Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 июля 2006 года № 66 "Об утверждении Правил выбора внешних управляющих активами Национального фонда Республики Казахстан"

Қаулы · № 162 · қабылданған 28.04.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2006-no-66-ekb-66420/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 июля 2006 года № 66 "Об утверждении Правил выбора внешних управляющих активами Национального фонда Республики Казахстан" Күшін жойған Қаулы ·№ 162 ·28.04.2012
30.05.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 июля 2006 года № 66 "Об утверждении Правил выбора внешних управляющих активами Национального фонда Республики Казахстан"

Күшін жойған Қаулы ·№ 162 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 июля 2006 года № 66 "Об утверждении Правил выбора внешних управляющих активами Национального фонда Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 шілдедегі № 66 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
162
Қабылданған күні
28.04.2012
Көрсетілген редакция
30.05.2016 AI66420_2.kaz
Соңғы өзгеріс
30.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007779
ЭКБ идентификаторы
66420
Редакция идентификаторы
AI66420_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:20

0 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 шілдедегі № 66 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 шілдедегі № 66 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4360 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесінде:
19-1 және 19-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«19-1. Активтердің бір сыртқы басқарушыға берілетін активтерінің көлемі 300 (үш жүз) миллион АҚШ доллары баламасынан асатын мандаттар үшін міндетті критерийлер:
1) Қордың активтерін инвестициялау болжанатын қаржы құралдарымен кемінде 10 (он) жыл жұмыс тәжірибесінің, оның кемінде 5 (бес) жылы мандаттың жарияланған түрі бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы.
Егер ауқымды мандат бойынша сыртқы басқарушыны таңдау бойынша тендер жарияланса, ал тендер қатысушысының басқаруында осыған ұқсас аймақтық мандаттар ғана болса, онда ауқымды мандаттың кемінде 75 (жетпіс бес) пайызын қамтуды құрайтын аймақтық мандаттар бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
2) басқарудағы активтердің мөлшері: сыртқы басқарушының басқаруында клиенттердің кемінде 25 (жиырма бес) миллиард АҚШ доллары баламасындағы жиынтық активтерінің (оның ішінде консультациялық қызмет көрсетудегі) болуы;
3) қарастырылып отырған мандат түрі бойынша басқарудағы активтердің мөлшері: сыртқы басқарушыда қарастырылып отырған мандат түрі бойынша клиенттердің жиынтық активтері 1 (бір) миллиард АҚШ доллары баламасынан кем болмауы тиіс.
Егер ауқымды мандат бойынша сыртқы басқарушыны таңдау бойынша тендер жарияланса, ал тендер қатысушысының басқаруында осыған ұқсас аймақтық мандаттар ғана болса, онда ауқымды мандаттың кемінде 75 (жетпіс бес) пайызын қамтуды құрайтын аймақтық мандаттар бойынша кемінде 1 (бір) миллиард АҚШ доллары баламасынан кем болмауы тиіс.
19-2. Активтердің бір сыртқы басқарушыға берілетін активтерінің көлемі 300 (үш жүз) миллион АҚШ доллары баламасынан аспайтын мамандандырылған мандаттар үшін міндетті критерийлер:
1) Қордың активтерін инвестициялау болжанатын қаржы құралдарымен кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесінің, оның кемінде 3 (үш) жылы мандаттың жарияланған түрі бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы.
Егер ауқымды мандат бойынша сыртқы басқарушыны таңдау бойынша тендер жарияланса, ал тендер қатысушысының басқаруында осыған ұқсас аймақтық мандаттар ғана болса, онда ауқымды мандаттың кемінде 75 (жетпіс бес) пайызын қамтуды құрайтын аймақтық мандаттар бойынша кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
2) басқарудағы активтердің мөлшері: басқаруында клиенттердің жиынтық активтерінің мөлшері кемінде 1 (бір) миллиард АҚШ доллары болуы тиіс баламалы құралдар мандаттары бойынша сыртқы басқарушыларды қоспағанда, сыртқы басқарушының басқаруында баламасы 3 (үш) миллиард АҚШ долларынан кем емес клиенттердің жиынтық активтері (оның ішінде консультациялық қызмет көрсетудегі) болуы тиіс;
3) қарастырылып отырған мандат түрі бойынша басқарудағы активтердің мөлшері: сыртқы басқарушыда мандаттың қарастырылып отырған түрі бойынша 150 (бір жүз елу) миллион АҚШ доллары баламасынан кем емес клиенттердің жиынтық активтері болуы тиіс.
Егер ауқымды мандат бойынша сыртқы басқарушыны таңдау бойынша тендер жарияланса, ал тендер қатысушысының басқаруында осыған ұқсас аймақтық мандаттар ғана болса, онда ауқымды мандаттың кемінде 75 (жетпіс бес) пайызын қамтуды құрайтын аймақтық мандаттар бойынша кемінде 150 (бір жүз елу) миллион АҚШ доллары баламасынан кем болмауы тиіс.
Мамандандырылған мандат қолданыла бастағаннан кейін бір сыртқы басқарушыға оның басқару нәтижелері бойынша 300 (үш жүз) миллион АҚШ долларынан асатын, бірақ Ереженің 12-тармағында көрсетілген шектеуден аспайтын мөлшердегі активтер беріледі.»;
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«35. Сыртқы басқарушы жұмысының тиімділігін бағалау рәсімі осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады және жүргізілген талдау нәтижелері бойынша Ұлттық Банк Басқармасы не Өкілетті өкіл осы сыртқы басқарушымен жұмысты жалғастыру туралы немесе оны тоқтату туралы тиісті шешім қабылдайды. Шешім сыртқы басқарушының нәтижелері негізінде 3 (үш) жылдық басқару кезеңі үшін қабылданады.»;
2 және 3-қосымшалар осы қаулының 1 және 2-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

KЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы Министрі
____________ Б. Жәмішев
2012 жылғы 1 маусым

1 Сыртқы басқарушылардың ұсыныстарын салыстырмалы талдау үшін бағалау критерийлері

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 28 сәуірдегі
№ 162 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының активтерін
сыртқы басқарушыларды
таңдау ережесіне
2-қосымша
Сыртқы басқарушылардың ұсыныстарын салыстырмалы талдау үшін бағалау критерийлері
Кри­те­рий­лер
Кри­те­рий­дің мәні (пай­ы­з­бен)
1.
Порт­фель­ді бас­қа­ру­дың та­ри­хи нәти­же­ле­рі (ай­мақ­тық ман­дат­тар­ға ма­ман­дан­ған және ауқым­ды ман­дат бой­ын­ша бас­қа­ру­шы­ны таң­да­у­ға қа­ты­са­тын әле­ует­ті сырт­қы бас­қа­ру­шы­лар­дың ұсы­ны­ста­ры­на са­лы­стыр­ма­лы тал­дау жүр­гіз­ген кез­де көр­сет­кіш­тер ти­іс­ті ман­дат­тың қам­туы­на бай­ла­ны­сты нор­ма­ла­на­ды)
35
үсте­ме кі­рі­сті­лік­тің соң­ғы 3-5 жыл­да­ғы ор­та­ша көр­сет­кі­ші (егер үсте­ме кі­рі­сті­лік көр­сет­кі­ші 5 жыл­дан кем ке­зең­де оң бол­са, көр­сет­кіш 5 жыл­дық ке­зең­ге қа­ты­сты нор­ма­ла­на­ды)
40
ақ­па­рат­тық ко­эф­фи­ци­ент­тің соң­ғы 3-5 жыл­да­ғы ор­та­ша көр­сет­кі­ші (егер ақ­па­рат­тық ко­эф­фи­ци­ент­тің көр­сет­кі­ші 5 жыл­дан кем ке­зең­де оң бол­са, көр­сет­кіш 5 жыл­дық ке­зең­ге қа­ты­сты нор­ма­ла­на­ды)
60
2.
Ак­тив­тер
10
осы ман­дат тү­рі бой­ын­ша ак­тив­тер кө­ле­мі­нің бас­қа­ру­да­ғы жал­пы ак­тив­тер­ге қа­ты­сты пай­ы­зы (ай­мақ­тық ман­дат­тар­ға ма­ман­дан­ған және ауқым­ды ман­дат бой­ын­ша бас­қа­ру­шы­ны таң­да­у­ға қа­ты­са­тын әле­ует­ті сырт­қы бас­қа­ру­шы­лар­дың ұсы­ны­ста­ры­на са­лы­стыр­ма­лы тал­дау жүр­гіз­ген кез­де ай­мақ­тық ман­дат­тар бой­ын­ша ак­тив­тер­дің кө­ле­мі пай­да­ла­ны­ла­ды. Бұл мән ти­іс­ті ман­дат­тың қам­туы­на бай­ла­ны­сты нор­ма­ла­на­ды)
65
ин­сти­ту­ци­о­нал­дық ин­ве­стор­лар­дың ак­тив­те­рі кө­ле­мі­нің бас­қа­ру­да­ғы жал­пы ак­тив­тер­ге қа­ты­сты пай­ы­зы
35
3.
Ко­ман­да
15
ти­іс­ті ман­дат бой­ын­ша ак­тив­тер­ді бас­қа­ру­ға жа­у­ап­ты порт­фель­дік ме­не­джер­лер­дің және тал­да­у­шы­лар­дың ор­та­ша жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі
50
ком­па­ния бой­ын­ша тұ­та­стай ал­ған­да порт­фель­дік ме­не­джер­лер мен тал­да­у­шы­лар­дың ара­сын­да ма­ман­дар­дың тұ­рақ­та­мауы­ның тө­мен бо­луы
50
4.
Кре­дит­тік мәр­те­бе
5
- егер бас ұй­ым­ның ке­піл­ді­гі бол­са не ке­лі­сім­ге бас ұй­ым қол қой­ған жағ­дай­да, бас ұй­ым­ның кре­дит­тік рей­тин­гі­сі (S&P неме­се Moody's), олай бол­ма­ған жағ­дай­да ком­па­ни­я­ның кре­дит­тік рей­тин­гі­сі
5.
Бас­қа­ру үшін тө­ле­не­тін ко­мис­си­я­ның дең­гейі
20
Ба­за­лық ко­мис­си­я­ның дең­гейі
90
Net new high basis since inception қа­ғи­да­тын қа­был­дау
10
6.
Сер­вис
10
Ұлт­тық Банк­тің ма­ман­да­рын оқы­ту
70
күн сай­ын­ғы есеп­ті­лік
30
7.
Тәу­е­кел­дер­ді ба­қы­лау және бас­қа­ру бой­ын­ша ма­ман­дан­ды­ры­л­ған бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету­дің бо­луы
2
8.
Сырт­қы бас­қа­ру бой­ын­ша ке­лі­сім­нің та­лап­та­рын бұз­ған жағ­дай­да Ұлт­тық Банк ал­дын­да жа­у­ап­кер­ші­лік қа­был­дау
3

2 Сыртқы басқарушының ұсыныстарын бағалау критерийлерінің кестесіне сәйкес бағалау тәртібі

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 28 сәуірдегі
№ 162 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының активтерін
сыртқы басқарушыларды
таңдау ережесіне
3-қосымша
Сыртқы басқарушының ұсыныстарын бағалау критерийлерінің кестесіне сәйкес бағалау тәртібі

1 1. Тиісті салмақтары бар бағалау критерийлері кестесінде (бұдан әрі -Кесте) келтірілген барлық көрсеткіштер сомасы сыртқы басқарушының ұсынысын бағалау болып табылады.

2 2. Қандай да болмасын көрсеткіш Кестеге енгізілмес бұрын, төмендегі формуланы пайдалана отырып қаралатын критерийдегі ең жақсы көрсеткішке қатысты нормаланады:

Басқарушының нормаланған көрсеткіші = Басқарушының көрсеткіші/барлық сыртқы басқарушылар бойынша көрсеткіштің ең көп мәні.

3 3. Егер сыртқы басқарушы мандаттың жарияланған түрі бойынша активтерді басқа мандаттың шеңберінде басқарса, онда осы активтерді басқарудың тарихи нәтижелерін басқа мандаттың шеңберінде бағалау жүзеге асырылады.

4 4. Бас ұйымның және/немесе сыртқы басқарушының кредиттік рейтингісін бағалау кезінде мынадай көрсеткіштер жүйесі пайдаланылады:

Кре­дит­тік рей­тинг (S&P)
Көр­сет­кіш
AAA
1
АА+
0,8
АА
0,7
АА-
0,6
А+
0,5
A
0,4
А-
0,3
ВВВ+
0,2
ввв
0,1
ВВВ тө­мен
0

5 5. Ұлттық Банктің мамандарын оқытуды бағалау кезінде көрсеткіштердің мынадай жүйесі пайдаланылады:

Тре­нинг та­лап­та­ры
Көр­сет­кіш
Сырт­қы бас­қа­ру­шы ұшу, тұ­ру, та­мақ­та­ну ақы­сын тө­лей­ді
1
Сырт­қы бас­қа­ру­шы тұ­ру, та­мақ­та­ну ақы­сын тө­лей­ді
0.5
Сырт­қы бас­қа­ру­шы тұ­ру ақы­сын тө­лей­ді
0.2

Қолданыстағы