш жүз) миллион АҚШ доллары баламасынан аспайтын мамандандырылған мандаттар үшін міндетті критерийлер:
1) Қордың активтерін инвестициялау болжанатын қаржы құралдарымен кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
Егер ауқымды мандат бойынша сыртқы басқарушыны таңдау бойынша тендер жарияланса, ал тендер қатысушысының басқаруында тек қана осыған ұқсас аймақтық мандаттар болса, онда ауқымды мандатты кемінде 75 (жетпіс бес) пайызын қамту құрайтын аймақтық мандаттар бойынша кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
2) басқарудағы активтердің мөлшері: басқаруында клиенттердің жиынтық активтерінің мөлшері кемінде 1 (бір) миллиард АҚШ доллары болуы тиіс баламалы құралдар мандаттары бойынша сыртқы басқарушыларды қоспағанда, сыртқы басқарушының басқаруында баламасы 3 (үш) миллиард АҚШ долларынан кем емес клиенттердің жиынтық активтері болуы тиіс;
3) қарастырылып отырған мандат түрі бойынша басқарудағы активтердің мөлшері: сыртқы басқарушыда мандаттың қарастырылып отырған түрі бойынша баламасы 500 (бес жүз) миллион АҚШ доллары баламасынан кем емес клиенттердің жиынтық активтері болуы тиіс.
Егер ауқымды мандат бойынша сыртқы басқарушыны таңдау бойынша тендер жарияланса, ал тендер қатысушысының басқаруында тек қана осыған ұқсас аймақтық мандаттар болса, онда ауқымды мандатты кемінде 75 (жетпіс бес) пайызын қамту құрайтын аймақтық мандаттар бойынша кемінде 500 (бес жүз) миллион АҚШ доллары баламасынан кем болмауы тиіс.»;
2-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Жәмішев
2012 жылғы 19 қаңтар

3 Сыртқы басқарушылардың ұсыныстарын салыстырмалы талдауға арналған бағалау критерийлері

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2011 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 202 қаулысына
қосымша
«Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының активтерін
сыртқы басқарушыларды
таңдау ережесіне
2-қосымша
Сыртқы басқарушылардың ұсыныстарын салыстырмалы талдауға арналған бағалау критерийлері
Кри­те­рий
Кри­те­рий­дің мәні (пай­ы­з­бен)
1.
Порт­фель­ді бас­қа­ру­дың та­ри­хи нәти­же­ле­рі (ай­мақ­тық ман­дат­тар­ға ма­ман­дан­ған және ауқым­ды ман­дат бой­ын­ша бас­қа­ру­шы­ны таң­да­у­ға қа­ты­са­тын әле­ует­ті сырт­қы бас­қа­ру­шы­лар­дың ұсы­ны­ста­ры­на са­лы­стыр­ма­лы тал­дау жүр­гіз­ген кез­де көр­сет­кіш­тер ти­іс­ті ман­дат­тың қам­туы­на бай­ла­ны­сты нор­ма­ла­на­ды)
35
осы ман­дат тү­рі бой­ын­ша соң­ғы 5 жыл­да­ғы үсте­ме кі­рі­сті­лік­тің ор­та­ша дең­гейі
40
ақ­па­рат­тық ко­эф­фи­ци­ент
60
2.
Ак­тив­тер
10
осы ман­дат тү­рі бой­ын­ша ак­тив­тер кө­ле­мі­нің бас­қа­ру­да­ғы жал­пы ак­тив­тер­ге пай­ы­зы (ай­мақ­тық ман­дат­тар­ға ма­ман­дан­ған және ауқым­ды ман­дат бой­ын­ша бас­қа­ру­шы­ны таң­да­у­ға қа­ты­са­тын әле­ует­ті сырт­қы бас­қа­ру­шы­лар­дың ұсы­ны­ста­ры­на са­лы­стыр­ма­лы тал­дау жүр­гіз­ген кез­де ай­мақ­тық ман­дат­тар бой­ын­ша ак­тив­тер­дің кө­ле­мі пай­да­ла­ны­ла­ды. Бұл мән ти­іс­ті ман­дат­тың қам­туы­на бай­ла­ны­сты нор­ма­ла­на­ды)
65
ин­сти­ту­ци­о­нал­дық ин­ве­стор­лар­дың ак­тив­те­рі кө­ле­мі­нің бас­қа­ру­да­ғы жал­пы ак­тив­тер­ге пай­ы­зы
35
3.
Ко­ман­да
15
порт­фель­дік ме­не­джер­лер­дің және тал­да­у­шы­лар­дың ор­та­ша жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі
50
ма­ман­дар­дың тұ­рақ­та­мауы­ның тө­мен бо­луы
50
4.
Кре­дит­тік мәр­те­бе
5
- егер бас ұй­ым­ның ке­піл­ді­гі бол­са не ке­лі­сім­ге бас ұй­ым қол қой­ған жағ­дай­да, он­да бас ұй­ым­ның кре­дит­тік рей­тин­гі­сі (S&P неме­се Moody's), ке­рі­сін­ше жағ­дай­да ком­па­ни­я­ның кре­дит­тік рей­тин­гі­сі
5.
Бас­қа­ру үшін тө­ле­не­тін ко­мис­си­я­ның дең­гейі
20
Ба­за­лық ко­мис­си­я­ның дең­гейі
90
Net new high basis since inception қа­ғи­да­тын қа­был­дау
10
6.
Сер­вис
10
Ұлт­тық Банк­тің ма­ман­да­рын оқы­ту
70
күн сай­ын­ғы есеп­ті­лік
30
7.
Тәу­е­кел­дер­ді ба­қы­лау және бас­қа­ру бой­ын­ша ар­найы бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету­дің бо­луы
2
8.
Сырт­қы бас­қа­ру бой­ын­ша ке­лі­сім­нің та­лап­та­рын бұз­ған жағ­дай­да Ұлт­тық Банк ал­дын­да жа­у­ап­кер­ші­лік қа­был­дау
3

Қолданыстағы