Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 марта 2006 года № 77 «Об утверждении Правил принудительной ликвидации страховых (перестраховочных) организаций»

Қаулы · № 124 · қабылданған 20.12.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2006-no-77/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 марта 2006 года № 77 «Об утверждении Правил принудительной ликвидации страховых (перестраховочных) организаций» Қолданыста Қаулы ·№ 124 ·20.12.2020
20.12.2020 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 марта 2006 года № 77 «Об утверждении Правил принудительной ликвидации страховых (перестраховочных) организаций»

Қолданыста Қаулы ·№ 124 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 марта 2006 года № 77 «Об утверждении Правил принудительной ликвидации страховых (перестраховочных) организаций»
Атауы (қаз.)
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы № 77 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
124
Қабылданған күні
20.12.2020
Көрсетілген редакция
20.12.2020 150192_504538.kaz
Соңғы өзгеріс
20.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021839
ЭКБ идентификаторы
150192
Редакция идентификаторы
150192_504538
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 10:58

0 «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы № 77 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы № 77 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4257 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату ережесін және тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарды бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату ережесі және тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату туралы ережесінде (бұдан әрі – Ереже):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату ережесі және тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар»;
кіріспе алып тасталсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы «Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату ережесі және тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы (бұдан әрі - Сақтандыру қызметі туралы заң), «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.»;
2-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бастапқы баға – «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Бағалау қызметі туралы заң) сәйкес бағалаушы айқындаған лот (мүлік) құнынан төмен емес белгіленетін әрбір лот бойынша сауда-саттық басталатын баға;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) кредиторлар талаптарының тiзiлiмі – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекіткен, кредиторлардың тарату комиссиясы таныған талаптарын, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) жүзеге асырылған кепілдік төлемдері, Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және талаптармен басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына берілетін мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін төлеуге байланысты шығыстар бойынша талаптарын көрсететін құжат;»;
18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Тарату комиссиясы мынадай іс-шаралар өткізеді:
1) тағайындалған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтініштерді беру тәртібін, мерзімдерін және кредиторлар өз талаптарын беретін мекенжайды (мекенжайларды), филиалдар желісі болса – филиалдардың мекенжайларын міндетті түрде көрсете отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми баспа басылымдарында жариялайды;
2) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14422 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысымен бекітілген Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тағайындалған күнінен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банк шоттары бар екінші деңгейдегі банктерге қол қою үлгілері бар құжаттарды ұсынады;
3) тағайындалған күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мүлікті және олармен жасалатын мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын органдарды, сондай-ақ «Қазақстан қор биржасы», «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» акционерлік қоғамдарын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы хабардар етеді және тарату комиссиясы жасамаған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін иеліктен алу мәмілелерін тіркеуге, сондай-ақ кепіл ұстаушысы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылатын мүліктен ауыртпалықты алуға тыйым салуды белгілейді;
4) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясын (бұдан әрі – Корпорация) және мемлекеттік кірістер органдарын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы хабардар етеді;
5) орталық депозитарийден сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күнгі жағдай бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімін сұратады;
6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшылығын және (немесе) уақытша әкiмшiлiгін тарату комиссиясына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында тарату ісін жүргізу міндеттерін жүктеуді растайтын құжатпен қол қойғыза отырып таныстырады;
7) қабылдау-өткізу туралы актілерді жасай отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшылығынан не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мөртабандарын, мөрлерін, электрондық ақпарат тасымалдағыштарын, бағдарламалық қамтамасыз етуін, бланкілері мен барлық басқа да құжаттарын дереу талап етеді;
8) қабылдау-өткізу актілері бойынша активтерді, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін қабылдайды;
9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кассасын дереу түгендейді, Ереженің 53-тармағында көзделген кассадағы қолма-қол ақша қалдығының күн сайынғы лимитін қоспағанда, ақша қалдығын таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банк шоттарына аударады;
10) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банк шоттарын салыстырып тексереді, оларды жабады және таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының теңгемен және қажет болған жағдайда шетел валютасында ағымдағы шоттарын ашады;
11) тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) сәйкес номиналды ұстауға берілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін салыстырып тексеруді жүргізеді, оның ішінде тарату өндірісі кезеңінде активтерді номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бір ұйымда жинақтайды және (немесе) ақшаны таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ағымдағы шотына аударады;
12) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің қабылданғаны және тарату комиссиясының тағайындалғаны туралы хабарландыруды көрінетін жерге орналастырады;
13) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерi мен мiндеттемелерiн түгендеуді жүзеге асырады;
14) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы, ал қажет болған кезде өзге де қызметкерлерін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан шығарады;
15) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерiн анықтайды;
16) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін Ережеде көзделген тәртіппен басқарады;
17) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан талап қояды және сотта сөз сөйлейді;
18) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бағдарламалық қамтамасыз етуінің және электрондық ақпарат тасымалдағыштарының, сондай-ақ басқа ақпаратының сақталуын қамтамасыз етеді;
19) толық материалдық жауап беретін адамдар, оның ішінде бухгалтерлік есеп жүргізу және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық және өзге де есептілігін өңдеу электрондық жүйесіне кіруге рұқсаты бар адамдар тобын айқындайды;
20) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының істері мен құжаттары заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдағаннан кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттарын сақтауды ұйымдастыруға жауапты адамды тағайындайды;
21) автоматтандырылған есепке алу жүйесінің деректерін жеке электрондық тасымалдағышқа (резервтік көшірмелер) көшіре отырып, тарату комиссиясы құрылған күні қолда бар электрондық түрдегі бас бухгалтерлік кітапты басып шығарады. Бұл ақпарат электрондық түрде болмағанда, қағаз тасымалдағыштағы ақпарат негізге алынады;
22) кредиторлардың тізімін жасайды, қолда бар құжаттар бойынша олардың мекенжайларын анықтайды және талдау есебінің деректерімен салыстырып тексереді;
23) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлары талаптарының заңдылығын айқындайды және оларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бекітілген аралық тарату балансына және кредиторлар талаптарының тізіліміне сәйкес қанағаттандырады;
24) тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап бес жұмыс күні iшiнде Қордың атына таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру шарттарының тізілімін жiбередi;
25) өз функциялары мен міндеттерін орындауды қамтамасыз ету үшін еңбек шарттары, өтеулі қызмет көрсету шарттары бойынша адамдарды жұмысқа қабылдайды;
26) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын таратудың барлық кезеңі ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкі мен құжаттарын сақтау жөнінде шаралар қабылдайды;
27) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату ісінің барысы туралы жылдың қорытындысы бойынша ақпаратты Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші ақпанынан кешіктірмейтін мерзімде жариялайды;
28) уәкілетті органның талабы бойынша тарату өндірісіне қатысты мәліметтер береді;
29) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бағалы қағаздары шығарылымдарының күшін жою мақсатында уәкілетті органға акциялар және (немесе) облигациялар шығарылымдарының күшін жою үшін құжаттарды ұсынады;
30) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату туралы есепті, тарату балансын жасайды және оларды уәкілетті органға келісуге жібереді;
31) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату аяқталғаннан кейін Ереженің 10-тарауында белгіленген тәртіппен құжаттарды архивке сақтауға береді және бұл туралы уәкілетті органды хабардар етеді.
19. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ағымдағы шоттары тарату комиссиясының және оның бөлімшелерінің орналасқан жері бойынша екінші деңгейдегі банктің филиалдарында теңгемен және қажет болған кезде шетел валютасымен ашылады.
Ережеде көзделген касса лимитін қоспағанда, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, оның ішінде филиалдарының не өкілдіктерінің ақшасы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ағымдағы шотына есепке жазылады.
Екінші деңгейдегі банктердегі ағымдағы шоттардағы ақшаны және (немесе) Бағалы қағаздар рыногы туралы заңға сәйкес номиналды ұстауға берілген ақшаны таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын «кері РЕПО» операцияларында күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге пайдалануға құқылы.
