Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 марта 2006 года № 80 "Об утверждении Правил добровольной ликвидации накопительных пенсионных фондов"

Қаулы · № 188 · қабылданған 28.11.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2006-no-80/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 марта 2006 года № 80 "Об утверждении Правил добровольной ликвидации накопительных пенсионных фондов" Күшін жойған Қаулы ·№ 188 ·28.11.2008
26.03.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 марта 2006 года № 80 "Об утверждении Правил добровольной ликвидации накопительных пенсионных фондов"

Күшін жойған Қаулы ·№ 188 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 марта 2006 года № 80 "Об утверждении Правил добровольной ликвидации накопительных пенсионных фондов"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті тарату ережесін бекiту туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы № 80 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
188
Қабылданған күні
28.11.2008
Көрсетілген редакция
26.03.2012 AI43091_2.kaz
Соңғы өзгеріс
26.03.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V080005442_
ЭКБ идентификаторы
43091
Редакция идентификаторы
AI43091_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:30

0 Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті тарату ережесін бекiту туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы N 80 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Ерікті түрде таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Агенттік Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті тарату ережесін бекiту туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы N 80

қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4224 тіркелген), Агенттік Басқармасының " Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толық тырулар енгізу туралы" 2007
жылғы 28 мамырдағы N 155 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4803 тіркелген, 2007 жылдың шілде-тамызда Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) енгізілген өзгерістер мен толық тырулармен бірге мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті тарату ережесінде:
кіріспеде "тарату комиссиясының ерiктi таратылатын қордың зейнетақымен қамсыздандыру шартымен зейнетақы активтерi мен мiндеттемелерiн басқа жинақтаушы қорына беру тәртiбiн," деген сөздер алынып тасталсын;
18-тармақтың 1) тармақшасында "жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау туралы өтiнiштердiң тәртiбiн, мерзiмiн, кредиторлардың талап-шағымдарын және қор кредиторлары өз талаптарын көрсетуге құқылы мекен-жайларын мiндеттi түрде көрсететiндей етiп," деген сөздер "кредиторлардың шағым-талаптарын беру тәртібін, мерзімдерін және қор кредиторларының өз талаптарын қоюға құқылы мекен-жайларын міндетті түрде көрсете отырып," деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тарау алынып тасталсын.

2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

3 3. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті (З.С. Ж ұ мабаева):

1 1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2 2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне мәлімет үшін жеткізсін.

4 4. Агенттік Төрайымының қызметі (А. Ә . Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

Қолданыстағы