О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра культуры и информации Республики Казахстан от 25 мая 2007 года № 153 "Об утверждении Правил доступа к фондам библиотек через заочные или внестационарные формы обслуживания для инвалидов или лиц преклонного возраста"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра культуры и информации Республики Казахстан от 25 мая 2007 года № 153 "Об утверждении Правил доступа к фондам библиотек через заочные или внестационарные формы обслуживания для инвалидов или лиц преклонного возраста"
- Атауы (қаз.)
- "Мүгедектерге немесе егде жастағы адамдарға сырттай немесе стационардан тыс қызмет көрсету нысандары арқылы кітапхана қорларына қол жеткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушысының 2007 жылғы 25 мамырдағы № 153 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 265
- Қабылданған күні
- 15.11.2013
- Көрсетілген редакция
- 15.11.2013 AI76356_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.11.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1300008963
- ЭКБ идентификаторы
- 76356
- Редакция идентификаторы
- AI76356_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:52
0
"Мүгедектерге немесе егде жастағы адамдарға сырттай немесе стационардан тыс қызмет көрсету нысандары арқылы кітапхана қорларына қол жеткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушысының 2007 жылғы 25 мамырдағы № 153 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Мүгедектерге немесе егде жастағы адамдарға сырттай немесе стационардан тыс қызмет көрсету нысандары арқылы кітапхана қорларына қол жеткізу ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің мiндетiн атқарушыcының № 153 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4749 болып тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2007 жылы, маусымда жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мүгедектерге немесе егде жастағы адамдарға сырттай немесе стационардан тыс қызмет көрсету нысандары арқылы кітапхана қорларына қол жеткізу қағидасын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 6-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Мүгедектерге немесе егде жастағы адамдарға сырттай немесе стационардан тыс қызмет көрсету нысандары арқылы кітапхана қорларына қол жеткізу қағидасы бекітілсін.»;
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Мүгедектерге немесе егде жастағы адамдарға сырттай немесе стационардан тыс қызмет көрсету нысандары арқылы кітапхана қорларына қол жеткізу ережесiнде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мүгедектерге немесе егде жастағы адамдарға сырттай немесе стационардан тыс қызмет көрсету нысандары арқылы кітапхана қорларына қол жеткізу қағидасы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Мүгедектерге немесе егде жастағы адамдарға сырттай немесе стационардан тыс қызмет көрсету нысандары арқылы кітапхана қорларына қол жеткізу қағидалары «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 24-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген және сырттай немесе стационардан тыс қызмет көрсету нысандары арқылы кітапханалар қорларына қолжетімділік тәртібін анықтайды. Сырттай немесе стационардан тыс қызмет көрсету нысандары халыққа қызмет көрсету бойынша кітапханалар қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады.».