Тарату комиссиясы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының алдында берешегі жоқ заңды немесе жеке тұлғалардың жазбаша талап етуі бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банк шоттарына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиядан айырылғаннан кейін келіп түскен, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін келіп түсетін ақшаны дереу (талапты алған күннен бастап үш жұмыс күні iшiнде) қайтаруды жүзеге асырады.»;
31-тармақтың 29) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«29) акционерлердің тізілімін өзекті күйде ұстау үшін орталық депозитарийдің қызметіне;»;
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Тарату комиссиясы қызметкерлерінің іссапарға шығуы жөніндегі шығыстар тарату шығыстарының сметасында көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.»;
83-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«83. Тарату комиссиясы Бағалау қызметі туралы заңға сәйкес бағалау қызметін жүзеге асыратын бағалаушыны (бағалаушыларды) тарта отырып, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін бағалауды жүргізеді.»;
97-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«97. Аралық тарату балансын және оған қосымшаларды, оның ішінде кредиторлар талаптарының тізілімін тарату комиссиясы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13638 болып тіркелген «Ерiктi және мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларының есептер мен қосымша ақпаратты беру нысандарын, мерзімдерін және кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 65 қаулысында (бұдан әрі – № 65 қаулы) белгіленген нысандар бойынша жасайды.»;
99-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«99-1. Тарату комиссиясы аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін жасағаннан кейін оларды қағаз және электрондық тасымалдағыштармен уәкілетті органға бекітуге ұсынады.
Уәкілетті орган аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін оларды алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде бекітеді.
Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аралық тарату балансы және кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілгеннен кейін құжаттардың бір данасы тарату комиссиясына қайтарылуға жатады, ал екінші данасы уәкілетті органда қалады.
Аралық тарату балансының деректері ұсынылған құжаттар мен ақпараттың деректеріне сәйкес келмеген жағдайларда, сондай-ақ № 65 қаулыда көзделген құжаттар ұсынылмаған жағдайда аралық тарату балансы уәкілетті органмен бекітілуге жатпайды.
Аралық тарату балансы және кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілмеген жағдайда, уәкілетті орган анықталған бұзушылықтардың, кемшіліктердің себептері мен оларды жою және аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін бекіту үшін уәкілетті органға қайталап ұсыну мерзімін көрсете отырып, бұл туралы тарату комиссиясын жазбаша хабардар етеді.
Аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін уәкілетті органға қайталап ұсыну мерзімі тарату комиссиясы аралық тарату балансы мен кредиторлар талаптары тізілімінің бекітілмегені туралы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап бір айдан аспайды.»;
165-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«165. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі нәтижесінде пайда болатын құжаттардың сақтау мерзімі көрсетілген тізбесі «Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларының, сақтандыру агенттерінің міндетті түрде сақталуға жататын құжаттарды сақтау қағидаларын және Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларының, сақтандыру агенттерінің міндетті түрде сақталуға жататын құжаттарының тізбелерін және оларды сақтау мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 8 тамыздағы № 171 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14309 болып тіркелген) белгіленеді.»;
172 және 173-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«172. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторларымен және акционерлерімен есеп айырысу аяқталғаннан кейiн тарату комиссиясы сотқа уәкiлеттi органмен келiсiлген тарату туралы есептi және тарату балансын ұсынады.
Сот тарату туралы есептi және тарату балансын бекiтедi және тарату өндiрiсiнiң аяқталғандығы туралы ұйғарым шығарады.
Тарату комиссиясы сот ұйғарымының көшірмесін Корпорацияға, сондай-ақ уәкілетті органға жібереді.
