О внесении дополнений и изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 марта 2006 года № 75 "Об утверждении формы отчета об итогах размещения паев паевого инвестиционного фонда"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений и изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 марта 2006 года № 75 "Об утверждении формы отчета об итогах размещения паев паевого инвестиционного фонда"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары жөніндегі есептің нысанын бекіту туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы N 75 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 52
- Қабылданған күні
- 27.03.2009
- Көрсетілген редакция
- 30.05.2016 AI45440_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V090005644_
- ЭКБ идентификаторы
- 45440
- Редакция идентификаторы
- AI45440_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:31
0 Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары жөніндегі есептің нысанын бекіту туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы N 75 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Инвестициялық қорлардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Агенттік Басқармасының "Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары жөніндегі есептің нысанын бекіту туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы N 75 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4201 тіркелген) Агенттік Басқармасының " Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары жөніндегі есептің нысанын бекіту туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы N 75 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 287 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4509 тіркелген) енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1-қосымшада :
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
"9-1. Орналастыру кезеңін, инвестициялық пай қорының орналастырылған пайларының санын және орналастырудың жеке әр алдыңғы есептілік кезеңі үшін олардың төлем сомасын, сондай-ақ инвестициялық пай қорының пайларын орналастырмау жөніндегі ақпаратты мәлімет үшін қабылдау күнін көрсетіп, алдыңғы есепті (есептерді) бекіту күні
________________________________________________________________";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Есепті кезеңнің аяқталу күніне инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру туралы мәліметтер:
1) инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру кезеңінің басталу және аяқталу күндері __________________________________________________________________;
2) есепті кезеңде орналастырылған инвестициялық пай қоры пайларының саны _________________________________________________________________;
3) инвестициялық пай қорының есептік кезеңде сатып алынған пайларының саны __________________________________________________________________;
4) инвестициялық пай қорының есептік кезеңде пайларын сатып алуға төленген ақша сомасы ___________________________________________________________________;
5) бұрынғы орналастырылған пайларды ескере отырып, есепті кезеңде орналастырылған инвестициялық пай қоры пайларының жиынтық саны (сатып алынған пайларды шегеріп) ___________________________________________________________________;
6) есепті кезеңде инвестициялық пай қорының пайларын төлеуге түскен, есепті кезеңде орналастырылған пайларды төлеуге ақшаның түскендігі туралы кастодиан анықтамасымен расталған ақша сомасы __________________________________________________________________.";
мынадай мазмұндағы 13-тармақпен толықтырылсын:
"13. Пайларды орналастырудың қорытындысы жөніндегі есепті бекітуден бас тартылған жағдайда, басқарушы компания бас тартуды алған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қайталап жетілдірілген есепті уәкілетті органға береді.
Инвестициялық пай қорының п айларын орналастырудың қорытындысы жөніндегі есепті бекітуге құжаттарды қайталап бергенде, қару мерзімін санау қайтадан басталады.";
1-қосымшаның ескертулеріндегі "үш ай" деген сөздер "үш айдан астам емес" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-қосымша мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"И нвестициялық пай қорының есептік кезеңде сатып алынған пайларының саны __________________________________________________________________".