О внесении изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 марта 2006 года № 83 "Об утверждении Правил расчета коэффициентов, характеризующих убыточность страховой (перестраховочной) организации"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 марта 2006 года № 83 "Об утверждении Правил расчета коэффициентов, характеризующих убыточность страховой (перестраховочной) организации"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерін есептеу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы № 83 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 106
- Қабылданған күні
- 15.07.2010
- Көрсетілген редакция
- 19.12.2015 AI54116_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V100006381_
- ЭКБ идентификаторы
- 54116
- Редакция идентификаторы
- AI54116_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:47
0 Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерін есептеу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы № 83 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Агенттік Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерін есептеу ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 наурыздағы № 83 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4218 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерін есептеу ережесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ережелерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақысы - сақтандыру полисінің қолдану мерзімінің уақыты өткен бөлігіне қатысты сақтандыру сыйлықақысының бөлігі;
2) полистік жыл - сақтандыру полисінің қолданылу мерзімі басталған күн мен қолданылу мерзімі аяқталған күн арасындағы кезең;
3) реттеуге арналған шығыстар - сақтандыру төлемдерін жүзеге асырумен байланысты бағалаушылар қызметі мен заң қызметін сатып алу бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қосымша шығыстарының сомасы;
4) таза еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақысы - сақтандыру полисінің қолдану мерзімінің уақыты өткен бөлігіне қатысты қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген сақтандыру сыйлықақысының бөлігі;
5) төлемдердің таза сомасы - қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген сақтандыру төлемдерінің сомасы;
6) шеккен шығындар - сақтандыру төлемдері, реттеуге арналған шығыстар, сондай-ақ есептеу кезеңіндегі шығындар резервтеріндегі өзгерістер;
7) шығындар резервтеріндегі өзгерістердің таза сомасы - қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген шығындар резервтеріндегі өзгерістер;
8) шығыстар - комиссиялық сыйақыны төлеу, бюджетке салықтарды және басқа міндетті төлемдерді төлеу, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ-на жарналарды төлеу бойынша шығыстар, реттеуге жұмсалатын шығыстарды қоспағанда әкімшілік және басқа шығыстар.»;
9-тармақта:
бірінші абзацтағы «қол қойылған сыйлықақылар мөлшеріне» деген сөздер «таза еңбекпен өтелген сақтандыру сыйлықақылары сомасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «Қол қойылған» деген сөздер «Таза еңбекпен өтелген сақтандыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден еткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):
1 1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
4 4. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан
Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау
шараларын қолға алсын.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
0 Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі Басқармасының
2010 жылғы 15 шілдедегі
№ 106 қаулысына
қосымша
«Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының шығындылықты
сипаттайтын коэффициенттерін
есептеу ережесіне қосымша
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қиыстырылған коэффициентін есептеу туралы есеп
___________________________________________
(сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)
20__жылғы «1»____жағдай бойынша
№
Сақтандыру сыныптарының атауы
Еңбекпен өтелген сақтандыру сыйлықақылары
Төлемдер
Шығындар резервтеріндегі өзгерістер
Реттеуге арналған шығыстар
Ш ы ғ ы с т а р
Қайта сақтандырушының үлесі ескерілген шығындардың көрсеткіші, % ((5)+(7)+(9))/(3)
Қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген шығындардың көрсеткіші, % ((6)+(8)+ (9))/(4)
Шығы нд ар ды ң кө рсе ткі ші, % (10) /(4)
Қайта сақтандырушының үлесі ескерілген құрама коэффициент, % (11)+(13)
Қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген құрама коэффициент, % (12)+(13)
Б а р л ы ғ ы
Еңбекпен өтелген сыйлықақылардың таза сомасы
Б а р л ы ғ ы
Төлем дердің таза сомасы
Б а р л ы ғ ы
Шығындар резервтеріндегі өзгерістердің таза сомасы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
1
Міндетті сақтандыру
х
х
х
х
1.1
көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі
х
х
х
х
1.2
тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігі
х
х
х
х
1.3
өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру
х
х
х
х
1.4
жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру
х
х
х
х
1.5
экологиялық сақтандыру
х
х
х
х
1.6
аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі
х
х
х
х
1.7
туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі
х
х
х
х
1.8
қызметі үшінші тұлғаға зиян келтіру қаупімен байланысты болатын объект иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі
х
х
х
х
1.9
қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі
х
х
х
х
1.10
өзге де сақтандыру түрлері (сыныптары)
х
х
х
х
2
Ерікті жеке сақтандыру
х
х
х
х
2.1
өмірді сақтандыру
х
х
х
х
2.2
аннуитеттік сақтандыру
х
х
х
х
2.3
өмірдегі белгілі бір жағдайдың болуын сақтандыру
х
х
х
х
2.4
сақтанушының сақтандырушыны инвестициялық кіріспе қатысуымен өмірді сақтандыру
х
х
х
х
2.5
жазатайым жағдайлардан сақтандыру
х
х
х
х
2.6
аурулардан сақтандыру
х
х
х
х
2.7
өзге де сақтандыру түрлері (сыныптары)
х
х
х
х
3
Ерікті мүліктік сақтандыру
х
х
х
х
3.1
автомобиль көлігін сақтандыру
х
х
х
х
3.2
теміржол көлігін сақтандыру
х
х
х
х
3.3
әуе көлігін сақтандыру
х
х
х
х
3.4
су көлігін сақтандыру
х
х
х
х
3.5
жүктерді сақтандыру
х
х
х
х
3.6
осы есептің 3.1-3.5-тармақтар қоспағанда, мүлікті сақтандыру
х
х
х
х
3.7
автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру
х
х
х
х
3.8
әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру
х
х
х
х
3.9
су көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру
х
х
х
х
3.10
осы есептің 3.7-3.9-тармақтарда көрсетілген сыныптарды қоспағандағы, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру
х
х
х
х
3.11
заемдарды сақтандыру
х
х
х
х
3.12
ипотекалық сақтандыру
х
х
х
х
3.13
кепілдіктер мен кепілдемелерді сақтандыру
х
х
х
х
3.14
өзге қаржылық шығындардан сақтандыру
х
х
х
х
3.15
сот шығыстарын сақтандыру
х
х
х
х
3.16
өзге де сақтандыру түрлері (сыныптары)
х
х
х
х
4
Сақтандыру портфелінің барлығы бойынша
Бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға ____ күні ___
Актуарий ___________ күні ________
Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға ____ күні ___
Орындаушы _______ күні _________
Телефон: __________
Мөр орны»