173. Тарату комиссиясы тарату балансы және тарату туралы есеп бекітілгеннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде оларды Корпорацияға, ал көрсетілген құжаттардың көшірмелерін уәкілетті органға ұсынады.»;
175-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«175. Тарату комиссиясының өкiлеттiктерi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметінің тоқтатылғаны туралы мәліметтер Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiне енгізілгеннен кейiн, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттары сақтау үшiн архивке тапсырылғаннан кейiн және бұл жөнiнде уәкiлеттi органды хабардар еткеннен кейiн тоқтатылады.»;
Ережеге 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Ережеге 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
«Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату ережесіне және тарату миссияларының жұмысына қойылатын талаптарға
2-қосымша»;
Ережеге 3-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасының

Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Басқармасының
2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 124
Қаулыға 1-қосымша
Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату ережесіне және тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарға
1-қосымша
Нысан

Шы­ғы­стар бап­та­ры­ның ата­уы
Жос­пар­лан­ған шы­ғы­стар со­ма­сы (мың тең­ге­мен
ай
ай
ай
тоқ­сан­да­ғы бар­лы­ғы
1
2
3
4
5
6
1
Ең­бек­ке ақы тө­леу шы­ғы­ста­ры
1.1
та­ра­ту ко­мис­си­я­сы­ның тө­ра­ға­сы мен мү­ше­ле­ріне сый­а­қы, оның ішін­де:
1.1.1
сый­а­қы
1.1.2
же­ке та­быс са­лы­ғы
1.1.3
мін­дет­ті зей­не­та­қы жар­на­ла­ры
1.1.4
мін­дет­ті әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру
1.2
ең­бек шар­тта­ры негі­зін­де жұ­мыс іс­тей­тін та­ра­ту ко­мис­си­я­сы­на тар­ты­л­ған қыз­мет­кер­лер­ге ақы тө­ле­у­ге ар­нал­ған шы­ғы­стар, оның ішін­де:
1.2.1
ла­у­а­зым­дық жа­ла­қы
1.2.2
же­ке та­быс са­лы­ғы
1.2.3
мін­дет­ті зей­не­та­қы жар­на­ла­ры
1.2.4
мін­дет­ті әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру
1.3
өте­улі қыз­мет көр­се­ту шар­тта­ры бой­ын­ша қыз­мет көр­се­те­тін, тар­ты­л­ған адам­дар­дың ең­бе­гіне ақы тө­ле­у­ге ар­нал­ған шы­ғы­стар, оның ішін­де:
1.3.1
көр­се­ті­л­ген қыз­мет­тер үшін ақы тө­леу
1.3.2
же­ке та­быс са­лы­ғы
1.3.3
мін­дет­ті зей­не­та­қы жар­на­ла­ры
1.3.4
мін­дет­ті әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру
2
Бюд­жет­ке ауда­рым­дар бой­ын­ша шы­ғы­стар
2.1
әле­умет­тік са­лық
2.2
әле­умет­тік ауда­рым­дар
2.3
мін­дет­ті әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру
2.4
мү­лік­ке са­лы­на­тын са­лық
2.5
кө­лік құ­рал­да­ры­на са­лы­на­тын са­лық
2.6
жер са­лы­ғы
2.7
қо­сым­ша құн са­лы­ғы
2.8
жер те­лі­мін пай­да­ла­ну тө­ле­мі, қор­ша­ған ор­та эмис­си­я­сы үшін тө­лем
2.9
өзге са­лық­тар және бас­қа да бюд­жет­ке тө­ле­не­тін мін­дет­ті тө­лем­дер
3
Әкім­ші­лік шы­ғы­стар
3.1
қыз­мет­тік және ша­ру­а­шы­лық қа­жет­ті­лік­тер­ге кө­лік жал­дау жө­нін­де­гі қыз­мет
3.2
бай­ла­ныс қыз­ме­ті
3.3
үй­лер мен ғи­ма­рат­тар­ды кү­зе­ту және сиг­на­ли­за­ция жө­нін­де­гі қыз­мет
3.4
кө­лік­ті кү­зе­ту жө­нін­де­гі қыз­мет
3.5
кө­лік үшін тұ­рақ­ты ұсы­ну жө­нін­де­гі қыз­мет
3.6
кө­лік­ті тір­кеу жө­нін­де­гі қыз­мет
3.7
кө­лік­ті тех­ни­ка­лық қа­рау жө­нін­де­гі қыз­мет
3.8
кө­лік­ті сақ­тан­ды­ру жө­нін­де­гі қыз­мет
3.9
қыз­мет­кер­ді жа­за­тай­ым оқи­ға­лар­дан мін­дет­ті сақ­тан­ды­ру бой­ын­ша сақ­тан­ды­ру сый­лы­қа­қы­сын тө­леу
3.10
ком­му­нал­дық қыз­мет
3.11
негіз­гі құ­рал-жаб­дық­тар­ды ағым­да­ғы жөн­деу, тех­ни­ка­лық, сер­ви­стік қыз­мет көр­се­ту (қа­рау) жө­нін­де­гі жұ­мыстар
3.12
үй-жай­ды жал­дау
3.13
тір­кеу ор­ган­да­рын­да жы­л­жы­май­тын мү­лік­ті және ти­іс­ті құ­жат­та­ма­ны тір­кеу жө­нін­де­гі қыз­мет
3.14
мү­лік­ті ба­ға­лау жө­нін­де­гі қыз­мет
3.15
бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­рал­да­рын­да жа­ри­я­лау жө­нін­де­гі қыз­мет
3.16
жы­лы­ту жүй­е­сін қо­су­ға дай­ын­дық жө­нін­де­гі қыз­мет
3.17
сан­тех­ни­ка­лық жұ­мыстар
3.18
мү­лік­ті сақ­тау жө­нін­де­гі қыз­мет
3.19
мем­ле­кет­тік баж­ды тө­леу
3.20
но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ру жө­нін­де­гі қыз­мет
3.21
мү­лік­ті та­сы­мал­дау, ти­еу, тү­сі­ру жө­нін­де­гі қыз­мет
3.22
те­ре­зе­лер­ге, есік­тер­ге те­мір тор­лар­ды дай­ын­дау және ор­на­ту жө­нін­де­гі жұ­мыстар
3.23
аук­ци­он­дар өт­кі­зу жө­нін­де­гі қыз­мет
3.24
ин­кас­са­ция қыз­ме­ті
3.25
са­рап­та­ма жүр­гі­зу жө­нін­де­гі қыз­мет
3.26
аудит жүр­гі­зу жө­нін­де­гі қыз­мет
3.27
құ­жат­тар­ды ауда­ру қыз­ме­ті
3.28
те­ле­фон нө­мір­ле­рін ор­на­ту, ауы­сты­ру неме­се бас­қа жер­ге ор­на­ту
3.29
ор­та­лық де­по­зи­та­рий­дің ба­ға­лы қа­ға­з­дар­ды ұста­у­шы­лар­дың ті­зі­лім­де­рі жүй­е­сін жүр­гі­зу қыз­ме­ті
3.30
банк шо­ты­на қыз­мет көр­се­ту, банк шо­тын ашу­сыз жү­зе­ге асы­ры­л­ған ақ­ша ауда­ры­мы мен тө­лем­де­рі жө­нін­де­гі қыз­мет
3.31
құ­жат­тар­ды ғы­лы­ми-тех­ни­ка­лық өң­деу және олар­ды ар­хив­ке тап­сы­ру жө­нін­де­гі қыз­мет
3.32
та­ра­ту­ды тір­ке­ге­ні үшін алым тө­леу
3.33
кол­лек­тор­лық қыз­мет
4
Та­у­ар-ма­те­ри­ал­дық құн­ды­лық­тар­ды са­тып алу шы­ғы­ста­ры
4.1
офис жабды­ғын жұ­мысқа қа­бі­лет­ті жағ­дай­да ұстау
4.2
кө­лік құ­рал­да­рын ұстау
4.3
үй-жай­лар­ды ұстау
4.4
қа­ғаз және бланк өнім­де­рін са­тып алу
4.5
кең­се та­у­ар­ла­рын са­тып алу
4.6
жа­нар-жа­ғар май ма­те­ри­ал­да­рын са­тып алу
5
Іс­са­пар­лық шы­ғы­стар
6
Көз­дел­ме­ген шы­ғы­стар
7
Өзге де шы­ғы­стар
Жиын­тығы
Тарату комиссиясының төрағасы _________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
Бас бухгалтер _________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
Орындаушы _____________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, телефоны)
Қаулыға
2-қосымша
Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату ережесіне және тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарға
3-қосымша
Нысан
Бекітемін
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары
_________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
_____ жылғы «__» ___________
р/с

Ке­зек­ті­лік­тің (са­нат­тың) нө­мі­рі және ата­уы)
Кре­ди­тор­лар ко­ми­те­ті­нің құ­ра­мы­на ен­гі­зі­л­ген та­ра­ты­ла­тын сақ­тан­ды­ру (қай­та сақ­тан­ды­ру) ұй­ы­мы кре­ди­то­ры­ның ата­уы
Кре­ди­тор­лық бе­ре­шек со­ма­сы
1
2
3
4
Тарату комиссиясының төрағасы __________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы
Бас бухгалтер ___________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
Орындаушы _____________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, телефоны)

Қолданыстағы