Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 августа 2006 года № 817

Қаулы · № 2187 · қабылданған 25.12.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2006-no-817-ekb-49513/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 августа 2006 года № 817 Күшін жойған Қаулы ·№ 2187 ·25.12.2009
25.08.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.08.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 августа 2006 года № 817

Күшін жойған Қаулы ·№ 2187 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 августа 2006 года № 817
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 817 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
2187
Қабылданған күні
25.12.2009
Көрсетілген редакция
25.08.2011 AI49513_2.kaz
Соңғы өзгеріс
25.08.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P090002187_
ЭКБ идентификаторы
49513
Редакция идентификаторы
AI49513_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:32

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 817 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдерге мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 817 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 33, 354-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдерге мониторинг жүргізу ережесінде:
5-тармақта:
«заң қызметтері» деген сөздерден кейін «, олар болмаған жағдайда - уәкілетті органның басшысы айқындайтын құрылымдық бөлімшелер (бұдан әрі - тиісті құрылымдық бөлімшелер)» деген сөздермен толықтырылсын;
«(бұдан әрі - заң қызметтері)» деген сөздер алып тасталсын;
8, 9, 10, 12, 13-тармақтардағы «заң қызметтеріне», «Заң қызметтері», «заң қызметтері», «заң қызметі» деген сөздер тиісінше «тиісті құрылымдық бөлімшелеріне», «Тиісті құрылымдық бөлімшелер», «тиісті құрылымдық бөлімшелер», «тиісті құрылымдық бөлімше» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
«10-1. Заңға тәуелді кесімдерге мониторинг жүргізудің толықтығын қамтамасыз ету үшін уәкілетті органдар тоқсан сайын әділет органдарына өткен тоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының министрлері мен орталық мемлекеттік органдардың өзге басшылары бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдар, Орталық сайлау комиссиясы қаулыларының, мәслихаттар шешімдерінің, сондай-ақ әкімдіктер қаулылары мен әкімдер шешімдерінің тізбесін (ішкі ведомстволық мәселелер бойынша ұйымдастырушылық-кадр және қаржылық-материалдық сипаттағы актілерді қоспағанда) ұсынады.»
12-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
20-тармақтағы «қосымша» деген сөз алып тасталсын.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы