Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 августа 2006 года № 819 "Об утверждении Правил предоставления государственной базовой пенсионной выплаты за счет бюджетных средств, а также назначения и осуществления пенсионных выплат, государственных базовых социальных пособий по инвалидности, по случаю потери кормильца и по возрасту, государственных специальных пособий из уполномоченной организации"

Қаулы · № 679 · қабылданған 19.06.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 25.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2006-no-819/on/2026-08-25/
Басып шығарылды 2026-08-25 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 августа 2006 года № 819 "Об утверждении Правил предоставления государственной базовой пенсионной выплаты за счет бюджетных средств, а также назначения и осуществления пенсионных выплат, государственных базовых социальных пособий по инвалидности, по случаю потери кормильца и по возрасту, государственных специальных пособий из уполномоченной организации" Күшін жойған Қаулы ·№ 679 ·19.06.2014
02.07.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
25.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.07.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 августа 2006 года № 819 "Об утверждении Правил предоставления государственной базовой пенсионной выплаты за счет бюджетных средств, а также назначения и осуществления пенсионных выплат, государственных базовых социальных пособий по инвалидности, по случаю потери кормильца и по возрасту, государственных специальных пособий из уполномоченной организации"

Күшін жойған Қаулы ·№ 679 · 25.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 августа 2006 года № 819 "Об утверждении Правил предоставления государственной базовой пенсионной выплаты за счет бюджетных средств, а также назначения и осуществления пенсионных выплат, государственных базовых социальных пособий по инвалидности, по случаю потери кормильца и по возрасту, государственных специальных пособий из уполномоченной организации"
Атауы (қаз.)
"Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 819 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
679
Қабылданған күні
19.06.2014
Көрсетілген редакция
02.07.2015 AI80803_2.kaz
Соңғы өзгеріс
02.07.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1400000679
ЭКБ идентификаторы
80803
Редакция идентификаторы
AI80803_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:22

0

"Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 819 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. "Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 819 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 33, 355-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидаларында:
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мүгедектігі бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау үшін осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттармен қатар, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті аумақтық органдарының медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері белгіленген нысандағы мүгедектігі туралы анықтамадан үзінді көшірме береді.";
39-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімі өткеннен кейін зейнетақы немесе жәрдемақы төлеу тоқтатылады, ал жаңа құжат ұсынылған кезде тоқтатылған зейнетақы мен жәрдемақы төлемдері Орталық бөлімшесі тоқтатқан күннен бастап, бірақ шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын жаңа құжатпен өтініш жасар алдындағы үш жылдан асырмай қалпына келтіріледі.";
58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"58. Зейнетақы немесе жәрдемақы алушы адам қайтыс болған жағдайда, егер жерлеуге берілетін біржолғы төлемге өтініш зейнетақы немесе жәрдемақы алушы қайтыс болған айдан кейін үш жылдан кешіктірілмей берілген болса, оны жерлеуді жүзеге асырған адамға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мөлшерде жерлеуге берілетін біржолғы төлем төленеді.".

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы